Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағат: Тәуелсіздік тұғырым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Сабақтың эпигрофы:
«Өзіңдікі - Елің де,
Өзіңдікі - Жерің де,
Өзіңді өзің еткен бақ -
Тәуелсіздік - төріңде!
Сабақтың
мақсаты:Білімділік: Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді
қаншалықтыбілетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту,
шапшаңойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету,сөйлеу тілін,ой
жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел
тарихы
мен мәдениетін,салт-дәстүрін
ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық
бағдарлама.
Сабақтың әдіс тәсілі:
Сұрақ – жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.
Көрнекілігі:слайдтар, сұрақтар,буклеттер, шар, нақыл сөздер
Нұрсұлтан
НАЗАРБАЕВ:
...
Күрделі кезеңнің күйбеңімен
жүріп,
1986
жылғы желтоқсан
оқиғасының
тарихи
маңызын толық
дәрежеде
бағалап
үлгерген жоқпыз.
(“Ғасырлар тоғысында”
кітабынан)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Баяндама
Құрметті Ұстаздар , ата – аналар мен оқушылар!
Сіздерді сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өткен қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
1986 жыл 16 жетоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Қайраттай қайратты жастың қанымен,
Ерболдай ердің ерлігімен,
Ләззаттай албырт арулардың үнімен,
Ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді!
(видеосюжет көрсетіледі)
Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.Рахмет!
(1 минут үнсіздік)
Азаттықты , бостандықты аңсаған қазақ жастарын қазірде іні- қарындастары жоғары бағалап , ерліктерін санасына сақтап, жадына жаттап өсуде.
Хор: « Желтоқсан желі»
Өлеңі А.Асылбеков Әні Ә.Тінәлиев
Компьютермен презентация көрсету
1-жүргізуші :
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз!
Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған
« Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Оқушы сөзі:
Қазақстан!
Қасиетті
ұғым бұл,
Ей,
келешек, жан тәніңмен ұғын,
біл.
Он бір әріп не мағына
береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл
тіл.
Монтаж. Оқушылар.
(әріптермен)
Т- білдіреді
теңдікті,
Ә-
әдептілік, әлдікті, әділетті.
У-
уайымсыз уақытты
Е-
егемендік елдікті
Л- дейді
лағып лепірме
С-
сенімділік секілді ең,
І-
ілтипат пен ізет қой,
З-
зиалылық тілек қой.
Д-
шақырады достыққа
І-
ізеттілік
К- дейді
күн боп көктегі.
Оқушылар
бірге.Көз
алартпа, көршілерге қол
сұқпа.
2-жүргізуші:.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 19 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздіктің таңы атып, мәңгілікке нұрын шаша берсін! Еліміздің мәртебесі биік болсын!
1 -
жүргізуші: Осыдан
24-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан
оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ
ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков,
Е.Сапатаев,
Л. Асанова және т.б.
апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған
жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін
қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты
күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған
ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан
көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында
ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке
қол жеткіздік.
Ендеше балалардың тәуелсіздікке арналған тақпақтарына кезек берейік.
1 оқушы: Алтынбек
Қасиетті Қазақстан
мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,жерім,Отаным–бақ-дәулетім,
Болашағым,өнер-білім,өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
2 оқушы:
Гүлім
Көк аспандай кең пейілді көк түрік,
Бабалардан сіңген бізге тектілік.
Тәуелсіз ел – ту көтерді қазағым,
Көк тәңірді құдіретім деп біліп.
Өз Отаным, өз ошағым, өз бағым,
Қалаймын мен өзге елдерден озғанын.
Қолға ұстап азаттықтың көк туын
Егемен боп жұлдызға қол созғамын.
Жең ұшынан жалғасатын жемқорлық,
Тайсалмастан соққы беріп, сен қорға.
Жеңеміз біз жауынгердей қарулы,
Сыбайластар жүре алмайды ортаң
3- оқушы Жанар
Жақсылыққа бұрып ойдың арнасын,
Игі ісіміз таба берсін жалғасын.
Сертіңді бер сенімменен зиялым,
Тонатпауға еліміздің олжасын.
Тәуелсіздік – ақиқатқа таразы,
Тәуелсіздік – жемқорлыққа наразы.
Тәуелсіздік – жақсылықтың жарғысы,
Жаңартатын қоғамдағы сананы.
Игілікке айналуда қанша ісім,
Тәуелсіздік - әділдіктің қамшысы.
Ластанбаса екен деймін қашанда,
Көлге құяр гауһар судың тамшысы.
4- оқушы
Айсана
Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Кім көріпті о заманда,бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
5-
оқушы Көркем
Желтоқсанда шындақ жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың,
ұланым!
6- оқушы
Жәнира
Жанымыз
жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
7 оқушы: Эленора
Бұл тарих шындықтарды
електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары.
8- оқушы: Қарақат
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің ,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы
9- оқушы Айсұлтан
Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен,
Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен .
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
10 оқушы:
Тәуелсіздік - бабалардың арманы
Даналардың жасампаздық жолдары
Қазақстан қасиетті мекен боп
Мәңгілікке бейбітшілік орнады
11 оқушы: Ерқанат
Тәуелсіздік – бодан болмау басқаға
Бұл үлкен сын үлкенге де , жасқа да
Тәуелсіздік - әлем білген еліміз
Тәуелсіздік – асқақтаған Астана
11 оқушы: Саламат
Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған.
Бұйырғанда өлімге
Кірпігін де қақпаған.
12 оқушы: Шыңғыс
Батыр бабаң Бауыржан
Қолдады ма, қарағым,
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп.
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
2- жүргізуші
Бар үмітін көкейінде сақтаған,
Елімменен қуанамын, мақтанам
Қиындықпен жеткен талай жеңіске,
Тәуелсіздік шежіресін ақтарам, - деп келесі кезекті Тәуелсіздік жылдар шежіресіне береміз.
1оқушы Алаш
1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысын – Президентін сайлау болды.Оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Тұңғыш Президентті Тәуелсіз қазақстанның күрделі де түбегейлі істері күтіп тұрды.
2- оқушы Альбина
1991 жылы қазан айының бас кезінде Қазақстан Республикасында тағы да бір үлкен оқиға болды. Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шегіп, жерге аман есен оралды.
3- оқушы Диана
1991 жылы 10 желтоқсан - Советтік Социалистік Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы болып өзгерген күн.
4- оқушы Д.Нұрай
1991 жылы 16 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдаған күн
5-оқушы А.Нұрай
1991 жылы 20 желтоқсан. Он бір Тәуелсіз мемлекеттердің басшылары ТМД құру туралы келісім шартқа қол қойды.
6 –оқушы Мерей
1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған күн. Міне, осы бір қасиетті күннен бастап , біздің елімізді әлем тани бастады.
1- жүргізуші
Әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілері бар.
Сол сияқты «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, шекарасы, теңгесімен, діні, тілімен басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел.»
1992 жыл 4 маусым - Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданған күн, келесі кезекті еліміздің ұлттық нышандары туралы тақпақтарға береміз.
7- оқушы (әнұран) Айдын
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі - әнұран
Сезім биігі,
Төзім иығы - әнұран.
Әннің асылы,
Ұранның басымы - әнұран
8- оқушы (ту) Сәбина
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп нұр
Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр