400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздер атты тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы « Мемлекеттік рәміздер»

Мақсаты:

1. Білімділік:  Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер        жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

2. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу. 
3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер, презентация     

 Сабақ түрі:Әңгімелеу

Сабақтың барысы

Қазақстан бүгін өз тәуелсіздігіне ие болып ,уақытпен бірге қарыштап алға ұмтылуда.ҚР Конституциясында : «рәміздерге құрметпен қарау керек» делінген.

Рәміздерге : Әнұран ,Ту ,Елтаңбамыз жатады.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленген.
Тәрбие сағатымыздың «Үмітін елдің арқалап ,Арманнан туған рәміздер» деп аталып,осы рәміздерге байланысты болмақ.

Әнұранымызбен тәрбие сағатын бастайық.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Қазақстан Республикасы –біздің туып өскен жеріміз ,Біздің Отанымыз.Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.Бұл халық белгілерінің белгілері. . Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті.

Мемлекеттік Елтаңба стандарты мемлекеттік рәміздерді әзірлеу мен қолдануда формаға ,көлемге және техникалық талаптарға сай бекітілген.Елтаңба көлеміне қарай және графикалық түрде орындалуы мүмкін.Елтаңба түрлі түспен орындалғанда онда екі түс –алтын және көгілдір түсті болады.Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың биік болуы ойластырылған. Қазақта: « шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек-сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-әнұран.Әнұран мемлекеттік салтанатты ән.і. Ол халықты әйгілі етеді.Оның сөздерінде халықтынн мыңдаған жылғы тарихы ,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп тұрып тындайды.Бұл өз мемлекетіне деген құрметті көрсетеді.

Ең бастысы –біз Қазақстан деген ортақ үйімізде әніміз де,сәніміз де жарасып ,ынтымақ пен бірліктің нәитижесінде тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.



Сұрақ –жауап. Презентация көрсету

  1. Әнұранның авторлары кім ?

/ Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,Ш Қалдаяқов./

  1. Жаңа әнұран «Менің Қазақстаным»алғашқы рет қай кезде орындалды /2006 жылы 11 қаңтарда

  2. Мемлекеттік әнұран орындалған кезде қатысушылар қалай тұру керек ?

/Қатысушылар орнынан тұрып айтады,тыңдайды,бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

4.ҚР мемлекеттік Әнұранының мәтіні мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер туыңдыларының негізі ретінде пайдалануға болады ма ?

/болмайды /

5.Тудың авторы кім ? / Ш акен Ниязбеков./

6.Тудың түріне қандай сипаттама бересіңдер ?

7.Тудағы күн ,бүркіт нені білдіреді? /Байлық пен берекенің белгісі ,күннің шұғыласы өсіп тұрған астық дәндерін бейнелейді.

8.Мемлекеттік ту қандай жерлерде тұрақты орналасады ?

/Республикалық Президент Сарайында .Парламент,Үкімет үйінде,мемлекеттік мекемелерде./

Туды зерттейтін ғылым /Виксикология /

.Елтаңбаны зерттейтін ғылым /Геральдика/

9.Елтаңбаның авторы кім ?/Жандарбек Мәлібеков.,Шота Уалиханов.

10.Елтаңбаның басты н.ышаны ? /шаңырақ/

11. Шаңырақтын астында тұратын екі сызық қалай аталады ? /Басқұр/

12.Елтаңбада қолданылған негізгі бояуы қандай ? /Алтын түстес/

Мақал мәтелді жалғастырып оқы.

Отан үшін ------түс күймейсің / пламя,от,fire//

Отан --- басталады . /отбасы семья,family

Отансыз --- ормансыз бұлбұл /адам ,человек ,man/

Туған ---жер болмас ,туған елдей ,ел болмас ./ жер .земля,Earth/

Сонымен ,балалар ,мемлекеттік белгілерді ,нышандарды құрмет тұтұ-әрбір қазақстандық азаматтың міндеті екенін ешқашан ұмытпаған жөн.

Қазақстан

Туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселң.

Әнұранымен айбатты. Міне осымен біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.,















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі