400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат Сам орта мектеп 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт дәстүрімізді дәріптеуге ат салысайық !
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің – әз Наурыз! Уақыты: 15.03.19

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың

Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.

Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз

қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету .

Көрнекілік: Суреттер

Қыс өтіп, қар кетіп

Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның бұл кеңелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!

Балақайлар, Жаңа жылды атап өткенімізге ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Тағы да бір «Жаңа жыл келді», деп үлкендердің қарбаласқа түсіп жатқандығын байқаған боларсын. Бұл- Наурыз . Наурызда күн жылынады, табиғат жаңарады, ағаштар бүршік ата бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Осы кезден бастап мал төлдейді. Ұзақ суық қыстан кейін жаңа тіршілік басталады.

Наурыз туралы тақпақтар.

1. Наурыз туралы не білесіндер?

Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.

2. Наурыз жыры деген не? 

Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар.

Би: Сарбаздар

Рәсім көрсету: Көрісу

3. Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады? 

Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

4.«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің? 

Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

Тақпақтар: Наурыз туралы.

5.«Наурызкөк» дегеніміз не? 

Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

6.«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің? 

Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.

Би: Қыздар биі
Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіндер (білгенінше)

«Балаға ат қою» — салт дәстүрдің көрінісі. Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлерсәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталған. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде баланың атын молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына «Сенің атын Айсауле» деп , үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескереледі. Ата – аналар бала есімінің мағыналы, әрі көркем болғанын қалайды. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті

қызына «Ұлбосын» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар балаларына: «Қуаныш», Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді.

Ән: Біз өмірдің гүліміз.

  Тұсау кесу.

Жасы бірге толған, қазақша жасандырып киіндірген, үкі таққан бір немесе бірнеше баланы (ұл не қыз) қаумалаған елдің ортасына алып шығады. Жүргізуші тұсау кесу дәстүрінің мән-маңызын түсіндіріп, хабарлайды. Елге сыйлы ұл болса – ағаны, қыз болса – апаны ортаға шақырады. Баланың тұсауын кесіп беруге шақырады.

Тұсау кесуші баланың аяғына жіп байлап, ырымдап бәкімен (қайшымен), көк шөппен тұсауды кеседі. Тұсау кесу сөзін айтады. Ала жіпті байлағаным, адамның ала жібін аттама дегенім. Көк шөппен кескенім, басқаның жайлы болсын дегенім, өмірің ұзақ болсын дегенім деп ырымдайды.Қызыр ата бата береді.

Ән:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі