жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағат: Қош, Бастауыш сынып!
1
«Қош бол, бастауыш мектеп» кеші
.
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).
Мұғалім:
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі !
Олай болса, 4 «А» сыныбының Қош бол, бастауыш атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Білім бізді қызғалдақтай
гүлдетті,
Бастауышты тәмамдайтын күн жетті.
Қошеметпен қарсы аламыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерді құрметті,
Бастауыш сыныпты бітіруші 4 а сынып
түлектерін
Қол соғып, қошеметтеп, ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді
Мұғалім:
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы
мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің
ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол,
бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ендеше, қызықты да
ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан
,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына
өз өнерлерін көрсетуге
дайын.
Сөз берейік жүргізушілерге:
Алға шығады жүргізушілер
1-жүргізуші Айкөркем
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.
Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші
Нұршайх
Бала шаққа болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
2
3- жүргізуші:Шынар
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.
Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.
1-оқушы: Меруерт
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
2-оқушы: Рамазан
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
3-оқушы: Айдана
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
4-оқушы:Рахман
Мектеп деген- білім кені, жыр кені,
Мектеп деген- ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген -тәрбиеші адамға,
Мектеп деген -даналардың мекені.
5-оқушы:Мәншүк
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
6-оқушы: Нұрымжан
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.
1-жүргізуші Айкөркем
Бүл ән - Қасиетті білім ордасы мектебімізге арналады.
«Мектебім» әні орындайтын
Балауса
3-жүргізуші:Шынар
Ромашка биі қыздар тобы:
Меруерт, Ақерке,Лаура,Мәдина,Мәншүк ,Айдана
2-жүргізуші: Нұршайх
Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтамыз,
Ардақтап өтем алғашқы ұстазымызды,
Келесі ән сізге арналады.
1-жүргізуші Айкөркем
Хор: «Ұстазым,менің ұстазым»
3-жүргізуші: Шынар
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
8-оқушы: Әділбек
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді
Алдағы өмір шырағын 3
.
9-оқушы: Ақерке
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен ана әкедейсің.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
10-оқушы: Шапағат
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүрегіңді ұнаттық арамызда.
11-оқушы: Лаура
Беруші едіңіз бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
1-жүргізуші Айкөркем
Барша Үстаздарға арналады ,Біздерге білім берген Болат ағай,Айман апай,Гүлшат апай,Зухра апай,Қарлыгаш апай, Динара апайларға арналады Сіздерге рахмет.
Азаматтын орындауында «Ұстазым» әні
3-жүргізуші:Шынар
Қазақ вальс і би Орындайтын бір топ оқушылар :
Айкөркем ,Дамир,Балауса,Нүршайх, Аяулым, Әділ
12-оқушы: Азамат
Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
13-оқушы: Мадина
Тез үйрендік әділ мен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты
14-оқушы: Әділ
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
15-оқушы:Балауса
Есімде ерен ұстазым,
Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.
Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Айкөркем
Келесі әніміз қүрметті де, аяулы әкелеріміз бен аналарымызға арналады.
Орындайтын Шынар «Әке- ана »әні
2-жүргізуші.Нүршайх
Жастар биі. «Рок-Рок» Орындайтын бір топ ер балалар Нүрдәулет Рахман, Рамазан,Азамат ,Нариман
16-оқушы:
Дамир
Ұстазым – ұлағатым, сая
бағым.
Шәкіртті өз балаңдай аяладың.
Қолыма әліппенің кілтін берген,
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
17-оқушы:
Нүрдәулет
Есімде ұстаздың алғаш қарсы
алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
4
18-оқушы Рамазан Ж
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танитын азамат, бір-бір мықты.
19-оқушы:
Руслан
Алғашқы ұстазым анамызбен тең
келді,
Бар асылын бізге жиып, мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
3-жүргізуші:Шынар .
Алғашқы үстазымызға арналады: Орындайтын Айкөркем Ұстаз – ана әні
Биші қыздар мүғалімді ортаға алып, билейді.
2-жүргізуші : Нұршайх
Би Флешмоб орындайтын бір топ оқушылар
Нұрымжан, Рамазан Ж, Шапағат, Руслан,Әділбек,Ақылбек
20-оқушы:
Ақылбек
Біздер өстік,
есейдік,
Қанаттандық,
қатайдық.
Қоштасарда ән
салып,
Би билейік думан
ғып
21-оқушы:Аяулым
Есімде ерең ұстазым,
Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.
22-оқушы: Нариман
Мектеп маңы болыпты
жарасымға,
Ізігілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл,білім жетіліп санасында.
Мүғалім:
Балалар, Бізге Тағыда қонақ келіпті қарсы алайық,оның да айтары бар болар.
Сүрақтар қою.
1.Ана тіліміз туралы қандай өлең жолын білеміз Кім айтады
2 Қазақ тілінде неше септік бар ,кім айтады
3. 5- тің көбейту кестесін кім жатқа айтар екен. 4.Оқушылар 3 тілдің бірі ағылшын тілінде не білеміз айтайықшы
Мұғалім:
Шәкірттерім, мына альбомды мәңгілікке сақтаңыздар ,4 жыл бойы бірге өткізген әрбір шуақты да, қызықты күндеріңді және бал дәурен балалық шақтарыңды еске алып жүріңіздер.
Үш жүргізуші хормен айтады:
Хор:Шынар, Айкөркем,
Нүршайх
Біздер өстік, есейдік,
Қанаттандық,қатайдық
Ұмытпаймыз мәңгілік
Қош,қымбатты ұстазым!
Қош бастауыш мектебім,
Қоштасарда ән салайық бәріміз.
1-жүргізуші: Айкөркем
Хор:Бастауыш мектеппен қоштасу әні
Ең соңында сынып жетекшісі
оқушыларына арнап тілек
айтады.
Мұғалімнің
тілегі:
Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейіп отыр.
Шәкірттерім сіздерге тілер ақ тілегім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әр біріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Айта аламын мақтанышпен сүйікті шәкірттерім деп.
2.Ата-анаға, сөз
беру.
3. Кешті
қорыту
Бәрі:
Қош,қымбатты ұстазым!
Қош бастауыш мектебім.
1 –жүргізуші: Айкөркем
Бүгінгі Бастауышпен қоштасу кешіміз аяқталды.
Қош ,сау болыңыздар, барлықтарыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген