Тақырыбы: «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы »
 Мақсаты
:
 Балалардың бойында
Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз
еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана
сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең
мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын
еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.
Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға
және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.балалардың өткен тарихқа деген
қызығушылығын ояту.
1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
«Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран қойылады. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)
1-Жүргізуші:
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат, Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат, Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
- 1-жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.
Слайд – арқылы
- 
1917 жыл Амангелді Иманов .Слайд.Көрініс. Елім ай әні ойнатылады
 - 
Алты Алаш- «Суреттер сөйлейді» Монолог оқиды
 - 
Егемендік монолог
 - 
Ұлы Отан соғысы Монолог
 - 
1986 жыл 16 желтоқсан Желтоқсан оқиғасын көрсету.
 
Көрініс
(Әжесі жұн тутіп отырады Немересі далада ойнап жүреді)
Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...
Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!
- 
Тәуелсіздік.Біздің жетістіктеріміз. Слайд
 
2-Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің - дей келе «Мен қазақпын» атты әнін тарту етеміз.
1-Жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
– Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков,
Л.Асанова,С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
Жасанды интеллект пен слайд койылады
1 минут үнсіздікпен еске алу
1-Жүргізуші:
Сөз кезегі. (Мектеп директоры және қонақтарға сөз беру)
2-Жүргізуші:
-Ендігі кезекте концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда «Бұрым» тобының «Ұлы дала» биімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық деп- ортаға «Қазақтай ел қайда» әнімен тәрбиешілерді ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған,
Би «Ақ кербез»
1-жүргізуші:
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Хор: «Туған жер»
2-жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ән: «Арайлап таңым»
(Барша бала ортаға шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
Көрініс ту..Слайд
1-жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы
бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы»
Тәрбие сағаты
2024-2025 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз