Материалдар / Тәрбие сағат:Бастауышпен қоштасу

Тәрбие сағат:Бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым»

Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауышта қаланып,оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің ұстазымен қоштасу рәсімін жасау.Бастауыш мектепте алған өнерлерін ортаға салу,ұстаз еңбегін бағалай білуге,білім алуға,саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас,біле білсең оқу озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын жырлағандай, тарыдай болып кіріп,ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып,жақсы мен жаманды айыруды үйренген осыдан 4 жыл бұрын 2014 жылы 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі бастауышта оқып,білім алып, қанаттарын қатайтып,тентектіктерін, еркеліктерін тастап, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй бола бермес баршаңызда

Қол соғып қошеметпен шақырайық

4 «Ә» сыныбын ортамызға.( Оқушылар музыка әуенімен ортаға шығады)

Міне, бүгін балаларыңыз балалық шақтың куәсі болған бастауыш сыныппен қоштасып,1 жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Армысыңдар, ұстаз қауым,ата-ана,

Құлақ түрің жақсы лебіз батаға.

Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп,

Бастауыштың балалары атана

2- жүргізуші: Би биленіп, ән айтылар аспандап,

Бірте-бірте көтерілді баспалдақ.

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.

1-жүргізуші: Уважаемые родители ученики, в этот знаменательный день желаем вам счастливого пути пусть всегда будут открыты перед вами двери добраты удачи и познания.

2- жүргізуші: Хеллоу дид пәрентс тичерес анд пюплс.Хе из оур праимари скул комплетед әнд инвайт юу то енджой оур пати. Уелком ту оу(р) пати.

Екеуі бірге: Салтанатты кешті ашық деп жариялаймыз!

Салтанатты түрде Әнұран орындалады

1- жүргізуші: Барлық білім бастауыштан басталған,

Алғыс саған,үлкендер мен жастардан.

Рақмет саған, алғаш ұстаз апайым

Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.

2- жүргізуші: Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де

Бастауышты орта буын жалғапты.

1- оқушы: Ұстаз,ұстаз!

Айгерім Осы сөзде таусылмайтын ұлылық

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әл-Фараби, Ыбырай мен Ақаңды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

2-оқушы: Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Нұрсаян Тентектерді ақылменен емдейтін.

Болсадағы малға кедей өмірде

Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін.

3- оқушы: Ұстаз деген жарық күні ғаламның

Таңшолпан Ұстаз деген анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

4- оқушы: Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,

Жан Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

5- оқушы: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Айида Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсақ ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған араманың.

6- оқушы: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Майлан Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы

Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

Хор: Ұстазым

1-жүргізуші:- Мереке, сен бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?

2- жүргізуші: Қалай сонда?

1- жүргізуші: Мен саған талдап берейін.

Б – балалық шақта А -армандарға

А – алдағы У – уайымсыз адымдайтын

С -сан Ы – ынталы

Т - түрлі Ш - шақ

Түсіндің бе?

2- жүргізуші: - Сен мені таң қалдырдың, Ақмарал! Ал сен мұғалім сөзін талдай аласың ба?

1- жүргізуші: Жооқ, білмейді екенмін.

2 – жүргізуші: -Олай болса, тыңда

М - мұнтаздай Л - лағылдай

Ұ - ұқыпты І - інжу

Ғ - ғұлама М – маржандай кісілер екенін біле жүріңіздер.

А -адал

Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!

1-жүргізуші: «Кукарелла» биі орындайтын сыныбымыздың биші қыздары Ақмаржан мен Айида

7- оқушы : Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда,

Дильназ Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда.

«Ботам» деген сөзді ғана білуші ек

«Атан» деген сөзді әлі де білмеуші ек.

8 – оқушы: «Апам» деген сөзді ғана білуші ек,

Мейірлан « Отан» деген сөзді ғана білмеуші ек

Білім бар теңіз: болмайды екен мүлдем шек,

Біз сізге қарап «үйренсек», дедік,-«үйренсек!»

Хормен: Ардақты ұстаз! Рақмет сізге,рақмет!

9- оқушы: Үлкендерді сыйлауды,

Аида Құнды кітап жинауды

10- оқушы: Адалдарды сүюді, 11- оқушы:- Оқуды ауыр көрме!- деп

Елтай Тентектерді тыюды. Асылбек Ылғи да алға өрле!- деп

12- оқушы:- Жақсы істерді құп ал!- деп 13- оқушы: Санамай жылдың күн,айын,

Ақерке Досың үшін қуан!- деп. Бауыржан Баулыдыңыз ұдайы.

Хормен: Ұсындыңыз қол ұшын,

Рақмет сізге сол үшін!

Көрініс: «Жалқаубек пен Білімпаз»

Білімпаз бен Жалқаубек бір -бірімен амандасады.

- Сәлеметсің бе, Жалқаубек!

- Привет, Білімпаз!

Білімпаз: - Жалқаубек, біз бүгін 4 «Ә» сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасқалы отырмыз. Сен қайда жүрсің? Сен де бір ақылыңды неге қоспайсың?

Жалқаубек: А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді ғой. Ол кісілердің айтқанына көне алмай қаламын ба?- деп қорқамын.

Білімпаз: Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

Жалқаубек: Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.

Білімпаз: Әй, Жалқаубек, қой көп сөзді, онан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғары сыныпта өз тәртібімізді, білімімізді көрсетейік. Келістің ғой, Жалқаубек?!

Жалқаубек: Келістім. Олай болса,жүргізушілерді тыңдайық.

Білімпаз: Өте жақсы. Тыңдасақ тыңдайық.

2-жүргізуші: Білімпаз рөлінде сыныптың белсенді оқушысы Мерей, Жалқаубек рөлінде сыныбымыздың спортшысы Исламғали Еркебұлан .

1- жүргізуші: Мектеп, мектеп- ашық жарқын көңілім,

Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілді

Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.

2- жүргізуші: Бұл мектептен қаншама адам тәлім алды десеңізші! Менің анам да, әкем де апам да, ағам да енді мен де мектептен тәлім алудамын.

14 – оқушы: Мектебім білім берер алтын ұям, Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Аружан Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Әрқашан қасиетті атың маған.

15- оқушы: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Иманғали Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Хор: «Бастауыш мектебім»

1- жүргізуші: Ендігі кезекте пән мұғалімдеріне арналған жүрекжарды лебіздерді тыңдаңыздар!

16- оқушы: Русскому языку от нас поклон

Шырай Кто из нас вас не влюблен.

Вы душевный и добры, и при этом так умны

Знайте, не завудет вас

Гульшат Амантаевна и Зухра Бисенбаевна

Выпускной четвёртый класс!

2- жүргізуші:Келесі тамашалайтын музыкалық сәлеміміз орыс тілі мұғалімдеріне арналады. Сыныбымыздың әнші қызы Шырайлымның орындауында «Учат в школе» әні.

1- жүргізуші: Балғын сәби болсақ та Қай қиырға барсақ та

Қадіріңізді білеміз. Май нем из деп үйреткен

Қарлығаш апай мен Динара апай,

Біз сіздермен біргеміз.

Келесі әніміз ағылшын пәні мұғалімдеріне арналады.

Хор: (ағылшынша) , «Бастауышпен қоштасу » вальсі

2- жүргізуші: Асыр салып ойнаймыз,

Жаттығуды жасаймыз.

Бойымызға күш жинап

Шынығуға жараймыз.

Баян апай, сіз үшін

Жаттығуға дайынбыз.

1- жүргізуші: Қызықты өтеді оның әрбір сабағы,

Сәл қаталдау болса дағы қабағы.

Шебер қылу- бізді оның арманы.

Аймен апай,бізден сізге мың алғыс!

Үнді биін сыныбымыздың бишісі Алинаның орындауында тамашалаңыздар,Айман апай және Баян апай!

1- жүргізуші: Көрмедік артық күліп , артық жүріп Тойлайық біз бүгінгі мерекені

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті қып. «Ұстазым» әнін жаңғыртып айтып тұрып.

«Ұстазым» әні орындайтын сынып белсенділері Нұрсаян мен Ақторғын .

2- жүргізуші: Жарқылдап тойға келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар.

Қол жетпес арманды іске асырғандар-

Ата-аналар құрметті асыл жандар.

Сырымды менің бес саусақтай біледі,

Біздер үшін бөлек жаны,жүрегі.

Қамқор жанды одан артық көргем жоқ,

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.

1-жүргізуші: Қамқорым асыл анам , асқар тауым-әкешім,

Ойлайтыны әрқашан да менің қамым.

Өмірде еш жамандық көрмеңдерші

Тілерім осы ғана,ӘКЕ-АНА!

Келесі тыңдайтын «Әке – ана» әнін Мерей мен Таңшолпанның орындауында тыңдаңыздар,ата –аналар, өздеріңізге арналады.

2- жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Ендігі сөзді алғашқы ұстазымыз Сұлу апайға береміз.

Қадірлі ата- аналар, ұлағатты ұстаздар! Сіздер жаңа ғана 4 «Ә» сынып оқушылары дайындаған «Қош бол,бастауыш мектеп!» атты бастауыш мектепті бітіру кешін тамашаладыңыздар! Ахмет Байтұрсынов атамыздың тамаша мынадай сөзі бар: «Адамға тіл, құлақ, қол қандай қажет болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай қажет» деген.Осы тұрған шәкірттерім де сол білімді алды деп айта аламын.2014 жылы 1 қыркүйек күні қолдарында ұстаған алқызыл гүлдерімен жүздері бал-бұл жанып қуанып келгені кеше ғана еді. Енді міне,бойлары да, ойлары да өсіп, 4 жыл зымырап өте шығып,бал балалық бастауышпен қоштасар сәт те келіп қалғаны...

Апайларың жыр арнасын

Тілегін өлең жалғасын.

Шыңдарға шырқау самғаңдар

Қанаттарың еш талмасын!

Армандар алда қол бұлғар

Бағытын білің жолдың бар

Тарыдай болып келдіңдер,

Таудау азамат болдыңдар!

Жан-жақтарыңды таныңдар,

Жалындаңдар,жаныңдар!

Бала шақ балғын ұядан

Болашаққа жол салыңдар!

Өскендеріңді көрейін,

Өнгендеріңді көрейін.

Шәкірттеріммен мақтану

Менің де үлкен мерейім!-деп бастауыш оқу сатысын сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамдарын сақтап,үнемі жақсы оқуымызбен көрініп, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат пен азаматша болып өсіңіздер!-деп тілек айтамын.

Өткіздік талай күнді, талай айды

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды- деп қызықты балалық шақтан естелік ретінде суреттеріңізді табыстаймын.Әрқашан да жолдарыңыз ашық болсын.Сәт сапар,сүйікті шәкірттерім!

Ал ата- аналарыма айтарым: қырандарыңыздың білім қанаты ешқашан талмасын.Тек биіктерге самғасын дегім келеді.

1- жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан,ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата –ананы!

Сөз кезегін біздің қуанышымызды бөлісіп, өздерінің ақ тілегін ала келген ата- аналар атынан береміз.

2- жүргізуші: Азаматы болсын деп саналы елдің,

Кілтін бердің білімнің, сан өнердің.

Қимай-қимай біздерді аяулы ұстаз

Ақ жол тілеп , қол бұлғап қала бердің.

1 –жүргізуші: Грустно звучит наш последный звонок,

В школе начальной закончен урок.

Наступает время раставанья

Доброго пути вам до свидания!

2- жүргізуші: Гудбай сее иөу сун!

Соңы

Жариялаған:
Максымбаева Сұлу
14 Қараша 2018
666
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі