400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат Сам орта мектеп 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың салт дәстүрінің тәрбиелік мәні зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аябаева Сәнбибі

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Сам орта мектебі

Қаймағы бұзылмаған салт – дәстүр

« Қош келдің – Наурыз! »


Мақсаты: Қазақтың жаңа жылы туралы түсінік. Салт дәстүрді бойына сіңіру,ой өрісін,сана

сезімін кеңейту. Елін, жерін сүйетін, салт дәстүрін қастерлейтін инабатты ұрпақ

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, шарлар, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Мұғалім: Сәлеметсіздерме қонақтар,оқушылар, ата – аналар.

Сіздерге бүгін ұлыстың ұлы күні құтты болсын демекпін. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша жаңа жыл көктемімен бірге келеді. Өйткені жер дүние жайнап, жаңарады. Мал төлдейді бүкіл жанды тіршілік оянады. Ендеше, бүкіл тіршілік атаулыны жасартқан Наурызға шын ниетпен қош келіпсіз дейік.

(Балалар қосылып қош келіпсіз дейді)

Төрлет, төрлет. Келді ғой кіріп міне,

Жылқы жылы - ырыс жылы,үміт жылы.

Мереке әкел, құт сыйла, береке бер,

Сейілсінші халқымның күдік – мұңы.

Мұғалім: Есіктен жылқы жылын бейнелеген баланы ертіп әкеліп төрге отырғызу.

Мұғалім: Ал, балалар Наурызға арналған тойымызды бастайық.

Оқушы: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

жылда қарсы алайық.

Оқушы: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық.

Ішке ақ кимешегі бар ақ әже келеді де шашуын шашады.

Ақ әже: Ұлыстың ұлы күні оң болсын. Ақ мол болсын, жастарыңызға жас қосылсын!

Балаларға қарап, сендерді көргенде менің де жас күнім есіме түседі. Ол кездерде наурызды бүкіл ел болып тойлайтынбыз. Ұзақ таңға би билеп, ән айтатын едік – ау, шіркін.

Мұғалім : Әже, Мұмкін, немерелеріңізге сол әндеріңізден шырқап берерсіз.

Ақ әже : Несі бар, тойда айтпағанда қашан айтамын. ( ән айтады )

Мұғалім : – Рахмет, рахмет әже, келіп немерелеріңізді қуантқаныңызға рахмет.

Енді балалардың да өнерін бірге тамашалайық.

Ән: Наурыз

Оқушы : Шығып ем қырға

Жібіпті жылға

Қар еріп, ойпаң

Толыпты суға

Оқушы : Біз әжемнің гүлі

Әжем үйдің тірегі

Қайда жүрсем қасымда

Қамқор болып жүреді


Оқушы : Ғажайып неткен,

Келіпті көктем

Нұрланды бар маң

Күн күліп көктем

Ән : Кең дала.

Сырттан домбырасы бар әндетіп Алдар кіреді. Үстінде жыртқыш шапан.

Мен көсемін, көсемін

Сусыз жерде өсемін

Сақал түгіл мұртта жоқ

Мендей көсе жұртта жоқ.

А – а о – о у – у

Мәссаған, дәл тойдың үстінен түсіппін ғой.

Армысыңдар бәрің, де

Жасың – дағы кәрің де ?!

Ұлыс оң боп, ақ мол боп,

Бақ дарысын әр үйге!

Мұғалім: Алдар аға, армысыз, төртіңіз.

( Төрге отырғызу )

Мұғалім: – Енді біздің қыздарымыздың орындауында би тамашалаймыз.

Би : Қыз Жібек.

Ішкі Шығайбай кіріп амандасады.

Мен Шығайбай дейтін бай болам жоқ іздеп жүр едім, бір жүйрік атым бар еді, кеше кешке Алдар көсе келіп кеткен, соның ақ бозының қасына байлап едім, Алдардың аты бар да , менің жиренім жоқ. Көргендерің бар ма, халайық!

Алдарды көріп қалады да

Ой, мына көгермегір қу да мында екен ғой, тезірек кетпесем болмас.

Алдар: – Шығеке тоқтаңыз, асықпаңыз, жоғыңыз да табылар.

Бай: – Қой, қарным да ашып барады. ( қарнын сипап ), кетейін тоңыпта барам ( дірілдеп )

Өй, мына жыртық шапаннан қалай тоңбай тұрсың? Мен мына қалың шапанмен – ақ

қатып барамын.

Алдар: – Ей байеке – ай, мұндай қасиетті шапан елде жоқ. Мұның қасиеті сол – суық бір

жағынан кіріп, бір жағынан шығып кетеді. Мен тіпті де тоңбаймын.

Бай: – Шын ба, шынымен бе?

Алдар: – Енді көріп тұрған жоқсыңба?

Бай: – Олай болса, маған шапаныңды сат. Мен саған ақысына бір үйір жылқы берейін.

Алдар: – Жо – жоқ айта көрме сатпаймын.

Бай: – Ат басындай алтын берейін.

Алдар: – Жоқ – жоқ, айттымғой қымбат әрі қасиетті шапан деп, сатпаймын.

Бай: – Енді не сұрайсың?

Алдар: – Менің саған қояр үш шартым бар, содан сүрінбей өтсең, мен шапанымды сенің

жылуы жоқ шапаныңа ауыстырайын.

Бай: – Ол не шарт?

Алдар: – Екеуміз жарысамыз. 1 – ші арқан тартысамыз, 2 – ші білек күрес,

3 – ші мақал – мәтелдер айтыс.

Бай: – Келіспегенде қайтем, келістім.

Екеуі жарысады, балаларды да араластырады. Бәрінде бай өтірік жеңіледі.



Алдар: – Жақсы, ықыласың қатты ауды ғой, осы шапанды саған – ақ сыйлайын. ( екеуі

шапан ауыстырады )

Бай: – Ей, мынауыңнан тоңып барамынғой.

Алдар: – Тоңбайсың, сенбесең далаға шық.

Бай: – Қой кетсем кетейін, бұл айнып қалып қайтып алар. ( кетеді )

Алдар: – Ал, балалар, Шығайбайды тағыда алдадым. Еріншек бай қайдан білсін, еңбек

етпесе жылынбайтынын. Әй қатырдым – ау, ә. ( күледі )


Мұғалім: Ал тағы өнерге кезек берейік.

Ән: Дастархан.

Оқушы: Жас қосатын жасыңа

Жыл басы бұл – Наурыз.

Әр кіргізген асыңа

Бал татыған сары уыз.

Оқушы: Бәйшешек кеудем

Тербелген желмен

Анама арнап

Бір шоғын тергем.

Оқушы: Өрекпен өрден

Жүгірдім төмен

Сүйінші ата

Наурыз ғой, келген.

Би: Арап биі

Ән: Той бастар

Ән: Біз адаймыз


Наурыз – көктем тойымыз!

Той дәмі мол тойыңыз

Күн ұзарар жылынып

Өсер біздің бойымыз.

Мұғалім: Ал қонақтар, 4 «Б» сыныбының Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз

аяқталды.

Ортаға ақ әже шығады.

Ұлыс оң болсын ақ мол болсын

Жылқы жылы құт болсын

Өрісіміз малға

Дастарханымыз нанға толсын.

Әумин.

Бата:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі