15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат Сам орта мектеп 1 сынып
Тақырыбы: Жеті саны туралы ұғым
Мақсаты:қасиетті жеті саны туралы,жеті санымен тіркес ұғымдар жайында түсінік қалыптастыру. Жеті атасын білуге,қазынасын құрметтеуге,ырым –тиымдарын,жаман қасиеттен жиренуге,адамға қойылатын талапты білу,құндылығын түсіну,оларды өз отаны –Қазақстанның дамуы үшін ынталы,жан –жақты жетілген ұрпақ қалыптастыру,тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер
Барысы: Ұйымдастыру
Кіріспе.
Математика –ғылымдардың ішіндегі ең ерте шыққаны,оның тарихы ғасырлар түпкірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзатта ерте кезден ақ «артық»,»кем»,»үлкен»,»кіші»,»тең» ұғымдары туған. Күн көріс,тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға,нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға,жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.Заттарды санаудан 1,2,3,4...натурал сандар ұғымы пайда болған.
Ерте замандардан бері жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған.Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі- қазақ халқы. Біздің ата –бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.
Бүгін бізде осы «Жеті саны туралы ұғым»деп атап ,сендермен таным –түсінігімізді ортаға салып бөлісеміз. Әрбір қазақ баласы жеті атасын білуге тиісті. Өйткені, қазақта жеті атаға дейін қыз алыспаған,оған дейін ұрпақ бір атаның баласы,туыс саналады.
(ата, әке,бала,немере, шөбере, шөпшек, немене)
Бір неше балаға өз жеті атасын айтқызу.
Би:Қыздар биі
Жеті қазына: ер жігіт,жүйрік ат, қыран бүркіт,құмай тазы,берен мылтық,
кездік, ақыл – білім.
Жеті күн:дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі, жексенбі.
Жеті жетекші: 1.Адамның басшысы –ақыл, 2.Жетекшісі –талап, 3.Жолаушысы –ой, 4.Жолдасы –кәсіп, 5,Қорғаны –сабыр, 6.Қорғаушысы –мінез, 7.Сынаушысы –халық.
Жеті жаман қасиет: 1.Күншілдік, 2.Кекшілдік, 3.Астамшылдық, 4.Сараңдық, 5.Қараулық, 6.Бәлеқорлық, 7.Ынсапсыздық.
Ән:Бал балалық
Жеті жарғы:Ол Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет –
ғұрып заңдарының жинағы.
Қазақтың ер жігітке қоятын жеті талабы: 1.Кескін –келбет, 2.Қадір –қасиет, 3.Қабілет –икем, 4.Жігер –күш, 5.Білім, 6.Адал, 7.Әділетті.
Жеті шелпек:
Қазақтарда мынандай ырым бар, кімде –кім өзі жайсыздық сезінетін болса,киелі жұма күні немесе барлық күндері де жеті шелпек пісірген,жеті үйге таратқан.
Жеті жетім:
1.Тыңдалмаған сөз жетім, 2.Киюсіз тозған бөз жетім, 3.Иесіз қалған жер жетім, 4.Басшысы жоқ ел жетім, 5.Аққу,қазсыз көл жетім, 6.Жерінен айрылған ер жетім, 7.Замандасы қалмаса қарт жетім. Жеті қымбат: 1.Алтын ұяң –Отан қымбат, 2.Құт береке –атаң қымбат, 3.Аймалайтын – анаң қымбат, 4.Мейірімді апаң қымбат, 5.Асқар тауың –әкең қымбат, 6.Туып өскен елің қымбат, 7.Кіндік кескен жерің қымбат.
Би:Ұлдар биі:Сарбаздар Наурыз көже: 1сүт,2су, 3сәбіз, 4құрт, 5тары, 6ет, 7тұз.
Ия,Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде жеті санының орны бөлек екендігін айтты.Қазақстан -2050 стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз жеті қазынаға ие болды. 1.Мәңгілік еліміз 2.Ел бірлігі 3.Мәдениетіміз бен туған тіліміз 4.Индустриялық –инновациялық экономика 5.Ұлттық байлығымыз –Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 6.Еліміздің жүрегі тәуелсіздігіміздің бойтұмары әсем қаламыз –Астана. 7.Бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттың бастамалары.
Жұрттың жеті белгісі: 1.Елтаңба, 2.Ел ұраны, 3.Әнұраны, 4.Ел теңге,
5.Төлқұжаты, 6.Ұлт жазуы, 7.Туы.
Жеті мүше: бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш.
Қазақтың жеті кереметі: 1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, 2.Тайқазан, 3.Айша бибі мазары, 4.Тамғалы жартас суреттері, 5.Алтын адам, 6.Домбыра, 7.Күлтегін ескерткіші.
Кемпірқосақтың жеті түсі: Жарық мынадай жеті түстен тұрады. (қызыл, қызғылт –сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
Жеті нота: до, ре, ми, фо, соль, ля, си.
Жеті жұт: 1.Құрғақшылық, 2.Жұт(мал қырылу), 3.Өрт, 4.Оба (ауру), 5.Соғыс, 6.Топан су, 7.Зілзала(жер сілкіну)
Жеті жоқ: 1.Жерде өлшеуіш жоқ, 2.Аспанда тіреуіш жоқ, 3.Таста тамыр жоқ, 4.Тасбақада талақ жоқ, 5.Құста сүт жоқ, 6.Аллада бауыр жоқ, 7.Жылқыда өт жоқ.
Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы, оның ішек саны жетеу.
Сол сияқты, біздің қазақ та астарлап, мақалдап сөйлеген орақ тілді шешен, көпті көрген үлкен кісілер болған. Ол сөздердің астарында үлкен мән – мағына болған. Бұндай мақалдардың тәрбиелік мәні өте зор болған.Бұлар осы кісілердің көріп – түйгенінен туындаған сөздер еді. Міне,осындай ұлағатты сөздерді біздің бүлдіршіндер де бойына сіңіріп келеді.
1.Жеті атасын білмеген,жетімдіктің белгісі. 2.Айла алтау, ақыл жетеу. 3.Жігітке жеті өнер де аз. 4.Жеті өлшеп, бір кес. 5.Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді, Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дейді.
Ән: Қошақан Қорытынды.
Қазақ халқында жеті саны ерте заманнан –ақ киелі сан болып есептелген. Ол дегеніміз – жеті қазына, ұлттық тағамымыздағы жеті түрлі қоспалар, аптаның жеті күні т. С. С. Ұғымдардан білеміз.
Осы сабақта зерттей келе түйгеніміз: қасиетті жеті санының құдіреттілігі адам баласының әдепті, тәрбиелі болуына бірден –бір себепші екендігі даусыз.
Тыңдағандарыңызға рақмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген