400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "Қош келдің жаңа жыл" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарбие сағат тақырыбы: «Қош келдің жаңа жыл»

Класс: 6 г

Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар: 1 жүргізуші - Кусаева Әлима, 2 жүргізуші – Сарбасов Жәнібек, Аяз Ата – Айсаутов Айсултан, ақшақар – Танжерекова Азиза, биші қыздар – Қамбарова Ақерке, Қыстаубай Әлима, 5 г класс оқушылары.

1 – жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және кластастарым. Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге 5 г класс оқушылары топқа бөлініп қатысып отыр. 1 – топ «Шырша» тобы, 2 – топ «Аяз ата» тобы, 3 – топ «Ақшақар» тобы, 4 – топ «Ақ қар» тобы. Кешіміз соңында белсене қатысып отырған топқа сыйлығымыз бар.

2 – жүргізуші: Жаңа жыл кешіміз бастамас бұрын 4 топтан 1-1 оқушыдан ортаға шықсын, ол – өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан – жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. Таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер. (4 оқушыны шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

1 – жүргізуші: Енді жаңа жыл кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнасақ.

1) Ортаға әр топтан 1 жұптан яғни 1 ұл, 1 қыздан шақырамыз (ортаға 8 оқушы шығару керек) . Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін – бірі құшақтап шарды жарулары керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып саналады. (шарды қолмен жаруға болмайды)

2 – жүргізуші:

Қатысқан жұптарға мың алғыс, жеңімпаз жұпқа қол соғып құрмет көрсетейік, орындарыңызға отыра беріңіздер.

1 – жүргізуші: Рахмет достар орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің манағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (біреу шақырады).

Міне, міне мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?

Барлаушылар: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын.

2 – жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келді. Олай болса орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық. Бәріміз бірге «Аяз ата мен Ақшақарды» ортамызға шақырайық.

Аяз ата (ата-ана): Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар! Біз сендер шақырғанан жолға шығып келіп қалдық.

Ашақар (ата-ана): Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік – ау сендерге! Қандай әдемі, жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата (ата-ана): Біз сендерге жеткенше біраз шаршапта қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен. Біздің арнайы дайындаған үстелімізге жайғасыңыз (Аяз ата мен Ақша қар арнайы орынға жайғасады).

1 – жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата,

Қарсы алыңыздар қара жорға биі, орындаушылар: Қыстаубай Әлима және Қамбарова Ақерке.

2 – жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы

Жақсы дәстүр көбейсін – дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді қатысып отырған 4 топ бастайды. (Әр топтан 1 өнер көрсетеді).

Аяз ата (ата-ана): Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар (ата-ана): Жаңа жылда балалар, тек жақсылық зор денсаулық тілейміз ендеше сау болыңыздар.

2 – жүргізуші: Ендеше естуімше сендер бір – бірлеріңе жеребе тартқан екенсіңдер сол жұптарды шақырсақ дейміз өздерің де жұптарыңды білсеңдер шыға қойыңдар. Ендеше кешіміз аяқталатын уаыты келген сияқты сендерге жаңа жыл ұнадыма БАЛАЛАР!

1 – жүргізуші: Ендеше қорытынды сөзін класс жетекшіміз Казиева Жанар Орынбайқызына берсек дейміз.

Жүргізушілер: Ендеше сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі