400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат."Қыздар,Көктем аруы" 4 -сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты басқа да мұғалімдерге тәжірибе алмасу үшін керек.Өзімнің сабақтағы қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімді басқа ұстаздарға уақыттарын үнемдеумен қатар өздеріне қажетті материалды пайдалануына мүмкіндік бергім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыздар! Көктем аруы» атты Қыз сыны байқаудың жүру барысы.

Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру,қазақ халқының салт дәстүріндегі қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу,инабаттылыққа,тәрбиелілікке,ізеттілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:»Қыздар! Көктем аруы»,»Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлері),мақал-мәтелдер.

1-жүргізуші:Армысыздар абзал аналар,ақ жаулықты әжелер,көктем гүліндей жайнаған апайлар,аяулы қыздар.

2-жүргізуші .Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші:Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл-күй тілей отырып, «Қыздар!Көктем аруы»атты Қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші:Арулар-аяулылар,ардақтылар.

Өмірге жылу болып қалмақ бұлар,

Арулар- тіршілікке күре тамыр.

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

1-жүргізуші:Сұлулыққа қарап көз тоймайды

Сұлулыққа өзін-өзі баяндайды.

Естілер құдіретті бүгінгі сөз

Қыз жайлы,ана жайлы,келін жайлы.

2- жүргізуші: Той пердесін ашайық

Жырдан шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.-деп ән жолдаймыз.

Ән : Орындайтын:

1-жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе?

Кім болса да бас иеді мойындап,

Қазақ қызы қарсы алдына келгенде,- деп бүгінгі сайысымызға қатысатын аруларды ортаға шақырып алайық.



1аруымыз –Бақытжанқызы Жансезім

2 аруымыз- Турсунова Ақбота

3 аруымыз- Ермаш Аружан

4 аруымыз-Искандер Диана

5-аруымыз- Жолдасбек Адина

Әділдікккпен баға берер аруларға әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасы...............



2-жүргізуші:Сайыстың шарттары:

1-бөлім: Өзін-өзі таныстыру

2-бөлім: Өз өнері

3-бөлім: Сұрақ –жауап

4-бөлім:Мәнерлеп оқу

5- бөлім: Үй тапсырмасы «Ас мәзірі»

6- бөлім-Сән үлгісі-деп аталады.Бұл бөлімде аруларымыз бүгінгі заманға сай сән үлгісін көрсетеді.

1-жүргізуші: Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы әдепті де әдемі,

Қазақ қызы ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі,-дей отырып аруларымызды өзін-өзі таныстыруына рұқсат етейік.

Қарсы алыңыздар.

І бөлім «Өзін-өзі таныстыру»

2-жүргізуші: №1 аруымыз-Бақытжанқызы Жансезім

1-жүргізуші: №2-аруымыз-Турсынова Ақбота

2-жүргізуші: №3-аруымыз-Ермаш Аружан

1-жүргізуші: №4-аруымыз-Искандер Диана

2-жүргізуші: №5-аруымыз-Жолдасбек Адина

Қазылар алқасы 1-бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.

Ән. Көңілді күн. Орындайтын Серік Айару



1- жүргізуші: ІІ бөлім «Өз өнері» аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

1аруымыз Бақытжанқызы Жансезімнің өнерін тамашалаңыздар.

2 аруымыз Тұрсынова Ақботаның өнерін тамашалаңыздар.

3 аруымыз Ермаш Аружанның өнерін тамашалаңыздар.

4-аруымыз Искандер Диананың өнерін тамашалаңыздар.

5-аруымыз Жолдасбек Адинаның өнерін тамашалаңыздар.



2-жүргізуші: Әділқазылар 2-бөлімнің бағасын қойғанша ән тыңдаңыздар.

Ән: орындайтын Жасмина

Білім құйған бойына

Қанып өмір жайына

Салт-дәстүрдің әр сөзін

Сақтап жүрген ойына-деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші:

ІІІ бөлім «Сұрақ-жауап» әр қатысушы келіп билет алу арқылы өздері таңдаған сұрақ парақтарын алып жауап береді.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Әділқазылардың ІІІ бөлімге қойған бағаларын тыңдаңыздар.

ІV бөлім «Мәнерлеп оқу» аруларымыздың мәнерлеп оқуын

тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Әділқазылардың аруларымызға қойған бағасын тыңдайық.

V бөлім «Ас мәзірі» үй тапсырмасын әділқазылардың алдына алып барады.

2-жүргізуші: Әділқазылардың берген бағасын тыңдайық.



1- жүргізуші:

Қазақ қызы-тамсандырған талайды,

Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.

Қазақ қызы күлкісі күн,тілі бал,

Ай секілді асқақ ару арайлы.-деп

VІ бөлім «Сән үлгісі» бөлімінде аруларымыз өздерінің сән үлгісін көрсетеді.



2-жүргізуші: Сән үлгісіне әділқазылардың берген бағасын тыңдайық.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көктем аруы» 2019 байқауы өз мәресіне жетті.Тамашалағандарыңызға рахмет,сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі