Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы, Имандылық туралы тәрбие сағаттары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Отбасым өмірлік тұғырым»

 Сабақ мақсаты: а  ) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар,   

  Оқушылар   бізде бүгін «Отбасым өмірлік тұғырым» атты тәрбие сағаты. Отан – отбасынан басталадыОтбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтуді, үзбей қарауды керек етеді. Сол сияқты баланы да өзінің кішігірім мемлекетінде,яғни отбасында жан жақты , үйлесімді тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік ортаға араластыру және т.б қарастырылады.

 Аружан Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

  Мөлдір
Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық. 

Фатима
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеуМұғалім: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі. 

Аслан Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ..Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры. 

Ұлдана  Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау. Анам маған «Үлкенді сыйла» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден  ауысқан кішілікті Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған мұра-ізеттілік, Арымды соған қойған күзеттіріп, Адалдық- менің сәби Айбарым ғой, Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

 Толғанай. Ана жанын ана болсаң ұғарсың. Алдыңдағы ол бір биік құзар шың, Балаң үшін биіктен де құларсың. Ана мейірі күн көзімен пара-пар. Тұла бойға қуат болып таралар. Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар! Ән «Ана туралы жыр» 

Нұртас. Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.

 Жұлдыз. Әке деген-биік шыңы адамның,Әке деген- тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойыңда аққан қаның да, Шыққан тегің, ол негізің, жаның да. Не десең де әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең  қолтығыңнан тұр демеп. Нағыз әке ақылгөй де асқар жан, Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ұлдана .Қазақта «Ұлың-қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Әжемнің саясында ержетіп мен, Аялы  ақ бесікке тербетілгем.Әжемдей ақ ниетті абзал жанды Таппаспын айналсам да жер бетінен. Жүрегімде әжемнің әжімі бар, Жүрегімде достардың әзілі бар, Жүрегімде өмірдің қызығы  бар, Жүрегімде жанымның азығы бар. Ержетіп есейгенде балапаны Арайлап атады екен дала таңы. Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын Қымбат қой әжелердің алақаны.

 

 Мұғалім: Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.
Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік. 
1 Бала тәрбиесі бесіктен 2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3 Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер 4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры
5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 Ата бәйтерек, бала жапырақ 

Мұғалім:Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Сұрақтар: Жауаптар:1- Шаңырақ иесі кім? аға2- Кімнің алақаны ыстық? әке
3- ....бардың жағасы бар ана4-...... бардың тынысы бар қыз5-.....өссе елдің көркі іні
6-Әке, ана, аға, апа.....олар? отбасы Ұлағатты сөздер
Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.(Ғ. Мустафин)
Баланың жақсысы – қызық, жаманы –күйік(Абай)
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес(Ғ. Мустафин)
Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі(А.С.Пушкин)Баланың бас ұстазы – ата-анасы.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Атаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.
Анадан артық дос бар ма, Ашудан артық қас бар ма?
Ата-анаңның қадірін – балалы болғанда білерсің, (халық мақалы)






















Орында жол тәртібін

2

Мақсаты:
1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті тест, “Жол белгілерін еске түсірейік” «Бағдаршамды сыйлаңдар» сөзжұмбағы, бағдаршам макеті, сигналдық белгілер, «Бағдаршам» мультфильмі.

4.Көрме ұйымдастыру

5. Қарақаия аудандық кәмелетке толмаған балалар инспекторы полиция литенанты Демеуов Бауыржан Нұрланұлына сөз беру.

6. Медбикенің баяндамасын тыңдау.

Мұғалім :
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр.Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді
МАИ қызметкері: Арман
   -    Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

-  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.


Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.
Қызыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”

Сары көзі
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды

Жасыл көзі

Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.

Бағдаршам
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?

Ән:Бағдаршам

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)

5.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)

Көрініс:«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»

Қызыл телпек қыдырып...әжесіне бармақшы

Жету үшін орманға, белгіні еске алмақшы

Жету үшін адаспай ережені сақтайды

Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Балақай -Көмектесіңдерші, Көмектесіңдерші...

Жасырмай айтсам сырымды

Жол апатына тап болдым

Бағдаршамға қарамай

 Жолда ойнап тап болдым

 ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:-Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың.Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.Мен сені жолда жүру ережелерімен таныстырайын.Тыңда....( жол белгілерімен таныстырады )

  1. Сақтандыру, ескерту белгісі:  

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

  1. Тыйым салу белгісі:
    Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
    Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
    Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
    Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың. 

  2. Міндеттеу белгісі:
    Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
    Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
    Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
    Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
     

  3. Нұсқау белгісі:
    Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
    Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
    Күндіз де, түнде де от болып жанады,
    Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

Балақай

-Енді мен бәрін білдім,жол ережесін бұзбаймын,Қызыл телпек, саған көп рахмет!

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:

-Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Бағдаршамға қарайық

Аман алып қалайық!

 «Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр. 

2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы».
Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. 3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Өткізу әдісі: Ауызша журнал.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   
        - Оқушылардың назарын аудару. 
ІІ.Кіріспе сөз:
«Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатының мақсаты:

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
     
Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.    
 
ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
       
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
     1
- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
 
   2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
     1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
                        Оқушы тақпақтары:
       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
       
2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
       3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.
       Ән «Ананың тілі»
       4-оқушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,
                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Түсінікті сендей жақын маған кім.
                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
       5-оқушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                       
Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
       6-оқушы: Хандардың қайталама қатерлерін,
                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.
  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
        7-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
        8-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
                         Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
                         Асықпа түспеді деп қолыма тез.
                          Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
                          Керегің өміріңде болады кез.
         9-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
                          Сенсің менің қасіретті шаттығым.
                          Сенсің менің тазалықты пәктігім,
                          Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
       10-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
                          Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
                           Ел бетіне қалай түзу қараймын,
                           Ана тілі егер сені білмесем.
ІV.  «Кім шапшаң?».Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
       11-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
                          Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, - депті Абай атамыз.
       
12-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
                          Сөз өнері-киелі өнер.
       13-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл.
                          Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»   Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).
VІ.Қорытынды:
      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
       Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
       
Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
                                            Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                                            Осы тілмен мен де бірге өсемін,
                                            Өшсе тілім мен де бірге өшемін

Тақырыбы: Қарттарым аман сау жүрші

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым аман сау жүрші» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2- жүргізуші: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.

1-оқушы. Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

3-оқушы:  Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

4-оқушы. Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

5-оқушы. Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

6-оқушы. Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

7-оқушы. Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

8-оқушы. Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

9-оқушы: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

10-оқушы.

Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
11-оқушы.Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

12-оқушы.Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

13-оқушы.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

14-оқушы. 

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

15-оқушы. «Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.

16-оқушы. Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

2-Жүгізуші: Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

1- Жүгізуші: Әкелер!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

2-Жүгізуші: Аналар!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Жүздеріңді әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.

Ортаға ___________ «Аман болшы, қарттарым» баяндамасымен шақырамыз.

____________________________________________


1-Жүгізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2-Жүгізуші: Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын

өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа

жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

Сұрақ-жауап.

__________________________________


1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)


1-Жүгізуші: Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

9 бастауыш мектебінде оқып жатқан

Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.

Мектеп оқушыларының өз өнерлері

_______________________________________-


2-Жүргізуші. Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

___________________________________________


1-Жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.


2-Жүргізуші. Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз. 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

1- Жүргізуші. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады

Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

















Ұстазым, менің ұстазым!

Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу – инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер – білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.«Адамның адамшылығы….. жақсыұстаздан басталады»

Мұғалім. – Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы. Мөлдір.
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавтан, батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)
Хор: «Мұғалім – ол біздің» әні орындалады.
2оқушы. Нұрлан.
Құрметті ұстаздар! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сезімізді тындаңыздар.
3 оқушы. Маржан.
Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып – тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт – жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Хор: «Біз бақытты балдырғандар» Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө.Байділдаевтікі
Мұғалім. – Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
4 оқушы:
«Ұстаз деген….»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол – бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын…..
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы – мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы:
«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата – тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл – болмай ма ұлықты,
Қыз – болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. – Ұстаз жолы – қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі – кішкентай ғана күйсандық. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек..


Тақырыбы: Туым-теңдігім, елтаңбам-елдігім, әнұраным-айбыным.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран,елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету.Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар.

Әдіс-тәсілдері: суреттеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлематсыздар ма, балалар!

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болды.

-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер?

Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.

-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл болады?

-ҚР-сының тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл болады.

-ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?

-Қазақ тілі.

Ал,енді балалар, мына сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашып алайық.

Сұрақтары:

1.Батыс Қазақстан облысындағы қала қалай аталады? /Орал/

2.Отбасындағы асқар тауымыз кім? /әке/

3.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. /мектеп/

4.Сендер мектепке не үшін келесіңдер? /білім/

5. Біздің ұлтымыз қалай аталады? /қазақ/

6.Көктемде көктеп масағы,

Шілдеде жайнап шашағы.

Тамызда толық толықсып,

Қауызын күзде ашады. /бидай/

7.Ел іші-алтын /бесік/

8.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. /бор/

Сөзжұмбақтан қандай сөз оқуға болады? (рәміздер)

-ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.

-Ту,елтаңба,әнұран.

-ҚР-сының мемлекеттік рәміздері қашан дүниеге келді?

-1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер дүниеге келді.

Мұғалім: Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім ӘнұранғТу,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

-Олай болса, балалар, Мемлекеттік рәміздер туралы не білетінімізді ортаға салайық?

Мемлекеттік туға сипаттама беру.

Елтаңба туралы өлеңдер.

-Мемлекеттік Елтаңба қайда орналасады?

Мемлекеттік Әнұранға сипаттама беру.

Конституция-елдің басты құжаты.Бұл-мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы.Онда азаматтардың құқығы мен міндеттері жазылған.

Тәрбие сағатын әнұранды орындаумен аяқтау.

























Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Имандылық адам көркі».

Мақсаты:  

1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мұсылман діні туралы адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігінақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл,  шарлар.          

Түрі: өнеге  сағаты

Әдісі: СТО, баяндау

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.  Музыка ойнап тұрады.

-Әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

  - Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

 Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Имандылық адам көркі» атты тәрбиелік шарамызды  бастаймыз.

- Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
Ән «Аллаға шүкір»- Көкен Жансая, Абдрахманова Сауле

Топтастыру стратегиясы – Имандылық қасиеттер

     Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады.

 Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

 Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

 «Ой қозғау» Ұлдарға сұрақ:

 1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті) 2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

 3. Қызға қандай қылық жараспайды?  

(ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

 4. Қыздарға арнап мақал айт

( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, 

       қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

     Қыздарға сұрақ:

  1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні  сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,

                                                     Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса,

                                                     Ат үстінде ит қабар

     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 

    етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  

    ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

«Жалғастыр» ойыны

Енді, балалар, біраз сергіп алайық.

ҮІІІ. Қорытынды

«Ой қорыту»

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шрамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  иманды ұл мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек?

Жүректен жүрекке.

 –Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына   қойыңыздар.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Тәрбие сағатымыз аяқталды.



Тақырыбы:Табиғатты танып,білейік!

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін ортаға салуларына жағдай туғызу.Табиғатты сүюге,қорғауға, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен,мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.

Көрнекілігі:

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ.

Ексең ағаш аялап,

Болады саған сая бақ.

Қамқоршы болып орманға,

Орманды бәрің қорғаңдар!

Бір тал кессең,он тал ек!»

нақыл сөздері , суреттер, кітап көрмесі

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру
Мұғалім: Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді бүгін Табиғат -Анаға жарыса отырып саяхатқа шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі сайымыздың тақырыбы: «Табиғатты танып, білейік!» деп аталады. 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 


Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.

Алдымен осы топтармен таныс болайық.

І топ. «Мөлдір бұлақ»

Ұраны:

Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ


ІІ топ «Орман байлығы»

Ұраны:

Қамқоршы болып орманға

Орманды бәрің қорғаңдар!

ІІІтоп «Жер ана» 

Ұраны:

Жер адамның бесігі,

Ел бақыттың есігі.

- Бүгінгі жарысымыз 4 кезеңнен тұрады. Ал енді сайысымызды басталық.

1-кезең «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.

-Ал енді бұл сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.Әр топқа бірнеше сұрақ беріледі.Сол сұрақтың дұрыс жауабын айту керексіңдер.

Ітопқа

1. Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?

А)1

Ә)2
Б)3

ІІ топқа

2.Өсімдіктердің жер астындағы мүшесі қалай аталады?

А) тамыр

Ә) сабақ

Б)жапырақ

ІІІ топқа

3.Бақта нелер өседі?

А)көкөністер

Ә)гүлдер

Б)жемістер

Ітопқа

4.Күзде өсімдіктер қандай өзгеріске ұшырайды?

А) гүлдейді

Ә)қурайды

Б)өсіп-өнеді

ІІ топқа

5.Көктемнің алғашқы гүлі?

А)бәйшешек

Ә)қоңыраугүл

Б)раушан

ІІІ топқа

6.Ағаштан нелер жасалады?

А) машина, доп, шеге

Ә)кітап, дәптер,жиһаз

Б) компьютер,теледидар


Өте жақсы. Осымен 1-кезең аяқталды 1-кезеңді келесі өлең шумақтарымен қорытындылайық.

Мағжан:

Гүлді үзбе.

Кешкілік пе ,күндіз бе?

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастағалы жүрміз бе?

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл.

Не қалады сиқынан,

Қызыл- жасыл жердің бұл.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) 

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.


Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында ,

Жадырап жас балаша дем алайық!

Әр топтың жауаптары тыңдалады.(бұл соңғы кезең)
Сабақты қорытындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған табиғат көрінісінің суретіне кезекпен мынандай сөздерді апарып іледі. 
Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
Күнің жарық болсын!т.б. 
Хормен : 
Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз! 

Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Соңында ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтаймыз.
























Хаттама №1

5. 09. 2017 ж. күні сыныпта ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Оқушылардың оқу құралдарының жеткізілуі, оқулықтардың ұсталуы.

  2. Оқушы тазалығы және үлгерімі туралы.

  3. Ата-аналар комитеті және құрамын сайлау.



Барлығы -18 ата-ана

Қатысқаны – 15



Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушылардың оқу құралдарының қажеттілерін алып беруін тапсырды. Соған қоса оқушыларға жаңа оқулықтар берілді. Сол оқулықтардың сыртын қаптап таза ұстауын қадағалап қарап отыруды айтып өтті.

Екінші мәселеде оқушы тазалығы болды. Оқушылардың киімінің және шаш, тырнақ тазалығы, күнделікті мектеп формасына үлкен мән беруді атап айтылды. Сонымен қоса сабақтан себепсіз қалдырмау және сабақ оқуын қадағалап отыру керек екені ата-аналарға тапсырылды.

Оқушы қауіпсіздігі және балаға зиян келтіретін ұялы телефонды ұстамау, интернет желісіне кірмеу, балаға кері әсер ететін желі түрлерін қолданбауын қадағалап отыру қажет.

Соңғы мәселеде ата-аналар комитетін сайлады. Ата-аналар өздерінің арасынан төмендегі ата-аналарды ұсынды.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Асланбекұлы Шапағаттың ата-анасы

Мүше: Утеген Нұртастың ата-анасы.

Мүше: Михайл Арманның ата-анасы.

Мүше және хатшы – Жакуп Асланның анасы болып сайланды.



Қаулы:

  1. Оқулықтардың оқу қажетті құралдарымен қамтамасыз ету ана-аналарға жүктелсін.

  2. Оқушы тазалығы мен қоса сабақ үлгерімі қадағалап отыру тапсырылсын.

  3. Ата-аналар комитеті бір ауыздан сайлансын.


Сынып жетекші: Ешмуратова.

Хатшы: Рымбаіева Б.




Хаттама №2

26. 11. 2017 ж. күні сыныпта ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Оқушылардың оқу құралдарының жеткізілуі, оқулықтардың ұсталуы.

  2. Оқушы тазалығы және үлгерімі туралы.

  3. «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі» баяндама



Барлығы -18 ата-ана

Қатысқаны – 16



Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушылардың оқу құралдарының қажеттілерін алып беруін тапсырды. Соған қоса оқушыларға жаңа оқулықтар берілді. Сол оқулықтардың сыртын қаптап таза ұстауын қадағалап қарап отыруды айтып өтті.

Екінші мәселеде оқушы тазалығы болды. Оқушылардың киімінің және шаш, тырнақ тазалығы, күнделікті мектеп формасына үлкен мән беруді атап айтылды. Оқушылардың 1 тоқсанда алған оқу желісі айтылды..Сонымен қоса сабақтан себепсіз қалдырмау және сабақ оқуын қадағалап отыру керек екені ата-аналарға тапсырылды.

Оқушы қауіпсіздігі және балаға зиян келтіретін ұялы телефонды ұстамау, интернет желісіне кірмеу, балаға кері әсер ететін желі түрлерін қолданбауын қадағалап отыру қажет. Соңғы мәселеде ата-аналарға «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»тақырыбында баяндама оқылды..



Қаулы:

  1. Оқулықтардың оқу қажетті құралдарымен қамтамасыз ету ана-аналарға жүктелсін.

  2. Оқушы тазалығы мен қоса сабақ үлгерімі қадағалап отыру тапсырылсын.


Сынып жетекші: Ешмуратова Г.

Хатшы. Рымбайева Б.









Хаттама № 1


3. 09. 2017 ж. күні 4 «В» сыныпта оқушыларына сынып жиналысы болып өтті.


Күн тәртібіндегі мәселелер.

  1. Жаңа оқу жылындағы оқушылардың міндеттерімен таныстыру.

  2. Сынып белсенділерін сайлау.

  3. Оқулықтарды таза ұстау.


2017-2018 оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылын жақсы бастауға және сабаққа үлкен күш жігермен бастауларын тілек білдірілді.

І мәселе бойынша оқушыларға жаңа оқу жылында оқушыларды алда тұрған жұмыстармен таныстырылып өтілді. Соған қоса сабақтан қалмау, жақсы оқу және сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысып отыру міндетті екені, мектептегі әрбір қызметкерлерді құрметтеу қажет деп оқушыларға нақтылап айтылды.


Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша сынып белсенділері төмендегідей тізімде тағайындалды. Олар:


Сынып басшысы: Кеңес Фатима

Көмекшісі: Мухаммед Сурая,

Сынып тазалықшысы: Мұхамбет Толғанай, Муса Жұлдызай

Оқу секторы: Асланбекұлы Шапағат

Сынып спортшылары:Михайл Арман

Сынып суретшісі: Жакуп Аслан


ІІІ мәселе оқулықтар жөнінде болды. Оқушыларға жаңадан келген оқулықтарды күтіп ұстау, сыртын қаптау тапсырылды. «Білім көзі –кітапта» дегендей білім нәрін себуші кітап болып табылады. Сондықтан кітапты таза ұстауға міндетті екені ескертілді.


Қаулы:

  1. Оқушыларға сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысу міндетті екені қаперге берілсін.

  2. Сынып беленділері бір ауыздан қабылдансын және әр оқушы өз міндеттерін ойдағыдай атқарсын.

  3. Оқулықтар сырты қапталып, мұқият қаралсын.



Сынып жетекші: Ешмуратова Г.





Хаттама № 2


03. 11. 2017 ж. күні 4«В» сынып оқушыларына сынып жиналысы болып өтті.


Күн тәртібіндегі мәселелер.

  1. І тоқсан қорытындысы.

  2. Сабақ үлгерімдері және оқушы тәртібі.

  3. Оқулықтарды таза ұстау.

  4. Әр түрлі мәселелер.


Барлық оқушы – 18

Қатысқаны - 18



І мәселе бойынша оқушыларға жаңа оқу жылында оқушыларды алда тұрған жұмыстармен таныстырылып өтілді. Соған қоса сабақтан қалмау, жақсы оқу және сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысып отыру міндетті екені, мектептегі әрбір қызметкерлерді құрметтеу қажет деп оқушыларға нақтылап айтылды.


Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша сынып белсенділері атап өтілді.


ІІІ мәселе оқулықтар жөнінде болды. Оқушыларға жаңадан келген оқулықтарды күтіп ұстау, сыртын қаптау тапсырылды. «Білім көзі –кітапта» дегендей білім нәрін себуші кітап болып табылады. Сондықтан кітапты таза ұстауға міндетті екені ескертілді.


Қаулы:

  1. Оқушыларға сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысу міндетті екені қаперге берілсін.

  2. Сынып беленділері бір ауыздан қабылдансын және әр оқушы өз міндеттерін ойдағыдай атқарсын.

  3. Оқулықтар сырты қапталып, мұқият қаралсын.






Сынып жетекші: Ешмуратова Г.








«№9 бастауыш мектебі»КММ





Shape2







Shape3



Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О




















Құрық 2017/2018




«№9 бастауыш мектебі»КММ





Тәрбие сағаты






Shape4



Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О



















Құрық 2017/2018



«№9 бастауыш мектебі»КММ





Shape5







Shape6



Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О















Құрық 2017/2018








«№9 бастауыш мектебі»КММ





Shape7



Shape8



Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О
















Құрық 2017/2018

«№9 бастауыш мектебі»КММ






Shape9





Shape10





Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О











Құрық 2017/2018







«№9 бастауыш мектебі»КММ





Shape11




Shape12


Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О


















Құрық 2017/2018




«№9 бастауыш мектебі»КММ





Shape13





Shape14



Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О


















Құрық 2017/2018


«№9 бастауыш мектебі»КММ





Shape15




Shape16


Өткізген: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Ешмуратова Г.О























Құрық 2017/2018


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1093
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі