400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы өмірдің тірегі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы – өмірдің тірегі.

Отбасы – әр адамның ең қымбат байлығы. Ол- сүйіспеншілік, сыйластық пен жылулықтың мекені.Әрбір адам өмірге келгенде, ең алдымен, отбасын таниды.Отбасы- бұл тек бір шаңырақ астында өмір сүретін адамдар ғана емес, бұл- бір-біріне қомқорлық көрсетіп, қолдау білдіретін жақын жандар.

Менің отбасым- менің мақтанышым.Біздің отбасымыз үлкен болмаса да, әрқайсысымыз бір-бірімізді қадірлейміз және түсінеміз. Анам мен әкем бізге дұрыс тәрбие беріп, әрдайым ақыл айтып отырады. Анам – мейірімді және қамқор жан.Ол үйіміздің жылулығымен жайлылығын сақтайды. Әкем- біздің тірегіміз, отбасымыздың қорғаушысы. Ал бауырларым- менің ең жақын достарым. Біз бірге ойнап, қуанышымызды бөлісіп,қиындықтарды жеңеміз.

Отбасы – бақыттың бастауы. Отбасылық қарым – қатынастың негізі- сыйластық пен түсіністік. Бір –бірімізді тыңдап,қолдау білдіріп, жанашырлық таныту – берік отбасылық байланыстың кепілі.Осындай ортада өскен адам мейірімді, жауапты әрі өмірге деген құштарлықпен қарайтын тұлғаға айналады.

Отбасы - адам болашағының айнасы. Біз отбасыдан өмірдің мәнін, достық пен сүйіспеншіліктің қадірін түсінеміз. Сондықтан әрбір адам өз отбасын қадірлеп,оның берекесін сақтауға тырысуы керек.Мен өз отбасымды шексіз жақсы көремін және олармен бірге болған әр күнімді бағалаймын.

Қорытындылай келе, отбасы – бұл өмірдің тірегі,адамға қуат беретін қасиетті орын. Бақытты отбасы- бақытты өмірдің кепілі. Әрбір адамның арманы – өз отбасын мақтан тұтып, оның жылулығын сезіну. Сол үшін отбасымызды қорғап, сүйіспеншілікпен айналдыру – біздің басты міндетіміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі