Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек ардагері – ел құрметтісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ







Тәрбие сағаты



«Еңбек ардагері – ел құрметтісі»












Сыныбы: 3-«Б»

Сынып жетекшісі: Далаева Н.Т












2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы: Еңбек ардагері - ел құрметтісі

Мақсаты:    

  1. Үлкендердің еңбектері туралы, жеңістің, жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру.

2.Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.

3. Еңбекқорлыққа, адалдыққа, шыдамдылыққа   тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

   презентация, қанатты сөздер, мамандық суреттері

Кіріспе сөз:

Аталдар жолымен , ағалар ізімен деген сияқты бүгін біз еңбек ері ардагер ұстаздармен кездесу өткізгелі отырмыз. Құрметті қонақтар, сүйікті оқушылар бүгінгі сынып сағатына қош келдіңіздер.

Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал.
“Еңбек ер атандырады” деген халық мақалы бар. Еңбек –адамның атақ-даңқын шығарады. Еңбектенген биік шыңға жетеді. Өзің адал еңбек  етіп,  алға

ұмтылмай, көздеген мақсатыңа жете алмайтының бұл – шындық.

Елбасы да өз сөзінде  барша халықты ел игілігі, ертеңгі жарқын болашақ үшін қажырлы еңбек етуге шақырды.

Бақыты асқан патшадан,                                   Жайнатар кең өлкені,

Миымен асқан қара артық.                                Болашақтың ертеңі.

Сақалын сатқан кәріден,                                    Біз бақытты баламыз,

Еңбегін сатқан бала артық                                Ата-ананың өркені.

Мұғалім сөзі: Өздеріңіз білесіздер біздің мектептің ардагер ұстаздары, мектебіміздің мақтанышы. Біз әрқашанда ұстаз алдында  бас иетін,  еңбек ардагерлерін жоғары бағалайтын халықпыз.

Ән:»Ұстазым»

Оқушылар кезегі:

Біздің елде еңбек ер атандырады, бақытқа жеткізеді, қуанышқа бөлейді. Біздің принципіміз «Еңбек етпеген ішіп жемейді».

Шыдамды еңбек, алғыр-ой,

Анық досың біліп қой.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға,

Әділет шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Пайданы көрсең бас ұрып

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып

Майданға түспей бәйге алма.

Еңбегімен ел құрметіне бөленген бірі механизатор, бірі сауыншы, бірі әнші, бірі биші, бірі спортшы, бірі жазушы, енді бірі ұстаз болып қажырлы еңбектерімен жас өрендерге үлгі боларлық  адал азаматтарымыз  баршылық.

Презентациядан көрініс. Еліміздің гүлденуіне  өз еңбегімен үлесін қосқан адал азаматтарымыз жайлы  сыр шерту.

Мұғалім сөзі:

Атаның сөзі – тәрбие көзі – дегендей осы сынып сағатына  қатысып отырған қонақтарымызға да сөз кезегін беріп отырсақ деймін. Оқушылар өздерінің көкей кесті сұрақтарына жауап алғысы келеді. Сол сұрақтар төңірегінде сыр шертсеңіздер артық болмас деп ойлаймын. Ұстаздық мамандықты таңдағандардың жолы да, қоғамда олардың алатын орны да айрықша екендігінде дау жоқ.

Баланың жақсы, жаман болуы ауызданар тәрбиесіне байланысты деген екен даналарымыз. Ол дегеніміз жас ұрпаққа үлгі-өнеге таныту шығар. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Ұлы Абай атамыздың :

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп айтуында терең мән мағына жатыр.

Тақпақ: «Ұстазым»

Мұғалім – ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орныңды,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Өткізіп өз алдыңнан талай бала

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылғы еңбегіңді

Ақылшы, тәрбиеші болдың аға.

Ән: «Ардагер аға»

Оқушылар кезегі:

Озат боп оқуда да, еңбекте де

Еңбегіміз жанады тер төккенде

Ардагер ағалардың салтыменен

Еңбек ері боламын ер жеткенде.

Хор:«Алға, Қазақстан!»

Қорытынды сөз: Сіздердің өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Сіздерге қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз. Ендігі кезекте шәкірттеріміздің қонақтарға арнаған аздаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.10.2023
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі