400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат "Үлкенді сыйлау көргендіктің белгісі" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпын сақтап, үлкендермен өте сыпайы сөйлесуге, әдептілік, адамгершілік қағидаларын сақтау керектігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдепті бала –арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала

Үлкенді сыйлау көргендіктің белгісі

Булекбаева Джепек Баранбаевна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№ 6 орта мектеп технология (қыздар) пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпын сақтап, үлкендермен өте сыпайы сөйлесуге, әдептілік, адамгершілік қағидаларын сақтау керектігін түсіндіру.

2.Оқушылардың бойына қазақ халқының әдет-ғұрпын сіңіре отырып, адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

3.Оқушылардың ой-өрісін, есту, көру,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: суреттер, ереже,мақал-мәтелдер.

Әдіс-тәсілдері:ой қозғау,қызығушылығын ояту,әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

ІІ Кіріспе

-Оқушылар қандай апталық болып жатыр?

-Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар?(ойларын айтқызып толықтыру).

Көрініс: «Сәлем беру»

Көрініске түсінік беру.

-Міне, оқушылар, біз сендермен көрініс көрдік. Үлкендерді қалай сыйлап, қалай амандасу керектігін білдік. Бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы да осы үлкендерді сыйлауға байланысты болмақ.

ІІІ Негізгі бөлім

Жаңа тақырып: Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы үлкендерді сыйлау.

1.Жаңа тақырыпқа мұғалімнің түсінік беруі.

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары.

Қазақ халқының әдет-ғұрпын сақтап, үлкендермен сыпайы сөйлесу, үлкендерді құрметтеу.

2.Үлкендерді сыйлау ережесі.

-Кімде болса өзіңнен жасы үлкендерге жол бер, әдептілік көрсет.

-Үлкен кісінің жолын кеспе.

-Үлкендермен қос қолдап амандас.

-Кім де болса өзіңнен жасы кішіге, күш-қуаты төменге мейірімді бол.

-Кемтарға жәрдем істе, қарайлас, ешкімге зұлымдық жасама.

-Көпшілік арасында басқаға реніш туғызатын соқтықпалы сөз айтпа. Ондай іс өте ұят болады.

-Кездескен кісіні танымасаң да, амандас.

Тірек-сызба арқылы сәлемдесудің түрлерін жазғызу.

Сәлемдесу түрлері

-Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкум ас салам!

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-саусыз ба?

-Саламатта болыңыз!

-Аман сау болыңыз!

-Аман-есенсіз бе?

-Бала шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?

-Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарыңыз сау ма?

-Аман есен болыңыз!

Сабақты пысықтау.

1.Ойын: «Кімдікі дұрыс?»

Жеке жұмыстағы балалармен жүргізу.

Шарты:Әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерде үлкендерге көмек беру, көлікте улкендерді көрмеген болып отыру, үлкендерді көрсе де байқамаған болып отыру т.б. бейнеленген.

Суреттегі балалардың іс-әрекеттерінің дұрыс және дұрыс еместігіне өз ойларын айтқызу.

2.Мақал-мәтел айтқызып, мағынасын ашу.

1.Алыстан сәлем береді,әдепті елдің баласы.

2.Ақылды қария-ағып жатқан дария.

3.Алыстан алты жасар бала келсе,

Алпыс жастағы қария сәлем береді.

4.Атадан жақсы ұл туса игі,

Есіктегі басын төрге сүйрейді.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрейді.

Мақал-мәтелдерді оқытып, мағынасын ашу.

3. Ситуациялық жағдайларды шешу.

1.Мектептен шығысымен үйіңе қарай жүгіріп келе жатқаның да алдыңнан үлкен кісі шықса не істер едің?

Алдымен тоқтаймын.

Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек? Үлкен кісілердің әңгімесін үндемей тыңдау керек, олардың әңгімесін бұзып, сөзге араласпау керек.

3. Сен сабаққа асығып келе жатқаның да жолда бір қарт кісіні көрдің. Қолында ауыр сөмкесі бар. Сен не істер едің? Қарт кісімен амандасып қайда баратынын сұрап, баратын жеріне дейін жеткізіп салар едім. Сабағыма қайта келіп, мұғалімге кешіккен себебімді айтар едім.

ІV Сабақты қорыту

Сабақты сөздік диктант арқылы қорыту. «Кім жылдам?»

Шарты: ереженің ішіндегі кейбір сөздер жасырылып қалған. Жасырылған сөздерді сендер тауып айтуларың керек.

-Өздеріңнің үлкендерді сыйламай, құрметтемеген кездерің болса, соны еске түсіріп, өз істеріңнің дұрыс және дұрыс еместігіне баға беріңдер. Өздеріңнің жіберген қателеріңдң табыңдар.

V Бағалау

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қыркүйек
1314
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі