Материалдар / Тәрбие сағаттар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
1534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.


Сабақтың мақсаты: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.


Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: панорамалық сабақ


Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.


Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші сұхбаты.
3.
Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.
1) Семья сөзінің аудармасы;
2) Әкенің әкесі;
3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.
4) Шеше сөзінің синонимы;
- Қандай сөз пайда болды? (Отан) Отан деген не? Отан деген сөздің мағынасы – ол адамның туып - өскен жері. Отан туралы қандай
өлең жолдарын білесіңдер? (1, 2 оқушы оқиды)


- Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан отбасынан басталады».


II. Жаңа сабақ. Білгенге маржан.
1
. Мұғалім сөзі. – Жаңа мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды. Балалар, біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (
Тәуелсіз)


Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан». (дәптерлеріне жазады, эпиграф туралы айту)
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет, астанасы – Астана қаласы, президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, бай мемлекет. Дұрыс, енді қазір жаңа мәтінмен таныс боласыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.
рәміздер – символы
ұлт өкілдері – представители национальностей
тату – дружные
ұлттық – национальные
тағам – блюдо, еда
табиғат – природа
мақтан етеміз – гордимся
1) мұғалім оқиды;
2) 1 - қатар хормен қайталайды;
3) 2 - қатардан бір бала оқиды;
4) 3 - қатардан бір бала оқиды;
5) 1 мин. есте сақтау;
6) Сөз тіркестерін құру.






- Мәтінді мұғалім оқиды.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 22 жыл болады. Оның өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату. Әр халықтың өз салт - дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі.
Біз Отанымызды мақтан етеміз.
1.
Аудирование. – Мәтін не туралы? Оқушылар түсінгенін айтып береді.


Қазақстан туралы шағын диалог құрастырыңдар.
Ә) «Не артық?» тапсырмасы. Кім қаншалықты түсінгенін білу үшін келесі тапсырмаға назар аударыңдар. Неге олай деп ойлайсың? Өйткені...
IV. Жаңа білімді бақылау. Өзіңді тексер. Интеллектуалды ойын. (оқушылар тақтаға шығып өзіне сұрақ белгілеп, жауап береді)
V. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім – көңілге түйгенім.




























1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады [1]. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. 1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болы өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең—байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» [2, 3 б.]. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды [3, 58 б.]. АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, сол уақыттарда тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш үкіметінің мүшесі, Премьер—Министрдің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, халықымыздың сеніміне кірген қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов өзінің 2005 жарық көрген «Серпінді кезең» атты еңбегінде еліміздің даму қарқынына былайша баға береді: «Қуатты саяси, экономикалық, әлеуметтік және демократиялық қайта құрулар көп ғасырлық тарихымыздың қойнауында өткен заманның ешбір кезеңінде болмаған мүлде жаңа үрдіс, тың құбылыс жағдайында дамып келеді. Біз саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен бірге оны нығайта түсуге және өзіміздің қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісін жасауға қол жеткіздік. Тоталитарлық жүйенің құлдырауымен бірге КСРО—ның ұлттық саясатының тым идеологияландырылып жіберілген, түбірімен қате ұлттық стратегиясын 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі аяусыз әшкерлеп берген болатын. Сондықтан аяғынан енді ғана тұрған Қазақстан мемлекеті үшін мүлдем жаңа ішкі саясат жүргізуі тиіс еді. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Біздің Республика этносаралық жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын бүкіл әлемге сенімді түрде дәлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің қазақстандық моделі қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Әрі оған басқа мемлекеттер де қызығушылықтарын білдіріп отыр. Бұл бір экономикалық формациядан басқа, үлкен экономикалық қиындықтар мен әлеуметтік проблемаларға өтудің кезіндегі кедергілерге қарамастан адамдар арасындағы бір—біріне деген сенімнің болғандығының жарқын көрінісі болып табылады» [4, 149 б.]. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған. Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді. Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттірмес басты мәселеміздің бір болып саналатын — тіл саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты байыптылық танытып жүргізіп келе жатырмыз. Дегенмен, Қазақстан халқы мынаны түсінулері керек: қазақ тілі осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайды, бұл тілдің басқа Отаны жоқ. Мемлекеттік саясатта бұл тілге алдағы уақытта да басымдылық беріледі. Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін әрбір азамат бұл тілді білуге міндетті. Тіпті қазақстандық патриотизм бізді осыған жетелеуі қажет. Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен кейінгі екінші орында көрсетілген. Барлық қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принцип пен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Ол үшін Қазақстанда бірінші қазақ халқының түпкілікті ұлттық мүдделері дұрыс шешілгенде ғана өзге ұлттар мен этностық топтардың дамуына жол салынады. Әр бір азамат Қазақстан — менің Отаным, менің елім деген ұранның маңайына топтасуы керек. Тәуелсіз даму кезеңінде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз елімізге ғана тән үлгісі қалыптасты. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше ролі туралы айтпай кетуге болмайды. Ол шын мәнінде 16 жылдық уақыттан бері өзінің басты міндеті, ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үшін барлық этностық топтардың мүддесін сәйкестендіретін қызметті жүзеге асырып келе жатқан құрылым болып табылады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының беделі айтарлықтай жоғарылап, конституциялық ұйымға айналды. Парламентке өз өкілін жіберуге мүмкіндік алды. Сондықтан ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі халықаралық қоғамдастықтың тарапынан жоғары бағаланатынына ешкімді де таң қалдырмасы анық. 2010—жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ—на табысты төрағалық етуіне жәрдемі тиген негізгі деректермен, дәйектердің арасында еліміздің ұлтаралық және дінаралық келісім тәжірбиесі болғаны құпия емес. Халқымыздың толеранттылығы мен даналығына негізделген салмақты мемлекеттік саясаттың нәтижесінде бізге өткен жылдар бедеріндегі қандай да бір қиындықтарға қарамастан, елімізде ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік берді және бұл сөз жоқ, біздің маңызды стратегиялық ресурсымыз. Тек бірлік пен тұрақтылық жағдайында ғана келешек дамуымызға қатысты кең ауқымды міндеттер қоя аламыз. Болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына барлық қазақстандықтар күмәнсіз сенеді. Осындай секіріс жасау үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. Бай да бақуатты Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді біртұтас рухани, мәдени, экономикалық және саяси жүйенің желісін айқындап, олардың қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шет елдермен екі арадағы шекараны дәйектілікпен бекітті. «Қазақстан—Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» заңына сәйкес 1999 жылы мемлекет басшылары шекаралық мәселелерді толық реттеп, құжатқа қол қойды. Бұл келісім—шарттың тарихи маңызы ерекше зор еді. Себебі Қытай 15 мемлекетпен шектеседі. Олардың бізден басқа бір де біреуімен Қытайдың толық шекаралық келісімі әлі жоқ. Ғасырдан ғасырға созылған шекаралық дауға соңғы нүкте қойылды. Енді 1782 шақырымдық шекара сызығындағы белдеу халықаралық деңгейде мойындалған заңмен қорғалады. Ал 2005 жылы 18 қаңтарда әлемдегі ең ұзын шекаралық белдеу болған Қазақстан—Ресей шекарасы анықталып, БҰҰ тарапынан мойындалды. Қазақстан—Ресей шекаралары құрлықтағы ең ұзын шекара болып табылады. Оның ұзындығы — 7591 шақырымды құрайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны межелеу сияқты саяси салмаға ауыр мәселе әлемдік халықаралық құқықтық тәжірибеде өте сирек кездеседі, соған қарамастан қысқа уақыт аралығында шекара сызығының барлық нүктелері келістірілді. Қазақстанның Республикасының мемлекеттік шекарасы белгіленді [5, 163 б.]. Елімізде индустриялдық—инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы әрі ұлттық жетістігіміз—Астана қаласы бой көтерді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасын және оның Елордасы—Астананы бүкіл әлемге паш етті. Елордамыз—республиканың бас қаласы—Астана күннен—күнге көркейіп қанат жайып келеді. Оның бүгінгі бейнесінің өзі—ақ көз алдымызға Еуразияның келешектегі жұртқа мәшһүр шаһарын елестетеді [6, 61 б.]. Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым—қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ЕҚЫҰ—ның 56 мемлекетінің басшылары елордамызда бас қосып, Астана доктринасының бірауыздан қабылдады. Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін және қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Өсіп—өркендеген және қуатты Қазақ елі Елбасы бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны болады. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген әрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Қазір іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет болдық. Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани—мәдени жаңғыруға қол жеткізілді. Қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Республикамыз Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік—мәдени салаларға да реформалар жүргізілді.













Тәрбие сағатының тақырыбы: "Ұлттық валютат төл теңгеміз"                                    

  Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады                                                                 

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)


1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар!                              

«Ұлттық төл теңгеміз» атты тәрбие сағатымызды  бастаймыз.

Кіріспе сөз:

Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

І бөлім:  Тарихи толғау

  1-жүргізуші:  Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды.  Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.

2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

2-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

2-жүргізуші: Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

ІІ бөлім: Сұрақ-жауап сайысы

 Сайысымыздың «Кім жүйрік ?» атты екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып

1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс   

 1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы- Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі- Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы - Манат
7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика
8. Армения валютасы - Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер
10.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер -Банкнот
11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу - Транзит
12. Монғолия валютасы - Тугрик
13. ҚР ең алғаш астанасы - Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!