Материалдар / Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


(интеллектуалдық сайыс)



Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Тақырып, интерактивті тақта.


Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Сайыскерлермен таныс болыңдар.

1 – ойыншы 4 «В» сынып оқушысы __Кеңес Фатима
2 – ойыншы 4 «В» сынып оқушысы__Муса Жұлдызай
3 – ойыншы 4 «Б» сынып оқушысы__Алтыбай Перизат.
4 – ойыншы 4 «Б» сынып оқушысы__Сабурова Диана.


Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. 4 кезеңнен кейін ұпайы аз 1 оқушы шығып отырады.


1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «
Полиглот»
3 - кезең: «Ойлан тап»
4 - кезең: «Тіл өнері»

Негізгі бөлім:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге».

Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық

1-ші оқушыға


1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа

ұшқан кім? Тоқтар Әубәкіров

3. Қ.Р рәміздерін ата? Ту,елтаңба,әнұран

4. Екі тәулікте неше сағат бар? 48 сағат

5. Қазақтың ұлы ақыны? Абай Құнанбаев

6. Өсімдік мүшелерін ата? Тамыр,сабақ,жапырақ,гүл

7. Қ.Р мемлекеттік тілі? Қазақ тілі

8. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. Көктем,Наурыз айы


2-ші оқушыға


  1. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады? Қосымша

  2. 2 минут 30 секундта неше секунд бар? 150

  3. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ? Білімсіз күнің жоқ

  4. Үш кесіндіден тұратын фигура? Үшбұрыш

  5. Сөйлем неден құралады? Сөз

  6. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Алмұрт

  7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері?

қатаң, ұяң, үнді

  1. Байды үнемі алдап кететін кейіпкер Алдаркөсе


3-ші оқушыға

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы зат есім

  2. Қазақша жылдың басы не? тышқан

  3. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? 16.12.1991

  4. Жер шарының үлгісі. глобус

  5. Ұя салмайтын құс көкек

  6. 3 арсыз - ұйқы, күлкі, тамақ арсыз

  7. Сиырдың пірі Зеңгібаба

  8. Бата дегеніміз не?

Бата дегеніміз — адал ниет, жақсы тілек білдірудің

ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-

тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-

ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап

қол жайып, бата береді.


4-ші оқушыға

1. Адамның иіс сезу мүшелерін ата мұрын, тері, тіл

2. Бір апта 2 күнде неше күн бар? 9 күн

3. 8. 28 сағатта неше тәулік.неше сағат бар 1 тәулік 4сағ

4. Аңыз дегеніміз не? Өмірде болған адам басына

құрылған әңгімені аңыз дейміз

5. Топырақтың құрамы? Су,ауа,құм,саз

6. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? 60 – 80 рет

7. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? жел

8. Басты байлық. денсаулық


2 - кезең: «Полиглот »


Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Полиглот».
Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін 2 тілде, яғни, қазақ орыс, тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. кітап – книга


2 Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
р ұқсатсыз ол иттен
ешкім үйге кірмейді. құлып – замок



3. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. Қоян-зайка



4 . Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы ит – собака



5. Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. Ерін - губ



6. Мен – ақ қалам, ақ қалам,

жазған сайын жоқ болам. бор – мел



7. Қарап тұрсаң өзіне,

сурет түсер көзіңе.

ол суретің ұқсайды,

дәл қазіргі кезіңе. айна – зеркало



8. Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады. Жұлдыз-звезда



  1. Жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі. Гүл-цветок



  1. Жерге тырс- тырс тамады.

сайға қарай ағады. Жаңбыр-дождь



3-кезең: Ойлан тап

1-оқушыға Т әріпі

2-оқушыға К әріпі



  1. Атың кім?

  2. Қандай тамақ ұнатасын?

  3. Анаңның аты кім?

  4. Өскенде кім болғын келеді?

  5. Жақсы көретін кітабың?

  6. Мектепте жақсы коретін апайың

  7. Көңіл күйің қандай?

  8. Қаңдай жануар білесің?



4-кезең: Тіл өнері


Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары:

Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”.



Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскерді мадақтау. Әділ қазы мүшесіне сөз кезегін беру.



ЖИ арқылы жасау
22 Желтоқсан 2017
451
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі