жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағат:Ауылым - алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Ауылым- алтын бесігім»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өскен ауылына деген мейірім ықыласын арттыру,білімдерін тереңдету.Елін,жерін құрметтейтін, жаны таза,адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын,сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Ауыл көрінісі,еңбек адамдарының суреттері,слайдтар,шарлар.
1.Ұйымдастыру.2. Мұғалім сөзі: (Ой шақыру) «...Онсыз әрбір азаматқа тіршіліктің мәні жоқ.Алыс кетсең сағыныш сезімі оянып,іздейсің,тіпті қол бұлғап шақырғандай болады.Сол жерде сен дүниеге келесің, өсесің, білім нәрімен сусындайсың.Кейін сол үшін қызмет етесің.Оны мәңгілік сүю және қорғап,қалтқысыз еңбек ету әрбір азаматтың парызы»
- Балалар,мен не туралы айтып тұрмын? -Туған жер.
-Біздің туған жеріміз қалай аталады? -Бейнеу
-Иә,балалар,біздің туған жеріміз Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,Бейнеу селосы деп аталады.
Ал ендеше,сіздердің ойларыңызша туған жерімізді тағы қалай атауға болады? –Ауыл.
Дұрыс айтасыңдар,балалар,біздің туған жеріміз Бейнеу ауылы екен.Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ауылым –алтын бесігім» деп аталады.Ауылдың орны бөлек.Ол туралы М.Мақатаев аталарыңыз да Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы –деп ауылды аңсап,жырға қосқан.Олай болса,жалпы ауыл туралы сіздер қалай ойлайсыңдар? Ендеше сіздерді тыңдайық.
Елтай:Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері ,балалық шақтың мекені. Атамекенге деген сағыныш сол ауылдан басталса керек.
Дильназ:Қазақтың хандары мен батырлары ,ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.
Бауыржан:Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан да ауыл баласы.
Аружан:Ауыл –қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші,сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз,депутаттар,министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Тіпті Елбасымыздың өзі де Алматы облысына қарасты Қарасай батыр аулының Шамалған селосында туылған.
Мереке:Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем, дән елестер көзіме.
Ауыл десем, ер саламын құр атқа,
Ауыл десем, ән елестер құлаққа.
Ән: «Ауылым»
Мұғалім сөзі: Біздің аулымыз балалар, Бейнеу деп аталады.Олай болса, «Тарихыңды танып біл» бөліміне кезек берейік.
(Бейнеу туралы слайд көрсетіледі) Мұғалім сөзі:Бейнеу селосы әйгілі құдықшы Бейнеубай Құлшарұлы есімімен аталған. Ол қай жерден құдық қазуға болатынын алдын ала дәл таңдай білетін, қабілеті ерекше адам болған. 30-жылдары жасы егдіріп қалған әрі ескіше сауаты бар Бейнеубай «молдасың» деп қудалау қаупінен бас сауғалап, Иран жеріне ығысуға мәжбүр болған. Сөйтіп,өлкедегі атақты құдықшы жат жерде дүние салады.
Жалпы Бейнеу іргетасы 1963 жылы темір жолдың салынуына байланысты қаланған. Бейнеу селосы Бейнеу ауданының орталығы,облыстың солтүстік шығысында орналасқан. 1973 жылы наурыз айында құрылған. Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысы,Маңғыстау ауданына қарады.Оңтүстікте Түркменстанмен, солтүстік шығысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Аудан арқылы Атырау-Маңғыстау, Мақат-Қоңырат,Ақтөбе-Маңғыстау, Алматы-Маңғыстау темір жолдары, Орта Азия орталық газ құбыры, Өзен-Самара мұнай құбыры, Атырау-Қоңырат тас жолы өтеді.
Жалпы біздің аулымыз тоғыз жолдың торабында орналасқан.Облыс орталығының шалғайлығына қарамастан ауданымыз облыс бойынша алдыңғы орында келе жатқан ауданның бірі.
Бірнеше тарихи ескерткіштер, соның ішінде Бекет ата жер асты мешіті, Көркембайдың мешіті сақталған.
Аудан әкімі аулымыздың тумасы Бейнеубек Көңілімқосұлы Әбілов.Тәуелсіздік алған жылдары ауданда 12 мектеп болса, осы кезге дейін халық саны өсіп,мектеп саны аудан орталығы Бейнеу селосының өзінде 12-ге жеткен.Бірнеше ауруханалар,балабақшалар ашылып,тұрғындар қажетіне жарауда. 2 арнаулы оқу орыны Бейнеу гуманитарлық, Бейнеу политехникалық колледждері ашылып,қажетті маман иелері өз туған ауылдарына еңбек етуде.
Сіздер әлі де болашақта ауыл тарихы туралы біле беретін боласыздар.
Ендеше балалар, өз туған жерімізді жырға қосқан жергілікті ақындарымыздың өлеңдерін оқиық.
Айида: Адырнадан оқ атқан жері,
Ақ отаудан анам от жаққан жері.
Атамекен Бейнеуден атқа мінген,
Адайымның бірнеше ақтангері.
Еркебұлан:Армандаған ақ таңы атқан жері,
Алтын күні алаулап батқан жері.
Ата-бабам ақ орда туын тігіп,
Ат байлайтын қазығын қаққан жері.
Ақмаржан: Таңда тұрып таңырқаймын, қараймын,
Жүргендей-ақ ішінде әсем сарайдың.
Туған жердің табиғаты арайлы,
Атып келе жатқанындай арайдың.
Ақбөпе: Сөйлегендей төңірек маған ымдап,
Өзіне шақырады маған ымдап.
Туған жерім мекенім,алтын ордам,
Бейнеуім,ардақтымсың маған қымбат.
Иманғали: Бойында халқымның бар қайсарлығы,
Құдайы қонақ күтіп аңсарлығы.
Сақталған ауылымда әлі күнге
Қарапайым қазақтың аңқаулығы.
Нұрсаян: Білімге де бойымды жетеледің,
Ойыма көп ой қосып еселедің.
Ауылымның ауасын сағынар ем,
Алыс кетсем,ауылым не етер едің?
Таңшолпан: Туған жерім,сен анамсың, сен досымсың,
Алтын бесік сүйем сені осым шын
Ызыңдаған сазды үніңе желіңнің,
Менің сәби әуенім де қосылсын!
Хор: «Атамекен көркем екен»
Келесі «Сөз мәйегі-мақал» бөліміне берйік:
1.Ауыл түбі-бірлік,қауым түбі –тірлік.
2.Ауылға айтса-асар,көршіге айтса қосар.
3.Елін жамандаған елеусіз қалады,
Ауылын жамандаған атаусыз қалады.
4.Ауылы бірдің аузы бір.
5.Ауылы басқа алдырмас,ауылың сені қалдырмас.
6.Ауылын көріп,азаматын таны.
7.Ауылы араластың, қойы қоралас.
8.Ауылы бүтінді аман де,елі бүтінді есен де.
«Сөзді тап!» ойыны.(Әр сөзден бір буын алып жаңа сөз жасау)
Ауыл көрінісі (слайдтар) көрсету.
«Ұйқасын тап» туған жерге арнау. Бейнеуім-алтын мекенім,
(Сені жырлап ) өтемін.
Қияға қанат қақсам да,
(Саған асығып) жетемін.
Қорытындылау.
Мерей: Елдік үшін бітпей қойған егесі,
Көк тіреулі Күйкенінің төбесі.
Жеті жұрт кеп,ауып кеткен жеті жұрт,
Беу, Бейнеуім,сенің ойың-сан батырдың кебесі,
Беу,Бейнеуім,сендік аңыз-сан ғасырдың елесі.
Алдыңда талабы биік талай асулар тұр.Еліміздің,Отанымыздың,ауылымыздың болашағы- сендерсіңдер. Сондықтан да сабақты жақсы оқып,ауылымыздың одан әрі гүлдене беруіне үлес қоса беретін азамат пен азаматша болатындарыңызға сенемін. «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағатымызды жерлес аға-апамыздың сөзі мен әніне жазылған «Бейнеу –бағым» әнімен аяқтаймыз.
Ал, ауыл туралы әңгімеміз,ән-жырымыз әлі де айтыла беретін болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген