400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз құқыңды білесіңбе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ата-аналар жиналысының №1 хаттамасы

№1 отырысы

15.11.2019ж

Сынып: 3 «Ә»

Сынып жетекшісі: Асанова Жанна

Сыныптағы ата-аналар комитетінің құрамы

1

Аты-жөні

Міндеті

Жұмыс орны

Мекен-жайы



Ұялы телефон

2

Пазылова Гүлнар

Комитет төрайымы

№159 мектеп аспазшы

Б. Оразов№31

87752994622


3

Абдукаримова Ғалия

Төрайым орынбасары

Тех қызмет

Оразов №25

87018281706


4

Жұмабай Меруерт

Комитет мүшесі

№159 мектеп мұғалім

Ғ. Мұратбаев №31

87782433501


5

Нұрылла Жанат

Комитет мүшесі

№159 мұғалім

Е. Бектұрсынұлы №4

87781507673




6

Егембердиева Гүлнұр

Комитет мүшесі

№159 мұғалім

М. Мәметова №7

87022348144

Барлығы:18. Қатысқаны:10

Күн тәртібінде:

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Сен құқығыңды білесіңбе?

  1. Жиналыс барысы:

  2. Тақырыбы: Ата-аналарға арналған «Жылы жүрек» іскерлік ойыны

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ата-ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу.

Іскерлік ойыны арқылы ситуациялық сұрақтар қойылып жауаптары салыстырылды.

Барысы: Жиналыс жұмысы бала мен ата-ананы қатыстыра отырып жасалды.Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беріп олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге көмектесетіні жөнінде пікіралмасу барысында өз ойларын ашық жеткізе білді.

Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеп, басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала екендігі жөнінде, отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар деген сынды түрлі себептермен талданды.

    Сен құқығыңды білесіңбе? тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өте жақсы өтті. Тақырып ашылды.

Шешімі:Бала жас шыбық сияқты (қалай исең солай иіледі).    Бала жақсы болса – (қуаныш, жаман болса – қиналыс).  Ата-аналар белсенділікпен қатысып, жақсы ой түйді.

Ұсыныс: Осындай іс-шаралар жиі болып тұрса

1-тоқсан қорытындысы туралы сынып жетекші таныстырды.

Оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі, үлгерімі туралы әнгіме қозғалды.

Шешімі: Оқушылардың мектептегі жүріс-тұрысын , үнемі мектеп формасын сақтап, сабақтан себепсіз қалдырмай, қалдырған жағдайда анықтамасын акелсін.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Пазылова Гүлнар

Хатшы:Абуталипова Балжан

































































Ата-аналар жиналысының жоспары

Сынып: 6 «Ә»Ата-аналар саны:

Сынып жетекші: М. Ахметова

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:Ата – асқар тау,Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ



Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз.

Әдіс-тәсілдер: Пікіралмасу, сұрақ-жауап, Қызықты сұрақтар, «Жағдаят»

Ресурстары: (материалдары, көздері)

  1. Жиналыс барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тақырыбы: Ата-аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ата-ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ететн жолдардың алдын алу.

Қажетті көрнекіліктер:

1.     Бала тәрбиесі жөнінде айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер , жазылған плакаттар

2.     Шарлар

3.     Түрлі-түсті картоннан жасалған кубик

4.     Әділ-қазылар «Сарапшылар»

5.     Билет сұрақтары

6.     Конверттер және оны ілетін ағаш тақта

7.     Аяқталмаған мақал-мәтел жазылған түрлі-түсті қағаздар

Іскерлік ойыны

Бәріміз мектеп шаңырағына жиналып отырғандықтан, іскерлік ойнымыз да білім ордаларының өмірімен байланысты болғаны дұрыс. Іскерлік ойын «Сынақ» деп аталады. Ол үшін бізге сарапшылар міндетін атқаратын 4 ата-ана керек. Сондай-ақ, сіздердің араларыңыздан. Іскерлік ойынға қатысатын 7 ана шығуы қажет. Егер өз еріктерімен шыққылары келмесе, былай әрекет жасау керек: әр жағы әр түсті кубикті лақтырып, үстіңгі жағына түскен түске ұқсаса немесе сондай түсі басым киім киген адамды  ортаға шығару. Бұл ортаға  шыққан 7 ата-анамыз 3 түрлі сынақтан өтеді. 1 сынақ ситуациялық сұрақтарға жауап беру. 2 сынақ – аяқталмаған мақал- мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. Үш кезектегі сынақ – бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни, мектеп жасындағы балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.

І – кезектегі сынақ. Мына стол үстінен кез- келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақпен қоса, реттік нөмірлеріңіз беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты-жөндеріңді толық атап өтесіздер, оны сарапшылар жазып алсын.

Ситуациялық сұрақтардың  жауаптары:

  1. Балаңыздың өнері,  қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф- зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің  көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге көмектеседі.

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін терңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін дн өрши түседі.

6. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталдау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.)

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету)

ІІ – сынақ – аяқталмаған мақал-мәтелдерді аяқтау. Өз кезектеріңіз бойынша келіп, мына жердегі конверттердің біреуін алып, ішіндегі қағазға жазылған аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтайсыздар.

1.     Ата – асқар тау,

Ана – (бауырындағы бұлақ)

Бала – (жағасындағы құрақ)

2.     Ұлың өссе,

Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)

Қызың өссе,

Қыз (үлгілімен ауылдас бол)

3.     Бала жас шыбық сияқты (қалай исең солай иіледі)

4.     Бала жақсы болса – (қуаныш, жаман болса – қиналыс)

5.     Ерлі – зайыптылар тату болса (үйге береке, араз болса, елге келеке)

6.     Анасы қандай болса – (баласы сондай)

7.     Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

ІІІ сынақ – балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.

Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты. Егжей – тегжейін ашып айтып, жақсы түсініктеме берсеңіздер, соғұрлым сарапшылардың ұпайлары жоғары болатынын естеріңізден шығармаңыздар. Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы  болады. Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы да бар. Ол Ономастика – атаулар туралы ғылым. Адам аттарын, фамилияларды, қала, өзен, көл, тау аттарын, географиялық атауларды зерттейді. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға  сүйеніп қойған.

Қорытынды

Сарапшылар барлық ұпай сандарын қосып, ұпайы ең жоғары қатысушыны айтады. Ынталандыру сыйлығы беріледі.









Амандасу

Бір-бірімен танысу және өз аттарына сипаттама беру. Бір-бірне комплимент айту.



ІІ. Психологиялық жаттығу: «Үй»



Қажетті құралдар: А4 парағы, қарындаш

Ата-аналарға ақ парақ пен қарындаштар беріледі.

Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Үйді салып болсаңыз, енді сол терезелерге өз отбасыларыныздың мүшелерін орналастырыңыз (өз отбасыларын таныстырады)



Психолог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық!

Иә, әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім-тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз.

Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата-анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал-екінші ұстазынан өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппе» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазынан алады. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез-құлықтарды екшелей келіп, орлардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастарының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десек те, кейбір олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз.

Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін

Видеороликке назар аударамыз.

ІІІ. «Менің балам...» ойыны



Тапсырма: «Менің балам...» деген сөзін жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі.. тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. Ата-аналарға кеспе қағазы беріледі.

Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады.

Өзіңіз жазған балаңыздың міне-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?

1-бөлік. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.

2-бөлік. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.



Рефлексия

  1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?

  2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?



ІV. Ойын: «Қар лақтыру»

Ақ қағазға жазылған балаларымызға деген тілектерімізді бір-бірімізге қарша боршалатып лақтыру.



Релаксация «Дүкен»

Сұрақ: Сіз қай қабаттағы заттарды алдыңыз?

өмірге бала келгенде біз баламыздың дүкеннің ең жоғарғы қабатындағыдай ақылды, кішіпейіл, мейірімді, дарынды болуын немесе біз қол жеткізе алмаған армандарымызға қол жеткізсе деп ойлаймыз. Бірақ өмірде олай бола бермейді. әрбір бала өзінше дара тұлға. Оның бойында дүкеннің 1,2,3 қабатындағыдай заттар сапасы сияқты мінез-құлықтың әртүрлі жақтары болады.



V. Ойын: «Мінез аукционы»



Қажетті құрал: сандықша, кеспе қағазға жазылған мінездер.

Абайдың 37-ші қара сөзі.

«Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»



Бала тәрбиесінде аңыз әңгімелердің де берер тәлімі мол.

VI. Флеш тренинг: «Періштелер даналығы»

Осы айтылған аңыз сізддерге ой салып, өмір тәжірибелеріңізде жүзеге асса нұр үстіне нұр болар! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

Бірде қарт періште мен жас періште жер бетін аралап жүріп, шаршап – шалдығып түнеп шығу үшін бір байдың үйіне келеді. Ол бай өте сараң, қонақжай емес болып шығады. Оларды сарайына түнетеді. Қаншалықты шаршап тұрса да, сарай іші салқын. әрі ыза болғандықтан жас періште ұйықтай алмайды. Таң ата ұйықтап кетсе, бір дыбыстан оянып кетеді. Тұрса қарт періште сарайдың құлап қалған жерлерін сылап жатыр екен. Жас періште өзінің таңқалысын жасыра алмай, қарт періштеден «Сен оған неге көмектесесің?-ол бізге қандай жақсылық жасады» - деген сұрағына: Көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді, - деп жауап берді.

Келесі күні қонатын жер іздеп жүріп бір жағының үйіне келеді. Үй иесі құшақ жая қарсы алып, кешкі ас беріп, үйіндегі жалғыз кереутін беріп, өзі әйелімен сарайға кетеді. Ертеңгісін періштелер үй иесі әйелінің жылаған даусынан оянады. Жарлының отбасын асырап отырған жалғыз сиыры өліп қалған екен. Бұған таң қала қараған жас періште қарт періштеге: Сен неге жарлыға көмектеспедің? Өткен түні бізге қонақжайлылық көрсетпеген байдың сарайын сылап беріп едің, енді жарлыға мүмкіндігің бола тұра көмек бермегенің қалай?-деген сұрағына қарт періште көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап беріпті.

Жол бойы жас періште, қарт періштенің осы ісіне келіспейтіндігін айтып, кінәлаумен болады. Қарт періште үшінші рет көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап береді.

өткен түні біз байдың сарайында түнеген күні мен сарайдың жанынан байдың қазба байлығын көрдім де, сол байлыққа қолы жетпестей етіп сылап кеттім. Ал бүгінгі түні ажал жарлының әйеліне келген болатын. Ал, мен ажалды жарлының сиырына жібердім деген екен.

Ата-анаға кеңес

  • Баланы үнемі сынай берсе, ол жеккөруді үйренеді;

  • Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;

  • Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі;

  • Егер баланы сөге берсеңіз, онда ол кінәлі сезіммен өседі;

  • Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;

  • Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;

  • Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;

  • Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;

  • Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;

  • Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді.



VII. Қорытындылау, тілек айту.



































Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, қаламсап, желім, қиылған қолдардың суретін жабыстыратын ватман, күннің суреті салынған ватман, маркерлер.

Ұйымдастыру кезеңі.
Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамыз.
— Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы: «Менің балам қандай?»
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.

II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

III. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?
— егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
— егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
— егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
— егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
— егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.

IV. «Менің балам қандай?» ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.

V. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

VI. Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.

«Бала жанының сұлулығын түсін,ата – ана!» Ата – аналарға арналған тренинг сабақ

Мақсаты:Ата – аналардың қарым – қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата – анамен оқушы арасындағы қарым – қатынасты нығайту.
Әдістері: пікіралмасу, сұрақ – жауап, тренинг сабақ.
Тренинг бағдарламасы:
1. “Сәлем сөздің анасы” амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Көңіл күйді анықтау
4. Топқа бөлу. Шығармашылық  тапсырма.

  1. Гүл теру. Пікірлесу
    6. Баламды танып білем бе? ойын
    7. Бала тілегі
    8. Балама ақ тілек.

  2. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Бүгінгі біздің «Бала жанының сұлулығын түсін, ата – ана!»  атты  тренинг  сабағымызға  қош келдіңіздер!

  1. Сәлем сөздің анасы.

Ата – аналар орнынан тұрып, көрсетілген белгі арқылы бір-бірімен амандасады.

Нұсқау: Топ екіге бөлінеді. Екі шеңбер құрады: сыртқы және ішкі. Әр қатысушы өзіне  серіктес табады. Қатысушылар бір-бірімен жүргізуші ұсынған түрмен амандасады. Содан кейін серіктестер сағат айналуымен ауысады.

Сәлемдесу түрлері:

  1. Ресейдегідей – үшқайтара сүйісіп құшақтау;

  2. Германиядағыдай – көзге тік қарап қол алысу;

  3. Франциядағыдай-екі бетке сүйіп қол алысу;

4.Қытайдағыдай-кеудесіне қолдарын айқастырып бас ию.

  1. Малайзиядағыдай-саусақтарының ұшымен қол алысу.

6.Жапониядағыдай-қолын жанында ұстап жай ғана бас ию.

  1. Испаниядағыдай-алақанын серіктесінің шынтағына салып бетінен сүю;

  2. Индиядағыдай-қосылған алақандарын маңдайының алдында ұстап, бас ию;

9.Эскимостар сияқты- мұрындарын бір-біріне тигізу;

10.Біздің таптағыдай-қатысушылар амандасудың өз түрін ұсыну керек.

  1. Тақырыпты ашу.

Ата-аналарға слайд арқылы тақырыпты ашу.
3.  Көңіл қүйді анықтау.

Ата-аналар өздеріне ұнаған тәттіні таңдайды. Көңіл күйлерін айтады.

  1. Берілген тәтті арқылы топқа бөлінеді. Тапсырма беріледі.

  • Бала деген кім?

  • Бала сіздің кіміңіз?

  • Бала үшін ата-ана кім?

Ата-аналар осы сұрақтар арқылы постер қорғайды. Ата-аналардың ойларын толықтырып жіберу.
5. Гүл теру. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата – аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір – бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс – әрекетіңіз.

  • Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

  • Бала  тәрбиесі  үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

  • Балаларда  қызғаныш,  өзімшілдік  мінездің  қалыптасуы неден?

  • Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?

  • «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

  1. «Баламды танып білем бе?»

Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата – аналар жеке – жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.

Ата – аналарға кеңес

Ата-аналарға кеңес парақшасын тарату.

  1. Бейнебаянмен бала тілегі тыңдалады.

Баланы өте жақсы көру үшін күнде құшақтап тұру керек.
Өте жақсы өмір сүру үшін күніне 4 рет құшақтап тұру керек.

Дені сау болу үшін күніне 8 рет, өсу үшін күніне 12 рет  құшақтап тұру керек.

  1. Балама ақ тілек.

Топқа бөлінген ата-аналар ағаш салады да, өз балаларына арнаған тілектерін стикерге жазып, cол ағашына іледі.
9. Қорытынды. (би және ән)

Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой – өлкесі,- деп Абай атамыз ата – ананың қуанышы,  арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай                         үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.  Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге  сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

 

Назарларыңызға көп- көп рахмет

 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі