15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат Сам орта мектеп 2 сынып
Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік уақыты: 12.12.2016.
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Отанын сүюге, адамгершілікке, әдептілікке,
ел мен жердің қадір – қасиетін ұғындыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ел тарихына шолу видиоролик, суреттер, рәміздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Мұғалімнің құттықтау сөзі
1- жүргізуші.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған «Болашақты нұрландырған – Тәуелсіздік» атты сынып сағатымызды ұсынамыз.
2-жүргізуші.
Елім менің аңсаған, Тас бұғаудан босаған...дегендей, Республикамыз бүгінде тәуелсіз мемлекет. Республикамыздың мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Қазақстан Әнұранымен – айбатты. Ән: Әнұран
1-жүргізуші.
Қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды бейнелейтін видиороликті көріңіз. 2-жүргізуші.
Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Осы құндылығымызды достарымыз айтады.
Асхат: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш.
Альбина: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата – бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан.
Айдана: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
1-жүргізуші.
Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету- бүгінгі ұрпақтың қолында.
Ән: Көк тудың желбірегені
Лиза: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба жарқыра,
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иеміз ата – баба рухына.
Мадина: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақдәулетім,
Болашағым өнер- білім өркенім.
2-жүргізуші.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім де дау айта алмас. Десек те, 1986 – жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі емес еді.
1 – жүргізуші
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986- жылдың 16 – желтоқсаны еді. Елді үздіксіз басқарып келген Д. А. Қонаевты түсіріп, орнына Г. Колбинді ешкімнің пікірінсіз әкеліп отырғызды.
Айдана: Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар,
Ел есінде мәңгілік сақталады.
Бекарыс: Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап жан кешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.
Әділет: 16 – Желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің.
Мадина: Өзіңде бар Елбасы,
Туыңда бар әрине
Елтаңбаң бар ертегі
Әнұраның тәрбие.
2- жүргізуші.
Алаңға өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз- жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ләззат, Қайрат, Сабира сынды жастардың өмірін қиды.
Қажы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Бұны ешкім аяп ешкім бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас- талқан боп өлгені.
Нұрдаулет: Нашақор деп, Ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір түнде,
Қайғыға халық батқан күн.
З.Нұрболат: Озбырлық күштен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн,
Жанына таппай бір шындық,
Ер – Қайрат қыршын кеткен күн.
Көрініс: Назгүл: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым,
Желтоқсанда егеменді ел болсын деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, қасиетті халқымнан.
Ринат: Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар.
1- жүргізуші.
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986- жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқына бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.
Ән: Желтоқсан желі.
Иманғали: Желтоқсанның желі, аязы ызғарлы,
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күні алаңға,
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Нұржігіт: Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын.
Құдай берген ғұмырыма өлшеулі.
Асылбек: Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенер!
Сені аңсап
Боздақтарым мерт болды.
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім.
2-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді ұлттық қасиетімізбен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен және бір рет құттықтаймыз.
А.Нұрболат: Тәуелсіз еліме 25 жыл!
Ұлан байтақ неткен жер.
Жеттік міне арманға,
Қазақстан – Ерікті ел!
Аян: Тәуелсіздік биік болсын тұғырың,
Тарылмасын терең алған тынысың.
Бұдан алған күндеріміз құрысын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.
Арай: Еркіндігім, қасиеттім, қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мен мұң.
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің.
Уа, Ереіндік,
1-жүргізуші.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын. Бұгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Болашақты нұрландырған – Тәуелсіздік атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рақмет.
Ән: Атамекен

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген