Материалдар / Тәрбие сағататы: Елін сүйген - Елбасы.

Тәрбие сағататы: Елін сүйген - Елбасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елін сүйген – Елбасы.

Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайд, шарлар, суреттер, буклет, нақыл сөз , Елбасының портреті.
Барысы:

ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Слайд

-Кімнің суреті бейнеленген?

Оқушы:

Отан деген - әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім - мақтанышым, тірегім.

Кең байтақ қой Қазақстан,

Астана мен картасы, айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Жүргізуші:

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 26 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.


1.Оқушы:

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тұра бер,

Қазақстаным меніңю

2. Оқушы:

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсізел Қазақстан,

Көркіне көркі жарасқан.

3. Оқушы:

Отыз жылдай еліңді

Сүріндірмей келесің.

Ес білгелі естіледі,

Нұрсұлтан деген ер есім.

4.Оқушы:

Қазағымның туын тіккен Елбасы,

Ұл қызынан үміт еткен Елбасы.

Қазақ елін аялаған Елбасы,

Қиындықта сая болған Елбасы.

5.Оқушы:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашан да орынсыз,

Шешімдері болмайды.

6.Оқушы:

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Елбасының өмірі мен еңбегі туралы  слайд.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы (Ұлт көшбасшысы)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвестор

Суретпен жұмыс (пазл құрастыру)

Елбасылардың суреттерін құрастыру.
Тақтамен жұмыс

Жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы не білесіздер?
Елбасымыз қайда дүниеге келді?

Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Слайд

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.

1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1991 ж. желтоқсанныі 1 де тұңғыш рет Қазақстан республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1999 ж. қаңтардың 10 да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылы

Желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Қорытынды сөз:

Оқушы:

Туған жердің жайқалған алқабы егін,

Биік сенің мәртебең, дарқан елім.

Пейіліндей қазақтың байтақ далам,

Сен не деген кең едің, шалқар едің.


Әсем сазы басталған таза ағыстан,

Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.

Қадамы нық әлемде, аты айқын,

Егеменді ел бүгін Қазақстан.


Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
                                                                      Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
















Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебі» КММ









Тәрбие сағаты.



«Елін сүйген- Елбасы»







Тобы: МАД «ә»

Тәрбиешісі: Халина А.Н.

























2021 оқу жылы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ