400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушылары мен студенттерге керек.Қазақтың қанатты сөздері кең көлемде қолданысқа ие.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ



















«ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ»

Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта . Тәрбиелік нақыл сөздер.


  1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

  1. Тәртіп – тән үшін,

Ынтымақ – жан үшін керек.

  1. Тәртіпсіз ел – ел болмас,

Тәртіпке бағынған – құл болмас. (Бауыржан Момышұлы)

  1. Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық .(Ғабиден Мұстафин)

  1. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.


Жоспар:

І. «Тәртіпке бағын жасыңнан...»

IІ. Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық»

III. Рефлексия

IV. Қорытынды


Эпиграф: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» Әл – Фараби.


А.С.Макареньконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі.

Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген.

Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

«Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен» дегендей, келесі сөз кезегін ата – аналарға, ұстаздарға берейік.

  1. Баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз? Пайдасы мен зияны.

  2. Қазіргі қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайттардың бала тәрбиесіне әсері бар ма? Онымен қалай күресуге болады? Өз ойларыңызды білдірсеңіздер екен. (пікір тыңдау)

Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық . Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

Екінші бөліміміз «Қызға қырық үйден тыйым».Қазақ халқы қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, татулықтың белгісі деп таныған. Сондай –ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап отырған. Қызды ар мен абыройдың, адамшылықтың биік көрнісі деп таныған.

Қазіргі кезде ата – ананың сабаққа қатысып, баласының білімін, тәртібін қадағалау жоқтың қасы. Ата - ана баласының болашағын ойламайды деуден аулақпын, бірақ сол болашақ күнделікті сабақтан басталатынын ұмытып кетеді. Тамшы су сияқты күнбе – күнгі сабақ болашақты қалайтынын, содан білім құралып, үздік куәлік, аттестат, грант, диплом деген ұғымдар ұласатынын ата – аналар естен шығарып алады. Күнделікті сабақты қадағаламайды да, әбден мектеп бітірерде қарбаласқа, уайымға салынады. Баланы мектепке даярлау ата – ананың міндеті. Қазіргі ата – ана бірінші кезекте баланың тамағы тоқ болса, киімі ешкімнен кем болмаса деп қана ойлайды.Тіпті балаларының сабақпен емес, агентпен әуре болып отырғанын елегісі келмейді. Өз баласының өздігінен өмір сүруге, өзі тауып, өзі ізденуіне мүмкіндік бермейді, баланың айтқанын орындайды. Бар малын, жиған – тергенін, несие алып болса да сол баланың жолына салады.

Керсінше, оқушылардың сабағын күнделікті қадағалайтын ата – аналардың балалары өте жақсы оқып, жыл сайын мақтау қағаз алады, грант иегері атанып, оқуға түседі.


II. Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық»


Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренингтің мақсаты - өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау.

«Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында бардың бағасын білмей мас», - деген екен Үмбетбай Уайдин. Сондықтан да бойымыздағы бар жақсылығымызды бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.


III. Рефлексия.

Тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі бала әр ата – ананың өмірінде несі болады екен?

1.Болашағы.2. Ұрпағы. 3.Арманы. 4. Қамқоршысы. 5.Ардақтысы. 6. Өрісі. 7.Қуанышы. 8. Мақтанышы.


IV. Қорытынды


Елбасы өз сөзінде»Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуальды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазіргі кезде жастарға, олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр. Себебі республикадағы 16 миллион халықтың шамамен 5 миллионнан астамы 14 пен 30 жас арасындағы жастар екені мәлім.

Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.

  • Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

  • Екіншісі немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

  • Үшіншісі, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген.

Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.

Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі