Елеу Көшербаев атындағы № 279 мектеп-лицей
Мамандық таңдау –ең маңызды мәселе.
Күні:16.04.2024
Сынып:9- сыныптар
2023-2024 оқу жылы
Тексерілді:
Күні :16.04.2024
Мақсаты:
«Мамандық» құндылығы туралы
түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек
қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері:
мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге,
өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға
тәрбиелеу.
Кіріспе
Мамандық - қарапайым өмір сүру
көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ
кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған
арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер
үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін -
әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты
таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс
таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері
әсерін тигізеді. Өз - өзіне “Мен кіммін?” “Осы өмірдегі менің орным
қандай”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де
кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Осы көп салалы
мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы -
адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы
өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы
шарт.
Дәйексөз
«Бәрінен күшті адам -өзіне - өзі сенетін адам.»
«Білім - бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің
азығы.»
( М. Әуезов)
Мамандық таңдауда қойылатын
талаптар:
белсенділік
әлеуметтік жауапкершілік
жоғарғы ой - өріс
терең білімділік
кәсіби сауаттылық
Мамандық таңдаудағы
қиындықтар мен қателіктер:
мамандыққа бағыт - бағдар
берушілерге ауып кету;
бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру;
достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;
мектептегі таңдаған пәннің мамандыққа сәйкес келмеуі;
өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін
білмеу
Әңгімелесу
1) Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата - анаң келіспесе не
істейсің?
2) Егер сен таңдаған мамандығың бойынша оқуға барып, бірақ қажетті
балл жинай алмай, оқуға түсе алмай қалсаң не істейсің?
3) Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса не істейсің?
4) Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
5) Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек
деп ойлайсыз?
6) Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп
ойлайсыздар?
7) Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
8) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу
керек?
9) Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі
қажет?
Тапсырма
Ең тәттісі көп
мамандық-аспаз,кондитер
Ең жауапкершілігі көп мамандық-
сот,
бухгалтер.
Ең жасыл мамандық- эколог, географ, бақташы,
гүл өсіруші.
Ең күлкісі көп мамандық- клоун,
карикатурашы.
Ең ақшасы көп мамандық- бухгалтер,
экономист.
Мамандықтар бойынша суреттер
слайд арқылы көрсетіледі.
"Әріпті мамандық"
сайысы
Әр топқа бір әріптен беріледі.
Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ
жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады.
Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
“А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.
“М” әрпінен басталатын мамандық.
Ж. Аймауытов айтқандай:
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,
бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе десек, Абай атамыз айтқандай
«болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға
ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!
Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда
екені даусыз.
Қорытынды: “Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен
басталады”
Анықтама
Жұмыстың
мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы

2023-2024 оқу жылы бойынша 15-19.04.2024 ж күндері аралығында өткізілген “Мамандық- өмір таңдауы” атты апталық аясында “ Мамандық таңдау –ең маңызды мәселе” тақырыбында шеберлік сабақ форматында 9 сынып оқушыларымен тренинг-кездесу өткізілді. Жауапты мұғалім: Н.Уркимбаева.Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар әр түрлі смайликтермен амандасу түрлерін жасап сергіту сәтін өткізді. Негізгі бөлімде мамандық таңдаудағы ескеретін жағдайлар мен пікірлерге назар аудару керектігі туралы кеңестер берілді. «Ең, ең» тренинг жаттығуы жасалды. Мамандықтар бойынша суреттер слайд арқылы көрсетіледі.
"Әріпті мамандық" сайысы
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
“А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.
“М” әрпінен басталатын мамандық айтқызылды.Келесі бөлімде Байқоңыр қалалық Джиенкулов атындағы колледжінің оқытушылары тігінші, турист, геология, жер қатынастары мамандықтары бойынша практикалық шеберлік сағатын көрсетті. БИТ техникумы өз оқу орындарындағы мамандықтар қатарымен, оқу орнының тыныс тіршілігімен, оқу ерекшкліктерімен таныстырды. Оқушылар көптеген пайдалы ақпарат алды, үлкен қызығушылықпен қатысты.
Бекіту кезеңінде «оқушы үні» әдісімен қатысушылар мен көрермендердің пікірі тыңдалды

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз