Материалдар / тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға толеранттылық туралы ақпарат беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орал қаласы, № 20 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Толеранттылық -төзімділік әлемі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды қазақ ұлтына тән имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету.

Туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге,

ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Мағынаны ашу

2. Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту деген мағынада қолданылады. Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне қарамастан, төзімділік танытып, түсіністікпен қарап, оларды өзіндей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.

Оқушы: Толеранттылық – бұл төзімділік.

Толеранттылық – бұл ықыластық.

Толеранттылық – бұл даналық.

Оқушы: Толеранттылық – бұл адамгершілік.

Толеранттылық – бұл аяушылық.

Толеранттылық – бұл қайырымдылық

Толеранттылық – бұл әділеттілік

Оқушы: Толеранттылық – бұл кең пейілділік.

Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

Толеранттылық – бұл тілектестік.

5.Толеранттылыққа тарихи шолу.

Біз басқа ұлттарды жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Соның көрінісі болып табылатын қазақ халқына тән қандай ұлттық мінез –құлықтарды атай аласыңдар?

Сұрақтар: Толерантты болу деген не ?

Толеранты болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

2.Ұлттық мінез қандай мақал-мәтелдерден көрініс табады?

3.Толеранттылық деген сөзге қарама-қарсы мағаналы сөзді табыңдар.

6.Достық туралы өлеңдер:

Даяна: Достықтың болған емес шекарасы,

Елімнің мен де туған бел баласы.

Отанға миллиардты берді тағы

Қазақтың қасиетті кең даласы.

Аружан: Ынтымақ –достық береке –

Бағымыз біздің жайнаған.

Ынтымақ-бақыт, мереке

Шаттыққа толы айналым.

Адиля:Ынтымақ тасқынымен тастым да мен,

Кең жайдым құшағымды досыма мен.

Біргеміз өмір-бақи, отандастар,

Жалғасар өміріміз достықпенен.

6.«Достық жыры» /орындайтын Аяна

7. Ұлы адамдардың Толеранттылыққа байланысты айтқан сөздері.

1. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым.

2. Кәміл адам

3.Атымды адам қойған соң

Қалайша надан болайын.

4. Қазақстан дамуының 3-кілті бар . (Н.Ә.Назарбаев)

Біріншісі - 135 этносты біріктіруші – бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы.

Екіншісі -Толеранттылық болса.

Үшіншісі- тарихи тағдырлардың қауымдастығы деп атап көрсетті.

Қорытындылау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!