Сабақтың тақырыбы: Отбасы.
Мен және біз
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
оқушыларға адамның үш жұрты болатынына
түсінік беріп, меңгерту, туған- туыстар
арасындағы байланыстарды ұғынуға
көмектесу.
Дамытушылық:
ойларын ашық жеткізе алуға баулып,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
туған- туыстарға деген сүйіспеншіліктерін
арттырып, ұйымшылдыққа, татулыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:сайыс сабағы
Әдісі:
ой толғау, ашық пікір, сұрақ- жауап,
көрнекілік, ой шақыру, топтастыру,
баяндау.
Көрнекіліктері:
отбасылық сурет, топ аттары, суреттер,
сөзжұмбақ
Сабақтың
барысы.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Психологиялық
ахуал.
Үлкенге
де сіз,
Кішіге
де сіз,
Салем
бердік сіздерге,
Құрметпенен
біз.
Мынау
менің жүрегім,
Бәрі
осыдан басталған.
Сынау
басыс ақылды,
Бәрін
осы басқарған.
«Алма
жинау» ойыны арқылы үй жұмысын 3-4
оқушыдан сұрап бағалау.
Адамның
сезім мүшелері
Топқа
бөлу:
IIҰлдар
тобы: Сөзжұмбақ шешу.
Қойда
бар, лақта жоқ.
Ойда
бар, бақта жоқ. ( О)
Рәміздердің
бірі. ( Ту)
Еңбек
құралы (балға)
Ең жақын
адам. (Ана)
Уақытты
немен білеміз (сағат)
Ырыс
алды …
О
Т У
Б А Л Ғ А
А Н А
С А Ғ А Т
Ы Н Т Ы М А Қ
«Қыздар»
тобына жұмбақ шешу.
Мағанда,
сағанда,
Жақын
туыс бес адам.
Үш
әріптен тұратын,
Оңға
оқы, солға оқы.
Өзгермейді
еш одан,
Бәрі
өз жұртың,
Айтады
кәне кім атын?(апа, ата, аға, іні, апа)
Осы
кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға
болады? ( отбасы, жанұя, семья)
Балалар,
сөзжұмбақты шешу арқылы, біздің бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы –
«Отбасы және туған- туысқандар» шығады.
III.. –
Отбасы туралы не білеміз?
Онда кімдер бар? Олар бір-бірімен қалай
тұрады?
«Ұлдар»
тобы: Отбасы- адам
баласының алтын діңгегі. Өйткені адам
ең алғаш шыр
етіп
дүнеиеге келген сәтінен бастап осында
ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Отбасы
шағын мемлекет.Онда ата,әже,әке,ана,ұл
мен қыз бар.Отбасындағы адамдар
бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді.
Отбасының
басты қызығы кім? Баланың тәрбиесімен
кімдер айналысады?
«Қыздар»
тобы. Отбасының басты қызығы, - бала.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол. Отбасының әрбір
мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-
ананың, баланың міндетін атқару ғана
емес, берекелі, бірлік, сүйіспеншілік
пен ынтымақтастық болу
керек.
«Ұлдар»
тобы. Отбасы- шағын мемлекет. Әр
отбасында әке не шеше басшылық жасайды.
Олар
бірігіп жоспар құрады.Үйге қажетті
заттарды анамыз әкеледі.Әкеміз ақша
табады.Балалар ата-анаға көмек
береді.Әрқайсысының өз жұмысы бар.
«Отан-
отбасынан басталады» деген сөздің
мәнісі де осында.
-Балалар,
дұрыс айтасыңдар адамның жеке басының
қалыптасу отбасынан басалады. Жеке
адамның бойындағы ар- ұяты, ақыл- ойы,
адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-
қатынасы, мәдениетілікті тәрбиелеуде
отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы
өте қажетті, басқа ешнәрсемен өзгертуге
болмайтын баспалдақ.
Отбасы-
сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы-
бала тәрбиесінің ең алғашқы ұғымы.
-Балалар,
отбасы бақытты болу үшін не қажет?
-Келісім,
байлық, денсаулық.
- осы
жерде айтылғандардың қайсысы бірінші,
қайсысы екінші, қайсысын үшінші орынға
қояр едіндер?
-
отбасында денсаулық пен келісім болса,
бақыт ешқайда қашпайды деп айтсақ артық
болмайды.
«Ойланбай
жауап бер».
«Қыздар»
тобы:
Отбасын
кімдер құрайды? (ата, апа, ана, әке,
қарындас, сіңілі, іні)
Отбасында
адамдар бір- бірін қалай сыйлайды? (
көмекші, жәрдемші, қамқоршы)
«Ұлдар»тобы:
Ұл мен
қызды жасына қарай қалай атайды?
(қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
Ата мен
апа бірге тұрса отбасы болма ала ма?
Егер бөлек тұрса ше? ( бөлек тұрса басқа
отбасын құрайды)
V.Оқулықпен
жұмыс:
Оқулықты
тізбектеп оқыту.Сұрақ-жауап алу
« Текті
білу тегін емес»
Ата
тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін
құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат
болып өседі.
Балалар,
жеті ата туралы не білесіңдер?
VI.Дәптермен
жұмыс: (жеті атаны жаздырту)
Ата, 2.
Әке, 3. Бала, 4. Немере, 5. Шөбере, 6. Шөпшек,
7. Немене
Сергіту
сәті:
Оң
қолымда бес саусақ,
Сол
қолымда бес саусақ,
Бас
бармағым- әкем,
Балан
үйрек- шешем,
Ортан
терек- ағам,
Шылдыр
шүмек- әпкем,
Кішкентай
бөбек- мен.
Бір
үйде біз- нешеуміз?
Бір
үйде біз- бесеуміз.
VII.«Жалғасын
тап» ойыны.
«Қыздар»
тобы: мақалдың жалғасын тап.
Күннің
шуағы жылы,
……
(Ананың құшағы жылы).
Баланың
тілі бал,
…..
(Ананың сүті бал.)
«Ұлдар»
тобы:
Ата-бәйтерек,
…..(Бала
–жапырақ.).
Бірлік
болмай
…. (
тірлік болмас).
IX.Көрнекілік
принципі. Суреттермен жұмыс:
Әр топқа
бір-бір суреттен беріледі, суретке қарап
шағын мәтін құрастырту.
«Қыздар»
тобына: (сұрақтар қойылады)
Анаңның
туысқандары сендерге кім болады? (нағашы)
Сен
оларға (жиен)
Ана
деген кім? (ана- тәрбие беруші, ұл- қыз
өсіруші) Қыз деген (ертеңгі
ана)
«Ұлдар»
тобына:
Жігіттің
неше жұрты бар? (үш: өз жұрты, нағашы
жұрты, қайын жұрты)
Атаңа
сен кім боласың? (немере)
Неге
сендерді немере дейді? (баласының баласы
болғандықтан)
Әке
деген кім? ( әке- отбасы тірегі, асыраушы)
Ұл деген
кім? (ұл- ұрпақ жалғастырушы, қамқоршы,
әкеге көмекші)
X..
Өлең-тақпақ айту Әр топ отбасы туралы
тақпақ айтады,сурет салады.
Сабақты
қортындылау.Күннің шуағы арқылы
«Қыздар»
тобы:
Бәріміздің
ортақ үйіміз (Отан)
Отбасы
мүшелеріне не керек? (татулық, бірлікі
т.б)
Әке
мен анаға кім керек? (бала)
Адамға
ең қымбат жан (ана)
Қыздарға
өзінен кейінгі қыз кім болады? (сіңілісі)
Отбасы
адамдары бір- біріне кім болады? (туыс)
«Ұлдар»
тобы:
Әкеңнің
шешесі саған (апа)
Әкеңнің
әкесі (ата)
Сенен
кейінгі ұл бала кім болады саған? (інім)
Сені
дүниеге әкелген жан (ана)
Алтыншы
ата (шөпшек)
XII.Үй
тапсырмасы: оқып келу, сурет
салу
XIII.
«Жүрек жылуы» ( оқушыларға түрлі-түсті
жүректер тарату)
-атасын
жақсы көретіндер- қоңыр,
– әжесін
жақсы көретіндер – күлгін,
– әкесін
жақсы көретіндер – жасыл,
––
ағасы, інісін жақсы көретінде – көк,
–
апасын, сіңілісін, қарындасын жақсы
көретіндер- сары жүрекшелерді алыңыздар.
Олай
болса «Біз бәріңізді жақсы көреміз.
Отбасымыз аман болсын!
Күннің
шуағы тәрізді бір-бірімізге мейірімді
болып,жылуымызды беріп,қамқор болып
жүрейік!
Бағалау,мадақтау.