400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаттары бойынша жүргізілген жұмыстар есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаттарында өткізілген тәрбие сағаттарының есебі.Мақсаты және міндеттер бойынша атқарылған фото есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

2014-2015 Оқу жылы бойынша II - жартыжылдықта жүргізілген

7 "В"сыныбының жұмыстарының есебі

Сынып жетекшісі: Ахмедиева Айгүл Төкенқызы

7 "В"сыныбының тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Белсенді азаматтық ұстаным – әрбір қазақстандықтың парызы»

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Оқушылардың жеке, жас ерекшелектерін, физиологиялық, психологиялық, интелектуалдық және де басқа қабілеттіліктерін, білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, жеке бейімділіктерін есепке ала отырып, оларды оқытуға, тәрбиелеуге, дамуға бағдарлау.

Қаңтар айында 19.01 күні Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына орай арналған тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатында түсінік беру.


Сынып 3 топқа бөлініп "Хандар тобы" Керей мен Жәнібекті Назарбаевпен салыстырады."Батырлар тобы "Қазақ хандығын Қазақстан республикасымен салыстырады."Билер тобы" Қазақ хандығының территориясын Қазақстан республикасымен салыстырады.

Қаңтар айында 12.01 күні Өзін -өзі тануға байланысты отбасы тәрбиесіне байланысты тәрбие сағаты өтті.

Сынып сағатының мақсаты:
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Өмірде өз орнын таба білуге үйрету.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну.Тұлғаның өзін өзі тануы айналасындағы жақындарының сүйіспеншілігі қамқорлығы екендіген білу.





Оқушылар 4 топқа бөлініп отбасына байланысты өздерініе берілген тапсырмаларды бірігіп орындап, постер құрып ортаға өз ойларын білдірді.Сабақ соңында стикерге әр оқушы өз отбасына тілек лебіздерін білдіріп тақтаға ілді.



Қаңтар айының 26.01 күні Досыңа қол ұшыңды бер тақырыбына байланысты тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру 

                 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету  

                 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

 

Оқушылар бір-біріне тілек лебіздерін іс қимыл әрет арқылы түсіндіріп,өздерінің көңіл күйлерін көтерді.Көрсетілім арқылы достық сезімдерін сыныптастарына білдірді.




Тәрбие сағатында оқушылардың бойлары серігіп, жүздері күлімдеп қалады.


Ақпан айында сыныппен "Алғашқы махаббат" және "Жер мен көктің арасы" көрсетіліміне театрға бардык. Оқушылардың бәріне көрсетілім өте ұнады үйлеріне жақсы көңіл күймен оралды.





Ақпан айында Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге байланысты "Еңселі әнұран айбынды елтаңбам тұғырлы туым" атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты:Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.




Ақпан айының 16.02 күні салауатты өмір салтына байланысты тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.Сабақта оқушыларға әр түрлі тапсырмалар берілді, оқушыларға өз ойларын ортаға салу ұсынылды.




Слайдта берілген тапсырмаларды әр оқушы өз ойын ортаға салып түсіндірді.


Наурыз айында аналар мерекесіне орай "Аналар асыл жандар " тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты:Балаларға көктем туралы, 8 - наурыз туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру, ананы сүю арқылы еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оқушылар 4 топқа бөлініп әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындады.Отбасында анаға деген құрмет ізеттің қандай болу керек екендігін ортаға салып талқылады.Әр оқушы түрлі түсті қағаздарға өз аналарына тілектерін білдірді.Әр топ аналарға арналған әндерін айтты.




Наурыз айында отбасы тәрбиесіне байланысты "Отбасы алтын- діңгек"тәрбие сағаты өтті.Сабақ мақсаты: Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Ұлыстың ұлы күніне орайм 20.03 күні "Наурыз - жыл басы" тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.7 қазақ сыныптары арасында оқушылар бір-бірлеріне қонаққа барып көрсетілімдерін тамашалады.7 "а" сыныбында тұсау кесер рәсімін тамашалап қайтты.

Сәуір айында оқушылардың психалогиясының дұрыс дамуына ықпал етуге "Отбасы - адам бақытының негізі "атты тәрбие сағаты өтті.Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Сынып сағатында оқушылар 3 топқа бөлініп тренингтер арқылы отбасында өздерін қандай бақытты сезінетіндерін көрсетті.Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды ортаға постер құрып қорғап тілектерін білдірді.Ән айтып көңілдерін көтерді.



Сәуір айының 06 күндері экологиялық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аяла»
Мақсаты: :
оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;

Оқушылар 4 топқа бөлініп экологиялық проблемалар жайлы талқылып,оның болдырмау жолдарын қарастырды.



20.06 күні "Спорт-денсаулық кепілі " тәрбие сағаты өтті.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Спорттың көп түрі бар: волейбол, баскетбол, гимнастика, суда жүзу т.с.с. денешынықтыру сабағында денсаулықты қалыптастыруды негізгі мақсат етеді. Барлық оқушы өз таңдауымен спорт түрлерімен айналысса, бос уақытын тек шынығуға арнаса, ондай оқушы ешқашанда ауырмаса керек. Сонымен қатар адамның таза ауада, табиғат аясында болуы да шаршаған жүйке тамырларын демалдырады, денсаулығын жүйелейді. Сондықтан да спортпен айналысуды дағдыға айналдыруды мақсат етіңіздер деп сабағымызды бастадық.Әр оқушы өзінің күнделікті уақытты қалай өткізетіні және жеке гигиенасын сақтау жолдарын айтуға ұсынылды.Өмірде кездесетін жат қылықтардан аулақ болу,денсаулықтың негізі екені айтылып кетті.

Сәуір айында маршрут картасы бойынша 7 "в"және "г" сыныппен жаяу 5 км жүріп өттік .№ 53 мектеп-лицейінен шығып Бауыржан Момышұлы паркіне барып одан Домалақ Анаға ары қарай Жамбыл Жабаев ескерткішіне барып қайттық. Дінмұхамет Б. Момышұлының өмір баяны жайлы және тақпақтарын айтып өтті.Асқар Домалақ ананың өмір баяны кесенесі жайлы басқа оқушыларға баяндап кетті.Ж Жабаевтың тақпақтарын өмір баянын Ғалия мен Мадияр айта кетті.







Мамыр айында жеңістің 70 жылдығына орай "Аталардың даңқы өшпейді " тәрбие сағаты өтті. Тәрбиелік  мақсаты: Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата-бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен  өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.



18.05 күні Жолда жүру ережелері мен өмір қауіпсіздігі негіздері тәрбие сағаты болды .

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету.  3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.



20.05 күні 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты сынып сағаты өтті. -Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

Оқушыларға видио көрсетілім,слайд арқылы түсінгендерін ортаға өз ойларын айтуға берілді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
4789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі