400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 сынып мұғалімдеріне керек. Мұғалімдерге менің жұмысымның көп септігі тиеді деп ойлаймын, мұғалімдердің уақыттары үнемделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 1-наурыз «Алғыс айту күні»

                               

Өмірге риза болып, алғыс айт

Халық даналығы

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

–          үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

–          әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;



І.Ұйымдастыру бөлімі:


А)Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені...»


В)Топқа бөліну(стикерлер бойынша)


ІІ.Жаңа сабақ.


Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.


Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.


Қызығушылықты ояту: «Алғыс» (ассоциация)


ІV.Топтық жұмыс:


1-топ: Алғыс айту күнi этносаралық достыққа және түсiнiстiкке әкеледi, өйткені...

2-топ: Өмірге риза болып, алғыс айт...


«Алғыс шары» балалар қағаздан жасалған шарларға алғыс жазады.

Қорытындылау:


«Ашық микрофон» әдісі бойынша (оқушылар бір-біріне сабақтан не үйренгенін, не білгенін, не түсінгенін айтып шығады).

































Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі










Іс-шара тақырыбы:


«Алғыс айту күні»











БББ-43 тобы Каирова А.











2018-2019 оқу жылы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Мектеп:

Сыныбы:1

Күні:

Мұғалім:

Оқу мақсаттары

Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру

Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйренеді

Көптеген оқушылар: ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамытады

Кейбір оқушылар: адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңіруге тырысады.

Құндылық

Денсаулықтың қадірін білу

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, жаратылыстану

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы






























Сабақтың ортасы

Психологиялық ахуал. Оқушылар бір рет қол шапалақтағанда маңдайларымен сәлемдеседі, екі рет қол шапалақтағанда иықтарын бір біріне тигізеді, үш рет шапалақтағанда құлақтарын бір біріне тигізіп сәлемдеседі.

«Алтын сандық» әдісі арқылы төрт топқа бөлінеді. Яғни сандықтың ішінде жұлдызшалар болады, жұлдызшалардың артында «Денсаулық», «Спорт», «Жемістер», «Тазалық» деген жазулар бар. Яғни бүгінгі тақырыбымыз «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» демекші төрт топқа бөлінеді.

«Денсаулықтың құпиясы»:

(Тақтаға түсті қағаздан гүл ілінеді.оқушылар гүл сабақтарына еркінше жазады.)

Мысалға:
1. Таза тұрып,таза жүру.
2. Таза ауададемалу,серуендеу.
3. Шынығуадамғакүшәкеледі.
4. Дұрыстамақтану.

5. Күлкі.
6. Демалу.
7. Тұлғанытүзуұстайбілу.
8. Зияндызаттарданаулақ болу.
9.Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.

Сөзжұмбақшешу:
1.Спорт ойындарындапайдаланылатыннегізгізат? (доп)

2.Өкпені құртатынулызат? (темекі)

3. Тұмаукезіндеішетінұнтақдәрініңаты не? (аспирин)

4.Тазалыққа пайдаланылатыннегізгізат? (сабын)

5.Адам тынысалуүшін не керек? (ауа)

6. Қандайадамдардыңкөңілкүйіболмайды? (ауру)

7. Жуынбайжүрген бала қандай бала? (жалқау)

8. Жалқаудыңдосы? (ұйқы)

9. Қоршағанортанықорғауүшін не керек? (тазалық)

Видео ролик«Денсаулық»

Видеороликті талқылау

Сабақтың соңы

Ойын. «Алтын қапшық»

Қапшықтың ішінде әр түрлі заттар болады. Ортаға көзі орамалмен байланған әр топтан бір оқушы шығады. Қапшықтың ішінен бір затты алып сипаттайды, сол затты тапқаннан кейін оның денсаулыққа не үшін қажет екенін айтады.

«Алтын сандықтың» ішінен әр топ тапсырмалар алады.

Тақырыпқа байланысты сурет салу, төрт жол өлең құрастыру, мақал мәтелдерді салыстыру, көрініс.

Сергіту сәті

Жүрек жылуы

Оқушыларға тек физикалық емес, адамның сана сезімдеріде денсаулыққа үлкен рөл атқаратынын түсіндіремін.

Қорытынды

«Қолшатыр...» Барлық оқушылар бүгінгі өткен сабақты қорытындылап қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

Мұғалім: Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.













Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж











Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде»





БББ-43 тобының студенті:Каирова А.









2019 оқу жылы




Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу.
Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Өздерінің ертегілер бойынша білетін мәліметтерінің қандай деңгейде екенін түсінеді.Жаңадан мәлімет алады.

Көркем әдебиетке деген қызығушылықтары оянады.

Өнерлерін ортаға салады.

Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат слайд, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Барысы:
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.Бүгін мектебіміздің 4 сынып оқушыларының өнерін, білімін тамашалайсыздар!
«Ертегі еліне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

 

Қажет мәліметтер: Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.

 Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

Қиял-ғажайып;

Хайуанаттар туралы;

Шыншыл ертегі;

Тұрмыс-салт ертегілері.

 Қиял-ғажайып ертегілерде жүрекбатыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.

Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.

Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.

Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілерхайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.

Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!

Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Шарипканова Томиристің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.

 -Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зарина Ережеповна

2.Бастауыш сынып мұғалімі Мухатова Райхан Шпекбаевна

-Ендеше сайысқа қатысатын топтармен таныстырып өтейін:

І топ «Ертегілер әлемі»

ІІ топ «Қазақ ертегілері»

ІІІ топ «Ғажайып ертегілер»

 б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:

І бөлім – «Беташар»

ертегі түрлерін анықтау.

ІІ бөлім – «Әдебиетшілер»

оқылған үзінді бойынша ертегіні табу.

ІІІ бөлім – «Кім жылдам?»

Ертегілерде кездесетін ғажайып, сиқырлы заттар.

кім тез осы заттарды атап береді.

IV бөлім –«Нағыз әртіс»

белгілі бір өлеңді ертегі кейіпкері рөлінде оқып беру. (түлкі, мыстан кемпір, Алдар көсе, ханшайым, )

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі немесе Ұзын мұртты құмырсқа

V бөлім – «Кім білгір?»

сурет бойынша ертегіні тап (Слайд)

Ертегі түрлері

Ертегі ні үзіндісі бойынша табу.

Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді. 5 ұпай

   Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да: 
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
  4 ұпай

Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: 
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
  3 ұпай (қаңбақ шал)

Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. 5 ұпай

Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал: 
 -  Қой, сен түк білмейсің! - деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді.
4 ұпай

Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп түйешіден: 
 -  Бұл кімнің түйесі? - десе:
 
 -  Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді. «Бұл Қазбай - баяғы қаз екен», - деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:
 
 -  Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:
 
 -  Бұл Қазбайдың қойы, - дейді.
  3ұпай


Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. 5 ұпай


«Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.4 ұпай

Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.3 ұпай

 Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. 5 ұпай

Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. 4ұпай

Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.3ұпай


Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады.5 ұпай

Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. 4 ұпай

Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.3 ұпай

6. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. 5 ұпай

Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. 4ұпай

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. 3 ұпай

7. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. 5 ұпай

Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. 4 үпай

Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:

-        Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді.3 ұпай

8.) Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап жиылған көпке айтады: 5ұпай

- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.4 ұпай

Өзгелері қарап тұрғанда түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді», - деп тышқанның сөзін қостайды. Бәрі қарасып тұрады, біраздан соң тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз», - деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқан жылды бәрінен бұрын көріп хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. 3ұпай

Ертегілерде кездесетін ғажайып, сиқырлы заттар.

кім тез осы заттарды атап береді.

4.сурет бойынша ертегіні тап (Слайд)

-Осымен ертегілер еліне саяхатымыз өз мәресіне жетті.Ендігі сөзді жеңімпаз топты анықтау үшін әділ қазылар алқасына берейік .


Құрметті сайысқа қатысушы оқушылар. Өздеріңнің ертегіні білу деңгейлеріңнің қаншалықты екенін байқаған боларсыңдар.Бұдан былай бос уақыттарыңда кітапханаға барып ертегіні көп оқуға тырысыңдар. Халық ауыз әдебиеті арқылы білімдеріңді толықтырыңдар.Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.










Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж











Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Ертегілер еліне саяхат»





БББ-43 тобының студенті:Каирова А.















2019 оқу жылы

Shape1


Тақырыбы:

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!»








Мақсаты:

1.Білімділік : темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру;

2.Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу

3.Дамытушылық: осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта,плакат,кеспе қағаздары

Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. «Кел танысайық»

III.“Бәйге” ойыны

IV. “Көкпар” тартыс ойыны

V. Ситуациялық жағдайдан шыға білу

VI. Плакат қорғау

VII. “Уланбасын өмірің” көрініс

VIII. Қорытынды.

I-кезең Ұйымдастыру

1. оқушыларға сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысы айтылады

2.сынып үш топқа бөлініп,топ басшысы сайланады.

3.жұмыс істеу тәртібімен,яғни ойын кезеңдерімен таныстырылады.

II-кезең «Кел танысайық»

1-топ Шылымқорлық

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»

1оқушы: Темекі жапырағында никотин уы бар.Ол жүректі,миды,өкпені уландырады.Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда,шылым шегетіндер көп ауырады.Темекі тарту жаман ауруға душар етуі де мүмкін.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады.Ең жақсысы оны ешқашан тартпау,ауызға алмау.


2оқушы: Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды ол

Қанша айтсанда алмайды тартпа деген тіліңді ол

Қой десеңде қоймайды,көк түтінге тоймайды

Сора сора уыты өн бойыңды жайлайды,

Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды

Шылымсыз тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді,

Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді

3 оқушы : Көк түтінге жас өкпені ыстама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір

Әуес көріп ұстамасты ұстама

2-топ Ішімдік

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір»


1 оқушы: Маскүнемдік-үлкен қасірет.Адам ағзасының бауырын зақымдап бірден миға әсер етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап бере алмайды.

2оқушы : Мен қорқамын темекінің тұтқыны болған жастардан

Мен қорқамын ішімдіктің құрығына түскен жандардан

Мен қорқамын зиянды затқа құмар боп

Денсаулықтан айырылған мына қауымнан

3 оқушы: Арақ аздың ажалы

Ақшаның тажалы

Ырыстың қырсығы

Абыройдың мылтығы

Жақсылықтың жаңқасы

Төбелестің арқасы


3-топ Нашақорлық

Ұраны: «Есірткіге жолама,жетелейді молаға»

1оқушы : Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің бірі.Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды.Ондай зардапқа тап болудың бірден бір себебі қоршаған ортасының да ықпалы аз емес.Сондықтан дос таңдай білу де аса маңызды.Халқымыз Есіркіден есіргендер деп бекер айтпаса керек.

2 оқушы : Нашақорлық жайлаған індет білем,

Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем,

Күресуге ғасырдың тағдыры үшін

Оған сенде міндетті,міндетті мен!

III-кезең «Бәйге» ойыны

1-топ шылымқорлық.

1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?

2.Темекіні тастауға болама?

2-топ Ішімдік

1.Ішімдік суықта тондырмайды дейді.Оның қаншалықты шындығы бар?

2.Ішімдік тамаққа тәбетті ашып,асқазанның қорытылуына көмектеседі ме?

3-топ Нашақорлық

1.Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе?Неге тез беріледі?

2.Адамның нашақор екенін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?

IY-кезең «Көкпар» тартыс ойыны

Бұл кезеңде топтар кезектесіп мақал айтады. Ең көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады. Топтар ең алдымен топ ішінде 2-3 минут дайындалады.

1-топ: Ауру қалса да, әдет қалмайды.

            Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

            Тәні саудың - жаны сау.

            Ауру баптандап кіріп, мысқылдап шығады.

2-топ: Іздеп алған аурудың емі табылмас.

            Аурудың алдын ал.

           Тазалық – саулық негізі.

            Саулық – байлық негізі.

3-топ: Жігіттің дені сау болса – сол дәулет.

            Ауру қадірін сау білмес,

            Аш қадірін тоқ білмес.

             Ауруын жасырған өледі.

            Бас аман болса, бөрік табылады.


V- кезеңСитуациялық жағдайлардан шыға білу

1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?

2.Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?

3.Саған 11-сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық.Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?


VI-кезең Плакат қорғау.

Бұл кезеңде әр топ өз плакаттарын қорғайды.

VII- кезең «Уланбасын өмірің» көрініс

Әр топ дайындап келген көріністерін көрсетеді.

1-топ. Шылым шегудің «пайдасы»

2-топ. «Дәрігерге шағым»

3-топ. «Спортшы қыз» әңгімесі.

VIII-кезеңҚорытынды.

Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек. Күй .















Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж











Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Зиянды әдеттерден аулақ бол!»







БББ-43 тобының студенті:Каирова А.







2019 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.

Сабақтың мақсаты: 1.Ою- өрнек туралы түсінік беру қазақ

халқының ою- өрнек түрлеріне сипаттама

беру.

2.ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән

беру арқылы оқушылардың шығармашылық

қабілетін дамыту.

3.ою- өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін,

білімін жан- жақты дамыту, халқымыздың

асыл мұраларын, салт- дәстүрін, өнерін

құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: танымдық-шығармашылық

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрінекілігі: слайдтар: «Ә.Қастеевтің сөзі», «Ою -өрнектер»

альбомы

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, математика.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

2. Жаңа сабақ.

« Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.»--

Ә.Қастеев.

Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының біреуі зергерлік болса, екіншісі ағаш өңдеу өнері. Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою-өрнек өнері.Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.

Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

ІІІ. Ертегімен жұмыс.

Оған мысал ретінде «Ою хан мен Жою хан» аңыз әңгімесін айтуға болады.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт-дәстүрді, ою-өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.

Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп-біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.

-Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармай.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі-дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан:

-Жойылсын, Жою хан! –деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң-құстың барлығын емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды.

-Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр.

Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, ойланып, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып, оқиғаны былайша тарқатады.



-Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?

-О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел-жұрты қайта хан көтереді.

Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған.

Бұл аңыздан ою-өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.

Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі –ол қолданбалы өрнек өнері.

Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі:

  • 1. Зооморфты

  • 2.Өсімдік пішіндес

  • 3. Геометриялық

  • 4. Космогониялық




Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.


«Құс», «түйе табан», «итқұйрық» ою-өрнектері кебеже, жүкаяқ,әбдіре, асадал сынды бұйымдарда, ал өсімдік пішіндес оюлар «гүл», «жапырақ», «қырмызы гүл», т.б. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай топтастырып беріліп отырған. Геометриялық өрнектер кілемде, шым шиде, ағаш пен тастан өңделген бұйымдарда сондай-ақ барлық дерлік бұйымдарда композиция құру барысында пайдаланады. Космогониялық өрнектер көбіне кілемде, жүзіктерде кездеседі.

Жоғарыда өрнектердің композициялық құрылымы дегенді айттық.Композиция дегеніміз -өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу.

Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз- шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер.

Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек. Симметрия дегеніміз- ою өрнектің екі жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны- ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады.

Мысалы: көк түс – аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді, қызыл түс – оттың, күннің белгісі, қара түс – жердің түсі, берекенің белгісі, сары түс – ақыл, парасат, байлықтың белгісі, ақ түс – қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі, жасыл түс – жастықтың, көктемнің белгісін білдіреді.

Сонымен қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Жалпы алғанда ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.

Шеберлер бұйымға салатын ою - өрнектерді жүйелеп, бояуларын да үйлестіре біледі.

АShape2

Айдос Мұратов (1881-1970) жылдар аралығында өмір сүрген. 1945 жылы ҚССР Министрлер Советі жанындағы Архитектура істері жөніндегі мемлекеттік комитет шақырады. Мұнда ол алғашқы Қазақ совет архитекторы Төлеу Бәсеновтың басшылығымен мәдениет орындарына қазақтың түрлі ұлттық ою - өрнегін салу жөніндегі көрсету шебері болып жұмыс істейді. Абай атындағы академиялық опера және балет театрын безендіру жұмысына қатысты. Қазақ қол өнерін дамытудағы еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен наградталды. Бұл кісінің жасаған бұйымдары мұражайларда сақтаулы тұр, кейбір үйлерде әлі күнге дейін бар.





ртында өшпес із қалдырған қолөнер шеберлері біздің өңірде де баршылық. Соның бір – екеуіне тоқтала кетейік.

Shape3

Баймағамбет Оразымбетұлы (1900 – 1994) жылдар аралығында өмір сүрген. Оның жасаған ер – тұрманы 1944 жылы Мәскеуде көрмеге қойылған. Ақтөбе мұражайында жасаған зергерлік бұйымдары тұр.



Сергіту сәті. Мақалдың жалғасын тап.

  • 1.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды ...

  • 2.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ...

  • 3.Ер қадірін ер білер, зер ...

  • 4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ...

  • 5.Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің ...

  • 6.Не ексең, соны ...

  • 7.Екпей егін бітпес, үйренбей ...

  • 8.Ақыл көпке жеткізер, өнер ...

Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздерді дәптерге жазу.

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

  • Сарамандық жұмыс.

  • Қағаз бен қайшы алу, қағазды бүктеу әдісімен ою ою.

Жұмысты саралап сараптау, баға беру.

Сабақты бекіту: екі топқа екі түрлі тапсырма беру арқылы бекітіледі.

1.Оюларды өз тобына жинау.

2.Графикалық диктант.

1.Композициялық құрылымына қарай ою-өрнек екі топқа бөлінеді.

2. «Қошқар мүйіз» зооморфты өрнек түріне жатады.

3.Композиция дегеніміз - өрнектерді салыстыру.

4.Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің бір жағының үлкен болуы.

5.Өрнек дегеніміз – бұйымның сыртына түсірілетін әшекей.

6.Көк түс – жастық, көктемнің белгісі.

Үйге тапсырма: Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою-өрнектерімен салыстыру.




Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж











Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.»







БББ-43 тобының студенті:Каирова А.













2019 оқу жылы

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж











Тақырыбы:



Shape4







Өткізген :Каирова А.











2019 оқу жылы



Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.
Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.
1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты
2. Іс - әрекетке байланысты
3. Қыз балаға қатысты
4. Нанға қатысты
5. Бесікке қатысты
6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты
7. Киім киюге қатысты
8. Жол жүруге байланысты
Ұлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар
1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар
2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар
3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар
4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар
5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар
6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдар
Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.
Іс - әрекетке байланысты тыйымдар
Үйге қарай жүгіруге болмайды.
Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.
Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.
Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді.
Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.
Аманатқа қиянат жасама.
Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.
Қыз балаға қатысты тыйымдар.
Қыз бала шашын жайып жүрмейді.
Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.
Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.
Әлем - жәлем киінбе.
Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.
Қызға қырық үйден тыю.
Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ аналар.
Бесікке қатысты тыйымдар.
Бос бесікті тербетуге болмайды.
Үйге келген адамға бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей - ақ білдірген.
Бесікті саудалама
Бұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.
Жол жүруге қатысты тыйымдар.
Жолға шығып бара жатқан адамнан «қайда барасың?, қашан келесің?» деп сұрамайды. Бұл адамның көңілін алаңдатып, сәтсіз сапарға ұрындыруы мүмкін. Тек іштей тілектес болып қалуы керек.
Барып, қайтар жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық, күпірлік болады. «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп нысаппен сөйлеу керек. Қазіргі кезде болып жатқан көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол жүру қағидаларын ескермегендіктен деп ойлаймын.
Киім киюге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.
Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.
Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.
Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер, жәндіктер түсіп кетуі мүмкін.

1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.
5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.
Қорытынды.
Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі