Материалдар / тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты желтоқсан желі оқушылар хор мен өлең айтып. жаттаулар айтады.оқушылар желтоқсанға қатысқан аға апаларымыз туралы білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы»
Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер,

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.
Бүгін сіздерді
 «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

Қазақстан Республикасының әнұраны !

1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Иә.Ибрагим дұрыс айтасың Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алганына 30 жыл, ал желтоқсан оқиғасына 35 жыл болды. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Ия апай мен сізбен келісемін. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

2 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

1-жүргізуші: Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке. Желтоқсанда болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Ендігі кезек оқушыларда Олар сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Ән: Жетпісбай Байымбет Желтоқсан ерлері


  1. Аянат

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн


  1. Анель

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

  1. Айару

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

  1. Алдияр

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

  1. Али

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

1 жүргізуші Ендеше мың бұралған бишіерімізді қарсы алайық қыздар биі

  1. Фатима

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.


  1. Дамир

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.


  1. Нармин

Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Сәбира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

  1. Мариям

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

  1. Байымбет

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!


Туған ел орындайтын Әлібек Аяулым, Жетпісбай Байымбет,Егінбай Нұсәт


  1. Амина

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан


  1. Қуанай

Қанды қырғын-қалған іс,

Бейне теңіз сең соққан.

Жарқылдайды ар-намыс,

Алматы. Аяз. Желтоқсан.

Дүрсілдейді жүректер,

Сесі күшті  қарудың.

Жүзіне мұң түнетті,

Үлбіреген арудың.

Арманы алда, сенім көп,

Оранды отқа үміттер.

Мұрты жаңа тебіңдеп,

Келе жатты жігіттер.

Жасамай ездік босқа айбат,

Намысымен от шайнап.

Халық үшін бас байлап,

Жанып та кетті жас Қайрат.

Қанды қырғын от өрген,

Жарқылдады ақыл-ой.

Бәрін соның көтерген,

Біздің халық батыр ғой!


  1. Аяулым

Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

  1. Үміт

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

15.Асылай

Туған жер — ата қоныс, атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі — ұлы ел, менің өлкем.

Ән: Атамекен Хор

1-жүргізуші:   Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

 Жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

2-жүргізуші: Міне Ибрагим осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

1-жүргізуші:

Иә апай бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.

1-жүргізуші: Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

Бақтыӊ құсы әр адамга қонып бір,

О, тәӊірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік агайын

Әр қазақтыӊ жүрегі боп согып тұр

2-жүргізуші:

Таӊғажайып атыӊ да дәл табылды

Табылды ды талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетті көк туыӊ

Сен –тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі

Бірге Өзініздікі- елін де

Өзіндікі –жерін де

Өзінді сезін бақытты

Тәуелсіздік төрінде


  1. Жүргізуші

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 35 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Нұрсәт

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады

2 – жүргізуші:

Ән « Көк тудың желбірегені»

1-жүргізуші:

 Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы»атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!