жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты
![]()

Тақырыбы: «МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ! »
(Тәрбие сағаты)
Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп , еліміздің - бас қаласы Астана жайлы әңгімелесу. Мемлекеттік рәміздер тұралы білімдерін дамыту. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім, Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу, рухани отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.
Көрнекілігі: рәміздердің суреті, шарлар, бәйтерек .
Тәрбиеші: Балалар,бүгін бізде ерекше күн, біз бүгін барлық өнерлерімізді біздің Президентке арнаймыз, өйткені ол біздің тұңғыш Президентіміз. 1991 жылы 1-желтоқсанда - Қазақстан Республикасының тұнғыш Президентінің күні деп жарияланды.
Тәрбиеші: Еліміздің барлық саяси,салтанатты шаралар Қазақстанның
Әнұран орындалуымен басталады,біз де қазір әнұранды орындайық.
Әнұран орындалады.
Слайд- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өмірбаяны Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Біздің елбасымыз, Президентіміз кім? Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Балалар,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы
Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Тақпақ: Еркімен кәрі,жасымыз,
Дауыс беріп сайлаған,
Бар біздің елбасымыз,
Халық қамын ойлаған. ( Мансұр)
Тәрбиеші: Балалар біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Ол елдің аты қалай атталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тақпақ: Біздің Отан-Қазақстан
Ел басымыз-Нұрсұлтан
Орталығы –Астана
Жаңа туған жас қала (Бағым)
Анамыздың тілеуі –ақ
Отан бізде біреу-ақ
Ол біздің Қазақстан (Атика)
Асқар,асқар тауым бар
Қазыналы жерім бар
Көгінен нұр төгілген
Қазақстан деген жерім бар (Айзада)
Тәрбиеші: Әр елдің өзінің Мемлекеттік рәміздері болады,ал біздің еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран. Тақпақ: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды. ( Нүрия )
Елтаңбасы елімнің, Неткен айбат,әдемі,
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі. ( Бекарыс)
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте (Атика)
Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде. Тақпақ: Ана тілім - ұранным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса
Болмас еді жыр, әнім. ( Барыс ) Тәрбиеші: Еліміздің Елордасы қай қала?
Балалар: Нұрсұлтан Тақпақ: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән
Елордасы Отанның
Мақтанышы - Астанам ( Нұрғали)
Барлығы:«Біз,осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.
1. Хор «Тәуелсіз елім »
Түсінді: Елбасымыз туралы ,еліміздің рәміздерін құрметтеу керек екендігін
Білді: Еліміздің рәміздерін
Үйренуі керек: Әңгімелеп айтуды
«Үржар аудандық әкімдігінің Балдырған балабақшасы» КМҚК
Тақырыбы: «МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ! »
Тәрбиеші: Б.И.Кымбатова.
2020-2021 ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген