Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейі








Физикалық шоу





«Технологияның өркендеуі - ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы физика және информатика пән апталығын қорытындылау кеші























Шымкент

Кеш тақырыбы: «Ф и з и к а л ы қ ш о у»

10А,Б,В,Г сынып оқушыларының физика пәнінен білім мен білік жарысы және «Технологияның өркендеуі - ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы физика және информатика пән апталығын қорытындылау кеші

Кеш мақсаты:

    • Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білуі;

    • оқушылар өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады, көріністер, қызықты логикалық сұрақтарға жауап беруде оқушының абстракциялық ойлау қабілетін дамыту;

    • физика және информатика пән апталығын қорытындылау;

Пән аралық байланыс: информатика, музыка, математика

Ресурстар: АКТ, физикалық құралдар

Физикалық шоу бөлімдері:

1 бөлім - 10А,Б,В,Г оқушыларының физика пәнінен білімі мен білігін ортаға салу жарысы

2 бөлім - «Технологияның өркендеуі - ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы физика және информатика пән апталығын қорытындылау кеші

1 бөлім кезеңдері:

  1. Таныстырылым /2-3мин

-топ мүшелерін, сынып және оқушы жетістіктерін таныстырады.

2. «Технологияның өркендеуі – ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы

«5 жаңалық» / 2 мин

3.. « Сырлы сауалдар»

4. Үй тапсырмасы – алдын ала дайындалған құрал, құралға түсініктеме

беру / 2 мин

5. Физиктер де қалжыңдайды.../ 4 мин қойылым










1 бөлім - 10А,Б,В,Г оқушыларының физика пәнінен білімі мен білігін ортаға салу жарысының барысы:

«Роботтар биімен» кеш басталады.

1 жүргізуші:

Ассалаумағалайкум халайық,

Сайыстың бетін ашайық.

Сұраққа шешу табайық,

Жер ұйығы білімнің.

Физика деген ғылымның,

Жәннат жеріне барайық.

Бұл думанды кеште біз,

Нәр білімді, бар өнерді

Көрсетіп бір қалайық


2 жүргізуші:

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар мен қадірлі оқушылар! 10А,Б,В,Г сынып оқушыларының физика пәнінен білім мен білігін ортаға салу жарысы мен «Технологияның өркендеуі - ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы физика және информатика пән апталығын қорытындылау кешіне

қ о ш к е л д і ң і з д е р .

1 жүргізуші

Бүгінгі кешіміздің салтанатты түрде ашылу сөзіне мектебіміздің директорын құрметпен сахна төріне шақырамыз.

2 жүргізуші

Шындықты алғаш таратқан,

Жыл, күніңді санатқан.

Тауып ғажап жаңалық,

Жәйдан тезді жаратқан.

Бұл – қай ғылым, балалар? (Әрине физика)

Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен.

Робот-темір адамды,

Тіл бітіріп, сөйлеткен.

Бұл – қай ғылым, балалар? (Әрине физика)


1 жүргізуші

Егеменді қазақтың біз ұланы,

Өз туы бар, Елтаңба, Әнұраны.

Уа, халайық! халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі сайыс төрінде,

Физиканың елінде,

Физиканың тілінде,

Әзіл айтып жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып, шалқысып,

Физикамен ән салысып,

Көңілді сайыс жасайық!

Жаңалықтар ашайық!

Мұнда қызық табылар,

Басқа да ғылым тағы бар.

Ортаға топ мүшелерін шақырамыз:

10 А сынып оқушылары

10 Б сынып оқушылары

10 В сынып оқушылары,

10 Г сынып оқушылары

2 жүргізуші

Ойдың білім атасы

Көрегенді данасы

Көп алғысы бар батасы

әділқазы алқасы деп

сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Сайысымыздың әділ қазылар мүшелері:

-

-

1 жүргізуші

Сұраққа жауап беріп айтысайық

Сауалды іліп алып тартысайық

Бәрін айтпа бірін айт алдыменен

Жобасымен сайыстың танысайық


  1. Таныстырылым /2-3мин

-топ мүшелерін, сынып және оқушы жетістіктерін таныстырады.

2. «Технологияның өркендеуі – ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы

«5 жаңалық» / 2 мин


2 жүргізуші

-------------------------------- әнімен сахна төріне шақырайық

3.. « Сырлы сауалдар»

4. Үй тапсырмасы – алдын ала дайындалған құрал, құралға түсініктеме

беру / 2 мин

5. Физиктер де қалжыңдайды...

1жүргізуші

Ғылым сырын ұғына,

Шығып әзіл шыңына.

Қаныңыздар сусындап,

Физиканың сырына.

Соныменен бүгінгі,

Сайысқа қатысушы топтарға,

Биіктерге самға!

Біз айтамыз сіздерге,

Тек қана алға!

  • рахмет! (оқушылар хормен жауап береді)

  1. кезеңге жол берейік


2 жүргізуші

1. Таныстырылым /2-3мин

-топ мүшелерін, сынып және оқушы жетістіктерін таныстырады.

Әр топты хабарлап отыру. Бағалауды әділ қазылар мүшелері бағалау парақшасына жазып отыратын болады. Сайыс соңынан жеңімпазды хабарлайтын болады.


1 жүргізуші

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне – деп келесі кезекті сайысымыздың 2-кезеңіне береміз

«Технологияның өркендеуі – ел дамуының бастамасы» тақырыбындағы

«5 жаңалық» / 2 мин


2 жүргізуші

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың 3- кезеңі бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.



  1. Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?

Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ

2. Неге жаңбыр жауар алдында адамның сүйек б уындары сырқырайды?

Атмосфералық қысым кемиді,содан қан тамырлары кеңейіп,қан айналым бұзылады.

  1. Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?

Атмосфералық қысым төмен болғандықтан

  1. Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек

  1. Еденге аққан суды құрғату үшін неліктен оны еденге жаяды?

Кебу бетін кеңіту кебу жылдамдығын арттырады.

  1. Теңіз суы 0- та неге қатпайды?

Тұзды судың қату температурасы 0- тан төмен

  1. Қайсысының өлшемі үлкен: бұлттың ба, әлде оның жердегі көлеңкесінің бе?(Екеуі бірдей.)

  2. Телефон құлақшасының (наушник) жұқа пластинкасын мыстан жасаса не болар еді?

Дыбыс жақсы естілмейді.

  1. ЖЕР - күннен алыстығы бойынша нешінші планета?(Үшінші)

  2. Тау өзенімен жазық өзенінің қайсысында ағын судың бір текше метірінің кинетикалық энергиясы көп?

Тау өзенінде.Себебі тау өзен суының жылдамдығы жоғары

12. Неге құдыққа түсіп кеткен құс одан ұшып шыға алмайды?

Себебі: Құс тік бағытта ұшып көтеріле алмайды.

1 жүргізуші

10 сынып оқушылары -----------------------------------------------

«Бір физиктің махаббаты» өлең жолдарымен ортаға шақырамыз.


2 жүргізуші

Үй тапсырмасы (әр топ үйден физикалық құрал жасап, оның жасалуын түсіндіреді 2 мин)

1 жүргізуші

Ойла – ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Физиканы білмесең,

Таяқ жейсің өмірден!

2 жүргізуші

Қалжыңдалық, қатты ойналық,

Күлгенді де, ілгенді де қоймалық.

Қай – қай кезде айту үшін жаралған,

Бірақ соны айту керек ойланып. – деп сайысымыздың келесі

«Физиктер де қалжыңдайды» бөліміне береміз.


1 жүргізуші

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

 

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.


2 жүргізуші

Сөз әділ қазылар мүшелеріне беріледі.

Оқушыларды номинациялармен марапаттау.

«Жаңалыққа жаны құмар» номинациясы

«Шебер қолдар» номинациясы

«Әзілкештер сыныбы» номинациясы

«Озық ойлы» номинациясы

1 жүргізуші

Бүгін үлкен қуаныш барша үшін

Жүректе бар ән менен әсем жырың

Физика-информатика апталығын

Қорытындылау кеші бүгін.

Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды

Әндетейік жырлайық ұлы күнді

Апталықтың мезеті жақсылыққа

Тола берсін демекпіз асыл нұрға

Қасиетті аяулы ұлағатты

Бас иеміз құрметті ұстаздарға


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!