Материалдар / Тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
390
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

.Мен –өмірді сүйемін!Сабақтың мақсаты Оқушыларға өмірдің мәні неде екенін туралы түсінік беру.Сабақтың мақсаты1.Оқушылардың өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту. 2.Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру.3. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге баулу.Ақпараттық құралдарҚанатты сөздер:1. «Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы»М.Мақатаев2.«Өмір –теңіз,өтіп кетем демеңіз,Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз». Рудаки.3.«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар, батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау». Д.Ж.Неру.

Тәрбие сағатының барысыІ.Ұйымдастыру кезеңіШаттық шеңбері. Өміршендік ережесі.Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа  жетуге талаптанып,Өміршеңдік ережелерін айтайық. Барлығы бірге айтады.1. Жігер деген - Мен2. Күш деген - Мен3. Кешірім деген - Мен4. Жасөспірім деген - Мен5.Жастық шақ деген - Мен6. Денсаулық деген - Мен. 7.Адалдық деген - Мен8. Жарқындылық деген - Мен9. Бар ғажайып деген - Мен  Бәрі маған байланысты,  Бәрі менің қолымда. ІІ. Тақырып бойынша жұмыс1.Мұғалім сөзі:Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар!Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап отырсаңыздар.Адам күліп қарсы алады таң нұрынАдам жырлап жөнелтеді әр күнінСәл қайғырса , ол ұғына түседіДүниенің кеңдігі мен тарлығынАдам күліп қарсы алады таң нұрынАдам жырлап ұзартады әр күнінСәл қуанса , шығарады ол естенДүниенің кеңдігі мен тарлығын! Бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Мен өмірді сүйемін!» деп аталады.

2.Пікірталас сұрақтары:
  • Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
  • Өмір адамға несімен қымбат?
  • Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.
Дария Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен , осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншамаұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады.

Нұрасыл Адам өмірге бір рет келеді, бір рет кетеді. Сол келіп кеткен кезінде көп нәрсені білесің, үйренесің. Бір сөзбен айтқанда өмір- ол емтихан секілді. Емтиханды өткіздің бақыт құшағына бөленесің. Тапсыра алмадың бағың ары қарай өзі шешеді. Өмірді бір жағынан ұзын жіп секілді деп қарауға да болады. Бір жерін үзіп алсаң жалғап қоясың.

Кудайберген Өмір деген – Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті де кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы , жарқын, өмір сүруі тиіс.

Аяулы Адал өмір сүру керек, яғни өтірік айипау керек, ұрлық жасамау керек. « Ұрлық түбі қорлық» дегендей , жақсыға әуес болу керек.

Олжас «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақал бар. Сол мақалды ұстанымға алып, жақсы адамдардан үлгі алу керек.

Меруерт Ата-анамызды құрметтеп, олардың айтқан ақылдарын тыңдаымыз керек. Олар біз үшін барлық жақсылықты жасайды емеспе!

Рамазан Жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек. Темекі тарту, ішімдік , есірткі, насыбай – бұлардың бәрі денсаулыққа зиян. «Дені саудың - жаны сау»

Нұрай Білім алуымыз қажет. « Оқу –білім бұлағы Білім өмір шырағы»

Саян Жалқау болмауымыз керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Дамеля Әдепті болуымыз керек. «Әдепті кім сақтайды, әркім оны мақтайды» дегендей жаман сөздер айтудан аулақ болуымыз қажет.

ЕркежанБіз бір-бірімізбен төбелеспей дос болуымыз қажет.

ТемирланБіз өмір сүріп жатқан Отанымызды жақсы көруіміз керек.

ДамирЖасы үлкен адамдарды сыйлауымыз қажет.

Мұғалім Жарайсыңдар балалар. Жауаптарыңа көп-көп рахмет!Өмір,Өмір! Өмірдің мәні қандай?Қайратыңды жігерге жанығандайЖүріңдер бұл өмірде қол ұстасыпДостықтарың жарасып дәл осылайШыдамдыны мына өмір ұнатадыБірде қуантып , бірде ол жылатадыСүріндіріп кейде сені құлатадыЖылатып тұрып жұбатадыДұшпандарға кейде сені сынатады,Қатал тағдыр бірақта шыдатады,Мына өмір бірақта қымбал әлі, - демекші өмір жолы сан тарау , қия шатқал, қия шың.Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол - өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу!ІІІ. Қорытынды. Постермен жұмыс. тақтаға шығып берілген сызбамен жұмыс жасайды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!