Материалдар / Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілге құрмет көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2024
153
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы: Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!


Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.

Барысы: 1- жүргізуші.

Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі« Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Хор: Ән ұран.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді.

2- жүргізуші.
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
1 - оқушы:
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.

2- оқушы.

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.


Хор: Анатілім.


3- оқушы.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін

Сүйемін туған тілді –анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Ең бірінші сол тілімен сыртқа шықты
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім

4- оқушы.

Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің
Тұнығым, Рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім
Ана тілім, туған тілім бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным

5- оқушы.

Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,


6- оқушы.

Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
5. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Хор: Ана тілім – дана тілім.


7- оқушы.

Қымбат маған ана- тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана-тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


8- оқушы.

Ана –тілі

Бұлт сейілді, төніп тұрған тіліме,

Шуақ шашсын күн күлімдеп көгімде,

Қанат жайып қалықтап келеді,

Баба тілін қастерлеген жерінде.

Тіл тұғырын ұмытуың керек пе,

Халық сөзі рух береді жүрекке.

Ана – тілді бағаламай өтсеңіз,

Өзге тілің ұлтымызға тірек пе?


9- оқушы.

Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.

Ән: Қазақстаным.


10- оқушы.

Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.

11- оқушы.

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім, 
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

Ән: Ананың тілі – аяулы үні.

Би: Қаражорға.

Би: Қазақша.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бүгінгі күні ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасында әлі де болса тілді қадірлемей шұбарлатып сөйлейтіндер кездеседі. Мұндайларды естігенде К. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі есіме түседі. Тіл – әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан асыл мұраны сақтап өркендете берейік.




1 Егіндікөл жалпы орта мектебі







Адалдық сынып сағаты

Тақырыбы: «Тіл - әр халықтың байлығы»

Сынып жетекшісі Абишева Ж


3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ