Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз болу-бақыт, әрі абырой...»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұстаз болу-бақыт, әрі абырой...»


Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал арзан дәріс, айласы

Ұстаз болу-бақыт, әрі абырой

Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

Қымбат Әбділдақызы



Абай: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады»,-деген екен. Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Білім–әрбір азаматтың әлеуметтік хал–ахуалының жақсаруының, мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі. Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мұғалім болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы.

Мен осынау мамандық иесі болуды кішкентай кезімнен, яғни бастауыш сыныптан бастап армандадым. Асқақ арманым бүгінгі таңда орындалды.

1994 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, мамандық таңдау мақсатымен Арқалық қаласына келдім. Орта мектепті жақсы білім көрсеткішімен аяқтаған соң, жоғары оқу орнына тапсырғым келді, әрі бала кезімдегі арманымды жүзеге асырмақ болып, мұғалім боламын деп шештім. Көп ойланып оның ішінде өзімнің мектепте жақсы көретін пәнім математика және информатика мамандығына тапсырдым. Ондағы алдыма қойған мақсатым: тәуелсіз еліміздің болашақ жастарын тәрбиелеуге, білімі мен біліктілігін арттыруға, оқуға үйретуге, математикалық сауаттылықтарын арттыруға, еліміздің дамуына өз үлесімді қосу. Әрине мұғалімдік мамандық киелі әрі өте көне мамандық. Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім – тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық.

Арқалық педагогикалық институтын 1998 жылы аяқтап, еңбек тәжірибемді Ақмола облысы, Жарқайың ауданы Гастелло орта мектебінде бастадым. Әрине жұмыс істей бастап, бірден бәрі жақсы болмайды. Ұстаздық жұмыс өте ауыр жүк. Себебі, әр отбасында шыр етіп дүниеге келген баланы өмір сүруге дайындау. Бұл-қиынның қиыны. Әр бала –қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі –өзінше бір әлем. Ал ұстаз осы әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз –бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, ал екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Сондықтан осы мамандық иесі болу үшін үздіксіз талмай жұмыс істеу қажет екенін түсінемін. Маған өз жұмысым, таңдаған мамандығым өте ұнайды. Әр оқушының мінезін танып-біліп, әр қайсысына өзіндік қатынас таба білу менің қолымнан келеді деп айта аламын. Оқушылар қуанса, менің де қуанғаным. Әрине қазіргі Қазақстан Республикасы қарыштап дамып келе жатқан заманда мұғалімдерге де қойылатын талаптар күн санап өсуде. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Осындай экономика және ақпараттандыру заманында математика және информатика пәнінің алатын орны зор. Осы пәндерді әр оқушының бойында қалыптастырып, дамыту менің қолымнан келеді. Сол үшін талмай еңбек етемін. Ойымды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,-деген тұжырымымен ұорытқым келеді. Ол үшін біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелепотырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен- өзі айқын. Осындай қасиеттер ғана ұстаздық бақытқа жетелейді.

Мен мұғаліммін, яғни мен оқушыларымның сәл де болса жетістіктеріне бақытты болып, балаша қуанамын.

Мен мұғаліммін- бақыттымын, себебі мен күнде таңертең мені асыға күтетін оқушыларымды көремін.


Математика пәні мұғалімі Кадиров Жомарт Болатұлы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!