400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "Қош келдің, әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Жүргізушілерді ортаға шақырайық

1 ж: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

2ж:Армысыздар ағайын! Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық, Өлең жырға басайық Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе, Құт келгені халайық! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық
1 ж: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 ж: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 ж: Наурыз – шаруаның мерекесі.Наурыз – еңбек мерекесі.
2 ж: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.
1 ж: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!

Оқушылар тілегі:
Ұлдай:Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.


Мирас:Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке, Қызық думан құрамыз.

Серік:Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,Жүрегі елдің жылысын.

Аружан:Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін!

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.


1 ж: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз, Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп, Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2ж: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары ата –аналарымен бірігіп өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ
1 ж: Сайыс бағдарламасы


І. Таныстыру

ІІ. Өз өнері

ІІІ .Сұрақ - жауап

IV. Көрініс

V. Тағам түрі.

2 ж: Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді, Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

1 ж: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – дей келе І кезеңді бастауға ұрықсат етіңіз.


І кезең таныстыру.

  • Топттың аты болу керек.

  • Тек топты таныстыру керек.

  • Мағыналы –мәнді болу керек.

1 ж: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.


ІІ. ӨЗ ӨНЕРІ

  • Топтың мүшелері бірігіп бір өнер көрсетуге болады. (ән, би және т.б)

  • Жеке орындауға болады. (ән, би және т.б)



2 ж: Сайыскерлеріміз келесі сайысқа дайын болғанша оқушылардың тілетерін тыңдаймыз.


Абай Балсұлу:Жақсыма ма,ата халіңіз

Менің атым наурыз

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз.



Бақыт Медет:Қар астында қыс қалды,

Қар еріді қыс қалды,

Қар еріді су ақты

Алып келдім шуақты



Меңдіқұлова Меруерт:Бүгін наурыз күні деп

Бүкіл адам күлімдеп

Әркім қалап бір  істі

Әрекетке кірісті.





Орунбасарова Аянат:Наурыз көже - жыл дәмі

Той дәміне тойыңдар

Тойдан кейін ойын бар

Той-тамаша көріңдер

Билеп ән сап билеңдер



Аманова Гүлдана:Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді



Джумағалыева Арайлым:Ашылды  да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар

Көже -елдің ырзығы

2 ж: Келесі бөлім ІІІ кезең Сұрақ – жауап Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.

1ж: Би Абай Балсұлу

2 ж: IV. КӨРІНІС

  • Әр топ өздеріне берілген салт - дәстүрден бір көрініс көрсету керек.

  • Ұлттық нақыштағы киім түрлері сақталу керек.

1 ж: Ән Оразбай Серік

2ж: Келесі кезеңміз : Тағам түрі.

  • Ұлттық бір тағамды алып қалай пісірілгендігін немесе қалай дайындалғандығын? түсіндіріп кету керек топ басшысы.

1 ж: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.
2ж: Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Наурыз! Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау балыңыздар!

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
3791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі