жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағат: "Сүйіспеншілік сый талап етпейді"
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Күн мен түн»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін дамыту.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 8 -10 бала
Құрал-жабдықтар: күн мен түн атрибуты
Ойынның барысы:
Бұл ойын алаңда ойналады. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарама-қарсы екі жағынан әрбір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне «күн», екіншісіне «түн» деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен: ойын жүргізуші «күн» деп дауыстаса, «түн» тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Жапалақ»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Баланы біраз уақытқа дейін қозғалмай тұруға және мұқият тыңдай білуді үйретеді.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 -7 бала
Құрал-жабдықтар: жапалақ атрибуты
Ойынның барысы:
Ойыншылар алаңға емін еркін тұрады. Ал келесі жақта жапалақ отырады немесе тұрады. Тәрбиеші айтады: күн шығып, барлығы оянады. Балалар алаңда әр түрлі қимыл қозғалыстарды жасап емін еркін қозғалады. Көбелектерді, шегірткелерді қуып ұстамақшы болады. Кенет тәрбиеші түн болды, барлықтарың орындарыңда тұрыңдар қазір жапалақ ұшады дейді. Осы уақытта барлық балалар тез арада тоқтауы қажет. Жапалақ ақырындап жүріп балалардың қасынан қарап өтеді. Кім қозғалып, күледі, сол баланы жапалақ ұясына алып кетеді. Біраз уақыттан кейін ойын аяқталып, тәрбиеші жапалақтың қанша баланы ұясына алып кеткенін санайды. Осыдан кейін жаңа ойын басталып, жапалақтың қарамағына түспеген баланы жапалақ етіп сайлайды. Ойын барысында жапалақ көп бала жинаса, жеңіске жетеді.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Қоңыздар»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты:Балаларды жан- жақты жүгіруге , белгі бойыншща қозғалысты өзгертуге назар аударуға үйрету.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 -6 бала
Құрал-жабдықтар: Қоңыздар бет перделері:
Ойынның барысы:
Ойын сылдырмақпен немесе әуен ырғағының белгісімен өткізіледі. «Қоңыздар ұшты» деген белгімен балалар тұрады, сілкінеді. «Қоңыздар қонды» деген белгімен балалар отырады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Қояндар мен қасқыр»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балалрдың қимыл қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5-6 бала
Құрал-жабдықтар: Қояндар мен қасқыр атрибуттары
Ойынның барысы:
Балалрдың біреуі қасқыр болады басқа балалар қояндар болады. Тәрбиеші қояндар сереунге шығыпты дегенде қояндар:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлерден
Ытқып, ытқып секірді
Қарап еді артына
Көжегі екен өзінің – деп тақпақтарын айтып, серуенге шығады.
Дөннің артынан қасқыр келе жатыр дегенде қояндар қашады. Қасқыр қояндарды ұстап алуы тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы:«Торғай мен мысық»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты:Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 10 бала
Құрал-жабдықтар: Торғай мен мысық атрибуттары
Ойынның барысы:
Жерге шеңбер сызылады. Балалардың біреуі мысық болады, өзге балалар торғай болады. Торғайлар шеңбердің ішінде отырады. Тәрбиеші: «Торғайлар ұшыпты қанаттарын қағыпты» - дегенде торғайлар ұшады. Мысық торғайларды ұстайды. Мысыққа шеңбердің ішіне кіруге болмайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Маймылдарды ұстау»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Белсенді қимыл қызметіне қызығушылығын, жалпы өзімділігін, жылдамдық, пәрмендік қасиеттерге тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 10 бала
Құрал-жабдықтар: маймылдар атрибуты
Ойынның барысы:
«Маймұлдар» алаңның өрмелейтін немесе орындықтары бар жақта тұрады. Қарама –қарсы жақта «Маймұлдар ұстаушылар» 2-4 бала болады.
Ұстаушылар өзара қандай қимыл көрсететіндерін ақылдасып, алаңның ортасына ойлағын қимылдарын орындайды. Ұстаушылар алаңның ортасына шыға салысымен маймұлдар биікке өрмелеп шығып , бақылайды. Қимылдарды көрсеткенн ұстаушылар түсіп, сол жерге барып, ұстаушылар тығылады, ал маймұлдар «Ағаштардан», тағы сол сияқты заттардан түсіп, сол жерге барып, ұстаушылардың қимылын жасайды.
Тәрбиешінің «Ұстаушылар» деген белгісі бойынша «Маймұлдар» биікке өрмелеп шығып кетеді. Ұстаушылар ағашқа өрмелеп үлгермеген маймұлдарды ұстап, өздерімен алып кетеді.
Ойын 2-3 рет қайталанғаннан кейін жаңа ұстаушылар сайланады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Қояндар мен түлкі»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептілікке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 -6 бала
Құрал-жабдықтар: қояндар мен мен түлкі бет пердесі
Ойынның барысы:
Қояндар алаңның бір жағында жүреді. Ал алаңның екінші жағында түлкі болған балалар орындықта тұрады. Алаңның қара – қарсы жақта түлкінің үйі орналасқан. Қояндар секіріп ортаға шығып жүреді, сәбіз жейді. Тәрбиешінің белгісімен « түлкі» - келді деген кезде «қояндар» секіріп қашады. Түлкі қояндарды қуып ұстайды. Ұсталған қояндарды үйіне апарады.Ойын 4-5 рет қайталанады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Ұшақтар»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балаларды бір – біріне созылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 – 6 бала
Құрал-жабдықтар: Ұшақтардың атрибуттары
Ойынның барысы:
Балалар бөлменің бір жағында орындықтарда отырады. Тәрбиеші қолдарын кеудесіне қойып айналдыра «р- р- р» деп ұшақтың моторының қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді.Содан соң балаларға: «Тұрыңдар, моторды қосып ұшуға дайындалайық» - дейді.
Барлығы тәрбиешінің қимылын қайталайды.
Тәрбиешінің «қондық» деген белгісі бойынша орындарына отырады. Ойын қайталанады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Әтеш айқасы»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Белсенді қимыл қызметіне қызығушылығын, жалпы төзімділігін, жылдамдық, пәрменділік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 – 6 бала
Құрал-жабдықтар: Әтеш бетпердесі
Ойынның барысы:
Екті топтан екі бала ортаға тұрады, екеуіде сол аяқтарын бұрып, сол қолымен ұстап көтерпі тұрады. Оң қолдарын кеуделеріне қояды.Содан соң кәдімгі әтешке ұқсап, бір – біріне ұмтылып иық қағыстырады. Қайсысы жығылса, не бүгілген аяғын түсіріп алса ұтылады.Осылайша топ мүшелері түгел ойнап болғаннан кейін, көп ұпай жинаған топ женеді.
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Апандағы аю»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балалрдың қимыл қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу, сөздік қорын дамыту.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 – 6 бала
Құрал-жабдықтар: Аюдың атрибуты
Ойынның барысы:
Балалрдың біреуі аю болады.Өзге балалар серуенге шығып:
«Апандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық»- деп тақпақтарын айтып серуенге шығыды. Сонда аю оянып балаларды ұстайды. Ойын осылай жалғаса береді
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Бақа мен тырна»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Қозмалмалы ойындар мен жаттығулардың алғашқы түсініктерімен дағдыларын қалыптастыру.Баларды достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 – 6 бала
Құрал-жабдықтар: Бақа мен тырна атрибуттары
Ойынның барысы:
Алаңның ортасында (15см биітікке жіптерді іліп, батпақ белгілейді, алаңның шетінде тырна тұрады. Балалар батпақ саздан масаларды ұстап секіреді. «Тырна» деген белгі бойынша тырна жіптен аттап, бақаларды ұстайды. Бақалар батпақтан екі аяғымен итеріліп, бір аяқпен жүгіре шығады. Ұсталған бақалар тырнаның ұясына барады.
Ереже: Батпақпен секіру керек, жіптен аптапөткен ұсталған болып есептеледі.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Бағдаршам»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Жол ережесін сақтауға, түстерді ажыратып, бағдаршам көздерінің белгілерін айыра білуге үйрету. Балалрды қырағылыққа, ептілікке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету. Балалрың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 10 бала
Құрал-жабдықтар: Бағдаршам көздері
Ойынның барысы:
Тәрбиеші «қызыл» түсті көрсеткенде, балалар қимылдамай тұрады. Ал «сары» түсті көрсеткенде балалар қол шапалақтайды. «Жасыл» түсті көрсеткенде балалар орнында ары – бері жүреді. Ойынды бірнеше рет қайталайды.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Бәйге»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Белсенді қимыл қызметіне қызығушылығын, жалпы төзімділігін, жылдамдық, пәрменділік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5 – 6 бала
Құрал-жабдықтар: ағаш ат
Ойынның барысы:
Бәйге ойынына ұлдар мен қыздар қатыса алады. Ойын көпшілігінде кедергілі, яғни жазық емес ойлы – қырлы жерде өткізіледі. Ойыншылардың санына шек қойылмайды.
Ойын ережесі: Ойнаушылар көмбедегі сызықтың бойына қатарға тұрады, ойын жүргізушінің белгісі бойынша барлығы бір мезгілде көмбеден шығады.Ойынның шарты бойынша белгіленген аралықты жүріп өтулері керек. Көмбеге қарай кім бұрын келеді, сол жеңімпаз атанады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Сабалақ күшік»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: Балаларды кезек – кезек әр түрлі қимыл көрсетуге үйрету.Барлығы бірге тақпақты жаттап айтуға жаттықтыру.Белсенді қимыл қызметіне қызығушылығын, жалпы төзімділігін, жылдамдық, пәрменділік қасиеттерге тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 10 бала
Құрал жабдықтар: сабалақ күшік бет пердесі
Ойынның барысы:
Балалардың біреуі сабалақ күшікті бейнелейді; ол орындыққа отырады немесе көрпеге жатады, басына қолын . Қалған балалар өлең жолын айтып күшікке ақырын жақындайды.
Міне, жатыр сабалақ күшік
Табанына мұнын тығып
Маңғазданып тынып жатыр
Бірде қалғып, бірде тынып
Жақын барып оятайық
Үрмеспе екен, бір байқайық
Күшік орынынан тұрып, үреді. Балалар қашады, күшік артынан қуады. Ойын осылай жалғасады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы:: «Мысық пен тышқан»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: балаларды жеңіл жүгіруге, бір -бірін итермеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, тәрбиешінің белгісі бойынша қозғалысты өзгертуге үйрету, шыдамдылыққа, ұйымшылдықққа тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: барлық бала
Құрал жабдықтар: мысық,тышқан бетперделері
Ойынның барысы:
Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы:: «Күн мен жаңбыр»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: Балаларды шашырап жүруге және жүгіруге үйрету ,бір бірін итермей, тәрбиеші белгісі бойынша қозғалып тоқтауға жаттықтыру. Балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: барлық бала
Құрал жабдықтар: орындықтар, қолшатыр , әуен
Ойынның барысы:
Балалар орындықта отырады Тәрбиеші айтады: «Аспанда күн шығып тұр!» «Ендеше қыдыруға болады!» Балалар шашырап бөлме бойы жай жүреді. Белгі бойынша «Жаңбыр! Тез үйге!» -дегенде жүгіріп өз орындарына орындыққа отырады (үйлеріне).
ІІ нұсқа. Балалар қыдыруға шығады «Күн шығып тұр», «Жаңбыр жауды « дегенде балалар тәрбиешінің қолындағы қолшатыр астына кіреді. Тәрбиеші ойын кезінде кеңістікті ауыстырып отырады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл - қозғалыс ойынның атауы:«Қасқыр мен ешкі»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: Балаларды шашырап жүруге және жүгіруге үйрету ,бір бірін итермей, тәрбиеші белгісі бойынша қозғалып тоқтауға жаттықтыру. Балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа тәрбиелеу.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5-6 бала
Құрал жабдықтар: қасқыр, ешкі атрибуты
Ойынның барысы:
Ойынға қатысушылар санамақ айтып қасқыр мен ешкіні белгілейді. Басқа балалар бақташы болады. Бақташылар қол ұстасады да, ешкіні ортаға алып дөңгелене жүре бастайды. Қасқыр шеңбер ішіндегі ешкіні ұстауға әрекет жасайды.Алайда , оған тек қақпа арқылы ғана өтуге болады.
Дөңгелене айналып жүргендердің ішінен екі бала қолдарын көтеріп алады. Бұл қақпа. Қасқыр амалдап сол тұстан өтуге тиіс. Ал ешкі өз еркінше жүре береді.
Қасқыр қашан ешкіні ұстағанша ойын жалғаса береді.
Содан кейін қайта басталады. Қасқыр мен ешкі жаңадан белгіленеді.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Аралар»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты:Балаларды достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Қырағылыққа, ептіліке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету.Баллалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жас ерекшелігі: ортаңғы топ
Ойнаушылар саны: Барлық бала
Құрал жабдықтар:Аралар бет пердесі
Ойынның барысы: Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, 3-4 баа ортаға шығады. Олар – аралар.
-Баудағы кім?
Баудағы кім?
Ара болса , ызында.
-з-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж!
Жұмыс істе тығылма!
Аралар бір бірімен сөйлесе бастайды, қанай жұмыс көрсететінің кеңеседі. «Жұмыс істе, тығылма!- деген сөзді естіген кезде тоқыма тоқығандай , ағаш жарғандай , оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл қозғалыстар жасайды.
-Топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның
Астымен де бұтаның
Үстіменде бұтаның
Балалар осылай әндетіп, аралардың қимылын қайталайды а «Тап болсаң бір жалқауға , алып кел оны ортаға « - деп қормен әндетеді. Аралар осы сөздерді айта жүріп өздерінің қимылын қайталай алмаған» жалқауларды «ортаға шығарады да өздері солардың орнына барып тұрады. Енді шеңбер жасап тұрғандардың бәрі дауыстап әндетеді.
Әй ,әй, жалқау бұл қулар
Жалқауды тез қуындар
Сөйтіп , сұқ саусақтарымен шошайтып тұрып жалқауларды аластайды. Бұдан кейін ойын қайта басталады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл қозғалыс ойынның атауы: «Табан балық және шортан»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептіліке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету.Баллалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 10 бала
Құрал жабдықтар: табан балық пен шортан бет пердесі
Ойынның барысы:
Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.
Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.
Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.
Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.
Т
абан
балық
шортан
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл -қозғалыс ойын атауы: «Аққу қаздар»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептіліке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету.Құстарды аялауға, қамқор бола білуге үйрету..
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 10 бала
Құрал жабдықтар: Бақташы қаздар мен қвсқырдың атрибуты
Ойынның барысы: Ойынға қатысушы балалардың біреуі қасқыр, екіншісі құс бағушы болады. Қалған балалардың бәрі «Аққу – қаздар» рөлін ойнайды Балалар үлкен алаңға шығады. Алаңның оң жағында құс бағушы бала мен аққу – қаздар болып ойыншылар тұратын жер сызықпен белгіленеді. Сол жақта жвсырынады. Ойын басталғанда құс бағушы аққу – қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу қаздар сызықтан асып, алаңның ортасында жайылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырды.Біраз уақыттан кейін құс бағушы қаздарды шақырады.
Қаздар, қаздар қанқылда
Қулар, қулар сұңқылда!
Тойдыңдар ма далада!
Иә, иә , иә
Қыр астында қасқыр бар
Үйге қарай қашындар!
Осы соңғы сөз айтылған кезде ғана қасқыр қазды қуалауға ұмтылады. Аққу – қаздар үйге қарай белгіленген жерге қашады., Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады.
Әдістемелік төлқұжат
Қимыл –қозғалыс ойын атауы: «Қасқыр мен лақтар»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Денешынықтыру
Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын арттырып,ептілікке баулу
Жас ерекшелігі: орта топ
Ойнаушылар саны: 5-6 бала
Құрал жабдықтар: Лақтар мен қасқыр атрибуттары
Ойынның барысы: Балалардың біреуі қасқыр болады,басқа балалар лақтар болады.Тәрбиеші лақтар серуенге шығыпты дегенде лақтар секіріп-секіріп серуенге шығады.Дөңнің артынан қасқыр келе жатыр дегенде лақтар қашады.Қасқыр лақтарды ұстап алуы тиіс.Ойн осылай жалғаса береді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген