Тақырыбы: Тілдер
мерекесі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Мемлекеттік тіл туралы түсінік беру, ана тіліне
деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.
2) Дамытушылық: Ана тілі - дана тілі тіл туралы мақал-мәтелдер,
нақыл сөздер айтқызу арқылы оқушылардың танымдық деңгейін көтеру,
ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту.
3) Мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз тілін, жерін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО әдісі, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру барысы.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқу-құралдарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Ғалымдар тобына - тіл туралы зерттеу жұмысы, мәлімет жинау
Тілшілер тобы - Тіл туралы мақала жазу
Ақын-жазушылар тобы - мақал-мәтел, қанатты сөздер, өлең жаттау
ІІІ Жаңа сабақты меңгеру
1. «Ана тілі» сөзін топтастыру әдісі
2. «Қазақ тіліне қатысты өзекті мәселелер» ой қозғау. Пікір
алысу.
3. Мәтінмен жұмыс. Джиксо әдісін қолдану.
1) Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге
жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
1989 жылы 22 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы тілдер туралы
Заң қабылданып,қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды.1995 жылы 30
тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы қабылданды. Конституцияның 7-бабында былай
делінеді:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылатын
мемлекеттік басқару, заң шығару, іс қағаздарын жүргізу тілі.
Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір
азаматының парызы.
2) Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Түркі тілдер ішінде қазақ
тіліне ең жақындары - ноғай (Кавказда), қарақалпақ,татар,башқұрт,
қарашай - балқар тілдері. Қазақ тілі –Ресей,Өзбекстан,
Қырғызстан,
Түрікменстан, Монғолия,Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия т.б. елдерде
тұратын қазақтардың да ана тілі.
3) Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды: араб жазуы,
латын жазуы және орыс жазуы қолданылып келеді .
Қазақ тіл білімінің негізін салушы атақты ғалымдар Ахмет
Байтұрсынов, Нығмет Сауранбаев,
Сәрсен Аманжолов т.б. Қазақ әдеби тілінің дамуына үлес қосқан Абай
Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.
Қазақ тілі –бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Тілімізді
сақтап, дамыту - бәріміздің қасиетті міндетіміз. Ең алдымен қазақ
қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.
5. Оқушылар мәтіннің тақырыбын қойып, мәтінге жоспар құрайды.
Жоспар:
1. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі.
2. Қазақ тіліне туыстас тілдер.
3. Қазақтың тіл ғалымдары.
6. Есте сақта!
Мәртебе - статус
қатынас құралы - средство
ресми - официальный
қайнар - родник
іс қағаздар - деловые бумаги
ІҮ Сабақты бекіту
1. «Таңдап ал!» әдісі арқылы әр түрлі пішіндегі қима қағаздарды топ
мүшесі таңдап алады. Жаттығу жұмыстарын орындайды. Сазды әуен ойнап
тұрады.Қанатты сөздер тақтада жазылады. "Елді көркейтетін - тіл",
"Аталар сөзі - ақылдың көзі", "Сөз-халықтың қымбаттан қымбат кені",
"Тіл сыйлы етер,құтты қылар, өсірер"
2. Сұраққа дұрыс жауап әдісі. Оқушылар сандарды таңдап, сұраққа
жауап береді.Дұрыс жауап берген топқа ұпай беріледі.
3. Дорбадағы маржан сөз
ы ң і к з қ
з ө а - ы н
ғ ң ж е с д
з с а а ө ө
Жауабы: Көне сөз - жаңа сөздің қазығы
Ү сабақтың қорытындысы
Ағаш жапырақтарына қазақ тілін дамыту жолдарын жазып, ағашты
көркейту.
Ана тіліңді мақтан ет.
Ана тіліңді жатсынба.
Тілді құрметте.
Тілге жанашырлық таныт.
Қазақ тілінде сауатты жаз.
Ана тіліңде тәрбие бер.
ҮІ Үй тапсырмасын беру
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» эссе
5-тапсырма. 16 бет.