Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай атындағы ДБА мектебі












16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні

(тәрбие сағаты)


5 «Z» сыныбы

2022-2023 оқу жылы

Өткізген: Әбілбай.Ә.Ж.



















Тәрбие сағаты.



а) Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

ә) Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 

б) Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз. 

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары! 
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 

1-оқушы:

   Әнұраным – жан ұраным,

  Айтар әнім – сөйлер сөзім.

  Туған жерім сағынарым,

  Мәңгі бақи шырқалады,

  Республика әнұраным.

   (Әнұран орындалады)

1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.  Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты. 

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз, 
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз. 
Тәуелсіздік – білектегі әліміз, 
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз. 
Үлгі бізге аталардың ерлігі, 
Ұлағат, өнегесі, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

«Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.



Он алтыншы желтоқсан,

 Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.



Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға,
Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым,
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақстаным!



Қуанбес ем, күлмес ем,

Отан сені сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен!



Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2023
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі