ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімдей тәрбиешілерге көмек тесуден қашпаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ақмола облысы білім басқармасының

Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің

жанындағы Есіл қаласының

3 «Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК





«Кел, жемісті Алтын күз» атты ертеңгілік











Жауапты: «Күншуақ» ересек тобы

Тәрбиеші: Мұратхан Г.













2023-2024 оқу жылы





«Кел, жемісті Алтын күз» атты ертеңгілік

«Күншуақ» ересек тобы

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар білдіршіндер, ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Кел , жемісті Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ендеше, ортаға «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Балалар қолдарына жапырақ ұстап музыкамен залға кіреді

Ән: «Күз»

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар ендеше кезекті шумақты тақпақтарға назар аударайық.

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен? (Күз ханшайымы кіреді)

Күз ханшайымы, Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма? Балалар: Иә таңыдық.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Біздің балалардың өнерлерін тамашалап қана қоймай, сонымен бірге «Жұмбақтарында» бақылаңыз, баға беріңіз.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге ойын ала келдім.

Күзім,күзім,күзім

Пісті алма,жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп.

Олай болса келіңдер Ойын ойнайық «Жемістерді себетке теру.

Жүргізуші: Ой, Күз ханшайымы сізге, көп рахмет! Ойыныңыз өте керемет екен. Балалар сендерге ұнады ма?

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің қыздарымыздың «Қолшатыр» биімен қарсы алыныз»

Жүргізуші: бұнымен ғана шектелмейді балалардың өнерлері:

«Алма» ертегісі қойлымын балалардың сомдауымен

Жүргізуші: Ән: «Күзгі жапырақтар»

Күз ханшайымы: Ал балалар мен сендерге жемістер әкелдім, рахмет өнерлеріңе енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар!!!

Жүргізуші келесі Жүргізуші: Рахмет, Күз ханшайымы

Жүргізуші: Олай болса: ары қарай мерекемізді жалғастырайық

«Күзгі ауа райының өзгерістері» Ойын

Жүргізуші: тамаша, рахмет! Балалар жарадыңдар. Олай болса

Би: «Көңілді» керуен

Жүргізуші: балалар бүгін сендер жарадыңдар рахмет!

Олай болса ата-аналарға марапаттар кезегін күтуде. «Күзгі» қол өнер сайысының қортындысы.

Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Кел, жемісті Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды

Келесі мерекеге, дейін сау болыңыздар!



Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар

Бұтағында азығы
Ортасында қазығы.
(алма) Кенесары

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш) Хадиджа

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. 

(Жеміс) Медина


Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар? 

(Мақта) Сания

Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да,
Айналар нанға да. 

(Бидай) Алан

Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.

(Пияз) Армина

Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды. 

(Егiн) Ясмина

Бiреу бердiм,
Онын тердiм. 

(Тұқым) Естай

Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс. 

(Жүгерi) Әлихан










Жапырақ ұшты

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде. К. Амина

*********************************
Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді Айтуар

****************************************

Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке. Эмин

*****************************************

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып. Ернұр

******************************************

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі. Аяла

**********************************

Күзім-ау, күзім-ау, 
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау
Алдияр

************************

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Парасат
*******************************

Мен - алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқандарыңа арнадым.
Арсен

***********************

Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.
Елнұр
*****************************
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Айлин
*********************************

Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім Мадияр

***********************

Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі. Диляра

***************************

Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Алиана

************************************
Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Айназым


Жеті желмен алтын күз, Аспанда сұрғылт бұл

Жеміс жинау салтымыз. Жан-жақтан жауады.

Жиып –теріп болған соң Күн бірте суытып,

Той жасайды халқымыз. Жауын көп жауады

Жантөре Б. Амина

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2023
387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі