жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағат Тілашар Мектепалды даярлық сынып
Авторы:Оразғалиева Гүлден Оразғалиқызы
Манғыстау обл.Бейнеу ауданы.Боранқұл селосы. «Боранқұл орта мектебі»КММ. Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Тілашар»
Мақсаты: Мектепті алғаш аттаған бүлдіршіндердің алғашқы айдағы жеткен жеңістерін мерекелеу, ата - ана, ұстаздармен қуаныштарын бөлісу.
Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі балаларымыздың мерекесіне жиналып,«Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мерекелік іс шарамызды бастауға рұқсат етініздер!Ал ендеше балалар өздерінің мерекеге дайындаған тақпақтарымен ортаға шықсын!
1.Мектепке
енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы
оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2.Бес
жасқа толған біздей баланы,
Мектеп
ана құшағына алады.
Ата - ана қуаныңыз
шаттанып,
Шәкірт болды биыл міне
балаңыз.
3.Мектеп
қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз
болып өсетін,
Біз оқушы боламыз.
4.Білімнің
қайнар бұлағы,
Өнердің жарық
шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің
асыл қырағы.
5.Мектебім
– мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған
бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз
талай әлі біз.
6.Даярлығым
– балбұлағым,
Алдым сенен балдың
дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді
жаудырамын.
7.Көз
салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ
боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош
келіпсіз, ұстаздар, ата- аналар,
Тілашар
атты біздің тойымызға.
- Жарайсындар!
Би: Қазақ биі
Ал
енді балалар сіздерге сұрақ қояын,ал
сіздер дұрыс жауап беруге тырысыңдар.
-
Балалар біздер не тойлап жатырсыңдар?
-
Тілашар ертеңгілігін тойлап жатырмыз.
-Ол қандай ертеңгілік,оны неге тойлайды?
-Балаларды 5 жасқа толып,мектеп табалдырығын аттаған кезде тойланады.
- Балалар жыл мезгілдері нешеу?
- Төртеу
-Қане, жыл мезгілдерін 2 тілде айтайықшы.
-Күз,Қыс,Көктем,Жаз
-Осень,Зима,Весна,Лето
- Ал қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз
-Күз
ерекшелігін кім біледі?
-
Күзде жемістер,көкөністер,дәнді дақылдар
піседі.шөптер,жапырақтар сары түске
өзгереді.
Күз
табиғаты ерекше күйге бөленеді.құстар
жылы жаққа ұшып кетеді.Жауын шашын көп
болады күн суытады.
Хор: Күз тамаша
-Қазір күз мезгілі. Балалар күз мезілінде неше ай бар?
-Үшеу.Олай болса үш айды ортаға шақырайық.
Қыркүйек
Бір-бірімен
жер аспан
Мейіріммен
қарасқан
Ұстаз-
шәкірт жүздескен
Қош
келіпсің күздескен
Қазан
Қазан
айы болыпты
Қамбаға
астық толыпты
Сары
даланы сәндетіп
Думандатып
әндетіп
Қараша
Күн
суытып барады
Малдар
қолға қарады
Қарашы
ауыл даламыз
Қысқа
дайын боламыз
Мұғалім:- Біз сауат ашу сабағынан оқу,жазумен бірге өз ана тілімізді таза сөйлеуді және ұлтымыздың дәстүрлерін үйреніп жүрміз.
- Солай ма балалар?
Ойын. «Ойлан да,тез тап!»
Шарты: Себетте берілген жемістерді таңдап,сол жемістердің артындағы әріпті атап,сөз ,сөйлем құрау,буынға бөлу.(М,О,С,А,Н)
Мұғалім:
Келесі оқушыларымыз
үш
тілде күз мезгілі туралы тақпақтарын
айтады.
1.Ақ,
қарамын, сарымын
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірген
Қайтарамын қарымын
2.Осень это странная пора
То прохладно то жара
3.Сприн из грин
Саммэ из брайт
Отум из еллоу
Уинтэ из уайт
4.Алтын,
сары, қызыл,көк,
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз
тартады атырап.
5.Осень, осень не спеши
И с дождями подожди
Дай еще нам лета,
Солнышка и света.
6.Фол из фан
Ай лайк зэ сан
Фол из фан
Мұғалім: Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
6.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)
7. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)
-Жарайсыңдар балалар!
Би: Ұлдар биі
Мұғалім: Ал,балалар математика сабағынан не үйреніп жүргенімізді есімізге түсірейікші.
-Пішіндер,сандар,артық кем тең таңбаларын үйреніп жүрміз.
-Төртбұрыштың қанша бұрышы бар?
Мынау қандай бұрыш?Неге?
-Ал дөңгелектің бұрышы нешеу?
«Өз орныңды тап!» ойыны
Шарты: Оқушыларға құстардың суретін үйлестіріп беріледі.Әр құстың өз нөмері бар.Содан соң 1,2,3 деген кезде балалар шапшаң өздерінің құстарға қарап өз орындарына рет –ретімен қойып, тез тұра қалады.Құстарды нөмірі бойынша 1-10 дейін тура және кері санау жұмысы жүргізіледі және орысша, ағылшынша айтамыз.
- Жарайсыңдар балалар.Шапшаңдылықтарыңды көрсеттіңдер!Енді кезекті биші қыздарымызға береміз.
Би: «Қолшатыр»
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Бағбан:(Тырмамен жер жыртып жүреді)
Мұқалмаған жігері,
Атай әлі күшінде.
Қашан көрсең жүреді,
Бау-бақшаның ішінде.
Қолы неткен епті еді,
Бәрін өзі істейді.
Ертелі кеш кетпені,
Иығынан кетпейді..(Кетеді)
Бағбан:(Күнбағысқа келеді)
Күнбағыс-ау, Күнбағыс,
Күнді сүйген сен нағыз.
Күн ауғанда сен ауып,
Төбеңнен күн өтпей ме?
Таңдайың кеуіп кетпей ме?
(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)
Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.
Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!
Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.
Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.
(Әрқайсысын жұлқылап оятады)
Жуа :Не болды?
Сәбіз:Бұл не айқай?
Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)
Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.
Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.
Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.
Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!
Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!
Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!
Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)
Мұғалім: Балалар біздер ертегілер еліне саяхат деген пән бойынша көптеген ертегілермен таныстық.Енді мен сіздерге сол ертегілерді жұмбақ қылып жасырайын ал сіздер қандай ертегі екенін табасыздар.
1.Атам өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын,
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.Бұл қай ертегі? (Шалқам)
2.Ызылдап кеп баланы,
Шағып кетті қу маса,
Қуа кетті қарлығаш.(Қарлығатың құйрығы неге айыр?)
3.Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты,
Шақырыпты мысығын,
Мысығы оның келмепті,
Ол өкпелеп қалыпты( Мақта қыз)
4.Терезеге суытып,
Қойып еді апасы,
Қашып кетті ол енді,
Кездестіріп бір аңды.
Біраз жолдан асып кетті.(Бауырсақ)
5.Шықты ешкі орманға,
Тамақ іздеп лақтарға.
Аңдып тұрған қасқырда,
Жетіп барды лақтарға.(Жеті лақ)
-Ал енді ата –аналарымызбен де ойын ойнап көрейік балалар.Балалар сіздер қол соғып,аналарымызға дауыс беріп отырамыз.
Ойын: «Жапырақты жалғастыр»
Шарты: Әуеннің ойнауы арқылы жапырақты бір - біріне береді.Әуен тоқтай салысымен,қай ата -анамыздың қолында жапырақ қалып қойса сол ата- ана сұрақтарға жауап береді.
- Күз айларын үш тілде айтыныз?
- Қыркүйек,қазан,қараша,Сентябрь,октябрь,ноябрь,September,October,November
Жұмбақ.
- Көктен түседі
Жер ішеді. (Жаңбыр,дождь)
Ән: «Кап ,кап,тук, тук, тук,»
Мұғалім:
Болуға
тырыс талпынып,
Асылдардың
көзіндей.
Кездейсоқпен
достаспа,
Адалдығын
сезінбей.
Күтуде
сені келешек,
Қоғамға
өзің берешек.
Аларыңды
алып өс,
Болғанша
әлі ересек.
Құлынтайдай
болып өс,
Ата-
анаңа болып ес.
Еліңнің
қамын ойлайтын,
Азаматы
болып өс!
Құрметті ата – аналар, қонақтар,сүйкімді бүлдіршіндер! Біздің «Тілашар» атты мерекеміз осымен өз мәресіне жетті.Біздің Қыркүйек айына бері өтіліп кете жатқан сабақтарымыздан азғантай ған мағмұлматтар бере алдық деген сенімдеміз.Алдағы уақытта бұданда жақсы етім өнерімізді шыңдаймыз. Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!
Қорытынды сөз:Ата –аналарға береміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген