Материалдар / тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз – аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ,ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2022
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана - өмір шуағы»


Анашым, мерекеңмен!

Жүргізуші:   Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып

                                 Әлемнің жарығын силадың сен маған

                                 Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-

                                 Аналарға гүлдерін сыйлайды

 Жүргізуші:  Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісіне  сөз береміз

 

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!

-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар:  Ана,ана,ана.

 Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

 

1 бала: 8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар

1 бала

.Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл - қызың.

2 бала

.Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.



3бала Ержан

Мәпелейсің мені анам,

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағында қысылмай

4 бала

.Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым


Н.Айзере

Аспандағы айымсың,

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекен,

Айналайын жан ана.

5 бала

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым


6 бала

5.Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жансың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

6.Ақ сүт берген балаңа

Күш - жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған


7 бала

.Еркелеттің асырадың

Мойыныңа асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын.


8 бала

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

9 бала

.Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл - қызың.


10 бала

.Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.


11 бала

.Бесіктерін әнімен

Тербетуде аналар

Жасай берсін сәнімен

Жер бетінде аналар.

12 бала Жанайым

Баланың тірегі

Дананың тірегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі


13 бала

Мен анамды сүйемін,

Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.


14 бала

.Мейірімді жүрекпен,

Бөлісетін бақытты.

Ақ ниетпен шын тілек,

Ізгі істерді жақұтты

Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

 Ән: « хор »

 Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!       «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

 15 бала

Менің әжем, бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже


15 бала

Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.

16 бала

Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.


. 17 бала

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімін таусылмас

Күн нұрына теңедім


18бала

Менің әжем, гүл әжем2

Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.


19 бала

Менің әжем, бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже

Ән:  « Әжем менің айдай»

 

20бала

.Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

21 бала

.Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

22 бала

Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.


23бала

.Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.


24 бала

.Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.


25 бала

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

26 Асылжан

Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс

23.Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз


24 бала

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Би :  «жүрек » Ұлдар қыздар

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Балалар: Жоқ,жоқ!

  1. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Балалар:  Бар,бар!

                Ойын : « Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады

   Жүргізуші:                     Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын

Ойын :  Логикалық есептер:1Ағашта 8 құс отыр,оған тағы 1 құс келіп қосылды,ағашта қанша құс отыр?(9)

2.                3,5,7,9-        көршілерін атаңдар ?

3   Аспанда 4 қаз ұшып барады

      Биіктен төмен қарады

      Аяқ нешеу,бас нешеу?

        Жауабын кім табады?(8,4)

 

  1. Балапанын көгалда

Санай алмай тауық жұр

 7 жүр жүгіріп

 3 жем тауып жүр

  Қанша барлық балапан

 Санап берші балақан(10)

   Жұргізуші :  Құлақтан кіріп бойды алар

                     Әсем әнмен тәтті күй

                     Жүрекке жылы ой сала            

                      Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ  қыздардың орындау ында  бір жақсы өлең тыңдаңдар

               Ән « Үйретеді бұл мектепте үйретеді»

 Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

                     Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

                     Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

                     Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң

Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.

 

          Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.

                                       Ана- біздің гүліміз

                                       Ұландарды қуантып

                                        Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші:  Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен  құттықтаймыз!

                  Би : «Вальс»

 



























Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі




Тәрбие сағаты



Тақырыбы:«Ана - өмір шуағы»






Орындаған:Оспанова А.С.












Арқалық қаласы,2022ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!