Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар,
ата-аналар, қадірлі ұстаздар және қымбатты оқушылар бүгінгі 1»В»
сынып оқушыларының дайындаған «Тілашар-білімге жол ашар» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының
сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға
шақырамыз.Балаларыңыздың алғашқы қадамдары құтты болсын.
Өсті міне бойларың, Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың.
Хормен: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолында,
Оқып, білім аламыз.
Мұғалім: Той деп бүгін көңіл
шіркін тасады,
Ән мен күй көңіл сырын ашады.
Той деп келген қонақтарға мың рақмет
Шәкірттерім жырдан шашу шашады.
Балалар, бүгінгі тілашар атты
ертеңгілігімізге арналган тақпақтарға кезек
берейік:
Эльмира:Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Еркебұлан:Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Т-тәртіпті болайық
І-ілімді бойға жинайық
Л-лашындай биік самғайық
А-ақылды азамат болайық
Ш-шыншыл болайық
А-айбынды болайық
Р-рахат өмір сүрейік
Хормен:Мектеп-қамқор
анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі боп өсетін,
Біз-оқушы боламыз!
Жанұя:Отан-менің, ата-анам
Отан-досың, бауырың
Отан өлкең,Астанаң
Отан аудан, ауылым.
Бақытжан:Отан-тарих, Отан тіл
Жасаған елің, өз халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Хор: Қазақстан
Тақпақтар:
Нұржан:Мектеп –білім ордасы,
Мектеп-қамқор анашым,
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін,
Мен оқушы боламын.

Толғанай:Мектеп деген жақсы екен,
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.
Жақсылық:
Нұрдаулет:Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям-мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Ән: Бала тілегі Ахмад
Асия

Тақпақтар:
Амина:Ойыншық қалды жайында,
Әріптер бөлді көңілді.
Тәбетім жоқ ойынға,
Сезінем үлкен өзімді.
Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ қой ойынға.
Әріпті құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
Нурғалым
Өтеген:Әжептеуір бойымда,
Сабақ қана ойымда.
Оны ұқпас інім тек,
Шақырады ойынға.
Дейді «Жел боп есейік»
Қайдан білсін ол менің,
Кеткенімді есейіп.
Маржан:
Жансая: Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз..
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Би: Кап Кап
Кап

Тақпақтар:
Жанат:Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
Інжу:Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін,қазақ тілін сүйеміз.
Олжас:Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы,
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
Ән: Озат оқушы боламын
Зайхын Жаннұр
Хор: Ұстаз-Ана
