Материалдар / Тәрбие сағат:Тәуелсіздіктің жетістіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат:Тәуелсіздіктің жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАР ОДАҒЫ АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ

«Бекітемін»

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
__________А.Е.Кабдолланова

«____»_______2021 жыл




Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздіктің жетістіктері





Дайындаған:Өмірханова А.Ө

Топ:3ВФ-11













Семей қаласы





Тақырыбы: Тәуелсіздіктің жетістіктері

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд,қазақ елінің тәуелсіздікке арналған суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.

Тәрбие сағатының барысы: 

І . Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме !

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздікдің жетістіктері» деп аталады.

Топпен бірге әнұран айтылады.
Әнұран:
Студенттерге сұрақтар қойылады.


Қазақстан туралы не білеміз?

Студенттердің жауабы.......
Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздіктің жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Қазақстан жетістіктері:

1991 жыл:

- 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

- 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

- 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

- 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

- Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

- 5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.

- Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

- ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:


- 1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

- 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

1997 жыл:

- Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

- -20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

- Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.

- 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

- ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

- Білім заңы қабылданды.

- 11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

2002 жыл:

- Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

- «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

- Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

- Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2013 жыл:

- «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

- 2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл:

- Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

- Қостанай қаласына 80 жыл толды.

- Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

- Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

- Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Мұғалім: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздеріне тоқталайық.


1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.
Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және

Н.Ә. Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.  Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран          және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты  белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал   екенін көрсетеді.
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі  өмірі мен келешек арманы айтылған.

Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай ел?.
Студенттердің жауабы.........

Мұғалім:
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды.

 Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.

Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.
Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – 
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп
бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылағым келеді.


Тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!