тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
отан жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаттары



Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының

-Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туғантарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Сынып жетекшісі –

Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.

Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! 

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.

Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.

- Шәкірттерім, қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақытарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер.

- Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсыңдар?

Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі биылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі.




Алғашқы сөз (кезең)




Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




















Соңы (бекіту)

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі.
– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Презентация «Тәуелсіздік жетістіктері» таныстырылады.

Бекіту.

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)

Кері байланыс.

Не білдім? Не үйрендім?

«Жақсы тілек» оқушылар тілектерін білдіреді.























Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

1 желтоқсан- «Тұңғыш президент күні»

Сынып сағатының мақсаты:

Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Сынып сағатының міндеті:

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері:

Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

нақыл сөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т, б

Жүру барысын алдын ала үйлестіру


Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




























Соңы (бекіту)

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Оқушылар тақтадағы сөзжұмбақты шешу арқылы тәрбие сағатымыздың тақырыбын білейік.

Сөзжұмбақ
Сұрақтары:
1. Елбасымыз қашан дүниеге келді?
2. Еліміз тәуелсіздігін қашан алды?
3. 2017 ж 12 сәуірде Елбасының қандай мақаласы жарық көрді?
4. ҚР-ның ұлттық валютасы қашан айналымға енді?
5. ҚР мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
6. Мемлекеттік Ата Заңымыз қашан қабылданды?

Жарайсыңдар балалар! Сонымен қызыл текшенің ішінде қандай сөз шықты?

-Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Отан деген - әр адамның жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен,
Президентім - мақтанышым, тірегім.
***
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық әлемде, аты айқын,
Егеменді ел бүгін Қазақстан.
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.

... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Мен және менің отбасым»

Сынып сағатының мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Бағалау критерийлері:

Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)





Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

















Соңы (бекіту)

Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», сөздері арқылы топқа бөлу



Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

ІІ. Миға шабуыл (сұрақ - жауап)

Оқушыларға:

1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?

2. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беур?

3. Ұл мен қыздар жасына қарай қалай аталады?

4. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?

5. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Отбасының ұйытқысы кім?

7. Отбасының басшысы кім?

ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )

Оқушыларға сұрақ: 3 топқа кеспе қағаз беріледі.

1. Отбасы бақыты деген ол?

2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?

3. Бақыт дегеніміз не?

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.

ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі. Оз ойларын айтады.

V. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.

Сүйіспеншілік сипаты. Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.

Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі.





Сынып сағаттары



Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Отан қорғаушылар күні»

Сынып сағатының

 Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. 


мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларға Отан қорғаушылар туралы,олардың еңбектері туралы кеңнен түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:


Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әкелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. 

Тақпақтар:
1. Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріне арналған
Бүгінгі той қуаныш пен мереке
2. Әкем менің асқар тауым тірегім
Бәрінен де сен қымбатсың білемін
Қанат қағып кетсем алыс қияға
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім
3. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің әр айың
Тойларыңыз құтты болсын әкелер
Балаларың төге берсін мерейін
4. Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп маған қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап көтеріп алатын


Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,

Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.

Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,

Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей ұлдардың орындауында «Туған ел» әні



Алғашқы сөз (кезең)









Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі























Соңы (бекіту)

-Балалар, елін, жерін сүйетін, қорғайтын азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? - Білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, әдепті - Дұрыс-ақ, ендеше сабағымызды жақсы оқып, елімізді қорғайтын, адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.


Оқушылар ортаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін

Бәрі: Мен боламын патриот, Болашағы елімнің!

Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.


Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!
































Сынып сағаттары



Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте»

Сынып сағатының

балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу;

Бағалау критерийлері:

оқушыларды ата - баба мұрасын жалғастырушы болуға дәріптеу.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

тіл туралы нақыл сөздер; буклеттер. Сөнбес жұлдыздар Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, (А. Құнанбайұлы, М. Әуезов, А. Байтұрсынұлы, т. б.) суреттер, интерактивті тақта.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар бір - біріне жылы лебіздерін айтады.
Мұғалім: Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз – Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт – бейбітшілік, ол бақыт – тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз – туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік мәртебесін асырайық, - деп өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Басты мақсаты, оқушыларды туған тілін сүюге, ата - баба мұрасын жалғастырушы болуға тәрбиелеу.
– Ал, балалар, ұлы Абай атамыз
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас» деп нені айтқан?



Оқушылар: Тілімізді айтқан.
Олай болса тіл дегеніміз не ол? Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді екен?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Тіл: Ұлттық қазынамыз, Әдебиет, Мәдениет, Арымыз, Намысымыз, Байлығымыз, Достық көпірі, Халықтың күре тамыры, Қарым - қатынас құралы. Мұғалім: Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Тіл тағдыры – өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі» деп атап көрсеткен


Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
Ал қазір әлемде қазақ тілінде сөйлейтін халықтар жайлы мәліметтермен таныс болайық.
(Дүниежүзілік карта бойынша деректер беріледі).








Алғашқы сөз (кезең)




Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі























Соңы (бекіту)

Ал, енді осы ана тілімізге байланысты мынау сыр сандықтың ішінде бірнеше викториналық сұрақтар бар екен. Сол сұрақтарға жауап беріп көрейікші.
1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (22. 09. 1989ж.)
2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды? (11. 07. 19978ж.)
3. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (А. Байтұрсынұлы)
4. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не істеу қажет деп ойлайсыңдар?


 Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ал, қазір «Мақал – сөздің маржаны» деп ақын - жазушылардың тіл туралы жазған өлеңдерінен үзінді оқиық, ал мақал - мәтелдерді сіздер жалғастырыңыздар.
1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы...... (Әбділдә Тәжібаев)
2. Сүйемін туған тілді........ (С. Торайғыров) 3. Ана тілің – арың бұл....... (Қадыр Мырзалиев)
4. Өнер алды....... (қызыл тіл) 5.
Тіл тас жарады....... (тас жармаса бас жарады)
6. Көре - көре көсем боласың....... (сөйлей - сөйлей шешен боларсың)
7. Таза мінсіз асыл тас........ (су түбінде жатады)
8. Бас кеспек болса да......... (тіл кеспек жоқ)
9. Көп сөз – көмір......... (аз сөз алтын)
10. Жүйелі сөз жүйесін табады............. (жүйесіз сөз иесін табады.)


Қорытынды.
Мұғалім: Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қызыл тіл.
Әз Жәнібек, Қойлыбай
Сөйлеп өткен ғажап тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен, Баба тілі асыл дүр, - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



























Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагог,жазушы,этнограф,қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына -180 жыл

Сынып сағатының

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Бағалау критерийлері:

Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

слайдтар, кітапшалар, мектеп макеті.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу. 1 мин

Өмірде бір данышпан

Қалдырыпты өсиет

Кездескенде әр адам

«Қайырлы таң!» деу керек!

«Миға шабуыл»

І. Топқа бөлу

Балалар , алдарыңда екі таңбалы сандар жатыр. Яғни жылдар сөйлейді. Қане, ойланып үш топқа бөлініп отыра қалыңдар.

1991 - 2016 жылы тәуелсіздік алдық. Биыл тәуелсізідігімізге 25 жыл болады. (эмблемаларымен бөлінеді)

1889 - 2016 жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл.

Тағы да бір елеулі оқиға төрт жылда бір рет өтеді. 2013-2017жж.

елімізде үлкен көрме өтеді «ЭКСПО - 2017» (слайд 1)

Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – туғанына 180 жыл». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.

ІІ. Ыбырай туралы мәлімет

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның

қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық

тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым

В.В Григорьевпен жақын танысып алды.


ІІІ. Топпен жұмыс

Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту)


Топпен жұмыс. Ақын еңбектерінен «Кітапша жасау»

Өлеңдерде ұйқас болады, шумақ түрінде жазылады. Әңгімелер көбінесе оқиға желісіне байланысты болады, ұйқас болмайды.

1-нұсқа оқушыларға алдын – ала ізденіс жұмысы беріледі: Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптарын тауып жазып келу.

2-нұсқа Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптары слайдта тізімі дайын түрде беріледі.

Жұмыс 2-нұсқа бойынша жүргізіледі.

1 – топ: «Өлеңдерімен» таныстырады, реттейді.

2-топ: Берілген материалдардан аудармаларын жинақтайды.

3- топ: «Әңгімелер жинағы»

Жасаған кітапшаларының мазмұнымен таныстырады.

Суреттерін көрсетіп отырып, иллюстрация қай кітапшаға жататынын анықтаймыз. ( қарға мен түлкі, өзен, жаз, Қобыланды батыр, өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, жаман жолдас, бір уыс мақта,

«Мектеп» макетін құрастыру

Ең алдымен мектеп салу үшін бірінші іргетасын қалаймыз.

Іргетас мықты болса , берілетін білім де мықты болады.

Негізі ( қабырғасы) -шәкірттер. Мектептен сусындайтын , білім алатын – шәкірттер.

Есік , терезесі - қазақ елін аудармалары арқылы әлемге паш етті

Шатыры – білім шыңына балаймыз.

«Мектеп – ұстаз – бала» бір – бірімен тығыз байланысты.

Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.

(білім шырағын жағу)


Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин – елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин – даланың қоңырауы.






Алғашқы сөз (кезең)






Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі



































Сабақты бекіту





















Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қарттарым асыл қазынам»

Сынып сағатының

Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Бағалау критерийлері:

Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.


Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)

  «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.





Алғашқы сөз (кезең)







Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі





Соңы (бекіту)


«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!














































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Ұстаз ұлағатты есім»

Сынып сағатының

Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани тәрбие беру: 


мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу;


Бағалау критерийлері:

Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.


Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, кім жылдам, автор орындығы, топтық жұмыс сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

слайдтар, қанатты сөздер, бейнежазба


Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сурет қиындыларымен топтарға бөліну

Сұрақтары:

І топ. Мұғалім оқушының жүрегі.

ІІ топ. Оқушы мұғалімнің жүрегі.

Оқушылар сурет қиындыларымен екі топқа бөлінеді. Сурет қиындысының артында берілген сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылығын ояту

І топ: «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбына газет шығару;

ІІ топ: «Ұстазым менің, ұстазым» тақырыбына өлең шумақтарын құрастыру.

Оқушылар берілген тапсырмалардыаипмпь орындайды.

Іскерлік ойын – «ситуациалық сұрақтар»


Интербелсенді тақтадан екі топқа ситуациялық сұрақтар беріледі

І топ

1.Ұстазың «мен үшін барлық оқушылар бірдей» деп айтқанмен, сен оның досыңа саған қарағанда көп көңіл бөлетінін, оны үнемі көтермелейтінін байқайсың.Сенің әрекетің?

2.Мұғалім сыныпта қоғамдық жұшмыстар тапсырған сайын тек сен тағы 4-5 оқушы ғана жұмыстанады, ал қалғандары әдеттегідей бос жүреді. Бұған сенің ызаң келеді. Бұл жағдайда не істейсің.

ІІ топ:

1.Сіздің сыныпқа жаңа сынып жетекші тағайындалды.Сенің ол сынып жетекшіге деген қатынасың қандай болады? Ал бұрыңғы сынып жетекшіңе ше?

2.Сенің жақсы көретін мұғаліміннің сабағы болуы керек, бірақ мұғалім кешігіп жатыр. Сыныптағы оқушылар сабақтан кетіп қалайық дейді.

Бұл жағдайда сен не істер едің.

Оқушылар берілген ситуациялық сұрақтарға жауап береді.

Автор орындығы

Екі топқа да «Ұстаз- ұлы есім» тақырыбында эссе жаздыру жұмыстарын беремін. Жазған эссені топта талқылап, бір-бірімен пікір бөліседі.

Топтарда автор шығып, ортада тұрған автор орындығына отырып, жазған эссені оқиды.



Алғашқы сөз (кезең)







Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі





Соңы (бекіту)

Проблемалық

сұрақтар

Екі топтың оқушылары қатысып отырған ұстаздарға өздерінің көкейіндегі сұрақтарды қояды.

«кластер құрастыру» әдісі

Мұғалім сөзіне кластер құрастыру

Оқушылар кластер құрастырады.

Қорытынды

«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.

Кері байланыс:

«екі жұлдыз, бір тілек» стикерлерді толтырып жеміс ағашына жапсыру

Оқушылар стикерлерді толтырады.












































Сыныбы:

Уақыты:24.02.22

Сынып жетекшісі:Имаканова К

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Ж.Жабаевтың туғанына-175 жыл»

Сынып сағатының

-  Ақын өмірімен таныстыру және шығармашылық жұмыстарымен танысу


мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

- Жамбыл Жабаевтың өлең жырларын түсінуге оны мәнерлеп оқи білуге, сүюге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сынып сағатының түрі:

- сұрақ - жауап түсіндіру
Венн диаграммасы, ИНСЕРТ әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 а) Жамбыл Жабаевтың портреті
ә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына
байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
б) « Жамбыл» тірек - сызбасы

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

. -Балалар барлығымыз тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып көңіл күйімізді көтеріп алайықшы.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына -175 жыл жүз жасаған бәйтерек.

Яғни Жамбыл Жабаев атамыз жайлы.Биылығы жылы атамыздың туғанына 180жыл.Ендеше барлығымыз назарымызды сиқырлы тақтаға аударайықшы.

Жамбыл Жабаев атамыз 1846 жылы

ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі -Жапа

мықты жауынгер адам болса, анасы Ұлдан мінезі байсалды , ауылға сыйлы, өлең шығара білетін ,

әдемі дауысты әнші екен.Жамбыл кішкентай кезінен өте алғыр бала болып өседі.

Балалар ендеше атамыз жайлы бейнероликке назар аударайықшы.

Бейнеролик:«Жамбыл ата өмірбаяны.»



  «Өмірі – аңыз, өзі – абыз» 

Жамбыл атамыздың өмірінен алынған тағылымды деректер, суреттер, фотосуреттер бойынша зерттеу жұмыстарын жасайды, өлеңдерінің шығу тарихы жайлы баяндайды (ақынның танымал адамдармен қандай қарым-қатынаста болғандығын  әңгімелейді).

   «Жамбыл – айтыскер ақын» 

Айтыс өнері туралы, түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, Жамбыл атамыздың  суырып салма ақын екендігін дәлелдеп, Құлмамбет ақынмен айтысын талдайды.

«Батаменен ер көгерер»     

Бата деген не? Оның қандай түрлері бар?  Ж.Жабаев өмірінде батаның рөлі қандай?

   «Сұхбат» 

Берілген сұрақтар бойынша аудиторияда, аудиториядан тыс жерлерде сұхбат алады.

а). — Жамбыл Жабаев шығармаларында кеңестік көзқарас көп жырланған,  оны бәріміз білеміз, дегенмен, егемендік алғаннан кейін де оқып жатырмыз. Сонда оның өміршеңдігін қайдан, неден көреміз?

Жамбыл шығармаларындағы кезеңдік сипатқа көзқарасыңыз қандай?



Алғашқы сөз (кезең)




Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




Соңы (бекіту)

Кері байланыс.

1. Не білдік? 
2. Не білгіміз келеді?
 
Суреттер көрсетіледі.
Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту.
 
Ұлттық мәдени-рухани байлықты дамыту барысында мына біздер мен сіздер жұмыла ат салысайық.
 



















































Сыныбы:2

Уақыты:20.01.22

Сынып жетекшісі:Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қазақтың әйгілі күйші композиторы Д.Нұрпейісованың туғанына -160 жыл»

Сынып сағатының

Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, өлеңдер оқу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, шығу тарихын әңгімелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларға мәдениет пен күйшілік өнер туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру.

Бағалау критерийлері:

Халқымыз қадір тұтқан күйшілердің шығармашылығымен таныстырылады, ұлттық мақтаныш сезімі тәрбиеленеді, эстетикалық тәрбие беріледі.


Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Н. Назарбаевтың сөзі жазылған плакат; Күй жазылған таспалар Дина туралы рефераттар; домбыра, ұлттық киімдер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. (Балалар әр сөйлемнің жалғасын тауып, тақырыбына сай топқа бөлінеді)

Тілге қатысты:

Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

Ауызда жиек жоқ,

Тілде тиек жоқ.


Достыққа қатысты:

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.
Туған жерге қатысты:

Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
ІІ. Негізгі бөлім

«Миға шабуыл» әдісі.

Балаларға сұрақ қойылады:

Күй өнері дегеніміз не?

Қандай атақты күйшілерді білеміз және олардың қандай күйлері бар?

Дина Нұрпейісова жайлы видеоролик көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=M_Oi1gFK4IY

https://www.youtube.com/watch?v=XtCNj41f96Y

1. «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны.

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді.

2. «Құпия конверт» ойыны. Әр топқа конверттегі сұрақтар үлестіріледі.

Берілген сөйлемдердегі тыныс белгілерін қой?















Алғашқы сөз (кезең)







Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


Соңы (бекіту)

Қорытынды

Рефлексия «Табыс ағашы». Әрбір алманың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын да дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жемістермен безендіреді. Қалаулары бойынша алмаларға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.

Көңіл-күйге байланысты смайликтер үлестіріледі.






















































Сыныбы:2

Уақыты:27.01.22

Сынып жетекшісі:Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Туған жер-тал бесігім»»

Сынып сағатының

 Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бағалау критерийлері:

Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:


Жүру барысын алдын ала үйлестіру


«Туған жер-тал бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.


Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы


1 - оқушы:
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
2 - оқушы:
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3 - оқушы:
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10.
Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.



Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі







Соңы (бекіту)

Мұғалім:: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады. Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз дей келе «Қазақтай ел қайда» әнін орындауға шақырымын.

Қорытынды.

Сарғайса да тарихтың ақ парағы

Ол күндер мәңгі есте сақталады, – дегендей халық тарихын келешек жас ұрпақ еш уақытта ұмытпай, мәңгі жадында сақтайды. Ол өскелең ұрпақ үшін рухани азық, асыл мұра. өз тарихын, өткенін есте сақтау арқылы болашаққа еркін қанат қаға алады.

Адам – тарих! Адам кешкен жолын ұқ,

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық, – деп ақын жырлағандай момын халқымыз басынан сан ғасырлық қиындықтарды кешіп келген. Сондай қиындықтарға мойымай, батыр аталарымыз жер үшін, ұрпақ үшін күресе білген. Туған еліміздің тарихын білу – әрбір саналы жас ұрпақтың алдында тұрған










































Сыныбы:2

Уақыты:03.02.22

Сынып жетекшісі: Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановқа -155 жыл»

Сынып сағатының

.Алаш қозғалысына 100 жыл толуына байланысты алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың өмірбаяны,шығармашылығы,ғылыми қызметтері және жұмыстары жөнінде оқушыларға баяндау;

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларды демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, қалыптастыру.


Бағалау критерийлері:

Оқушыларды патриоттыққа,отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

суреттер,портреттер,ғалым туралы кітаптары,слайд,стенл;

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

« Алаш туы астында»

Қаһарлы музыка әуені.

Сахна сыртынан: ХХ ғасыр басы – қазақ елінің «Қызыл қырғын» қатпалына ұшыраған заман еді. Ұлттық құндылықтар мен ұлттық сана уланып, қазақи таным мен діл аяққа басылып кетіп бара жатты.

«Елім» деген рухты ел азаматтары , халықтың бір туар арыстары Әлихан Бөкейханов бастаған Міржақып Дулатов,Ахмет Байтұрсынов, Ғабит Мүсіреповтар қостаған «Алаш» жұртын ел тәуелсіздігін алуға бастап, Алаш туы астында ұрандап шақырған еді.

(Ортаға қызыл киінген 4 қыз шығады, қолдарында қызыл жалаушамен билейді.)

Би біткен соң Ә.Бөкейханов образындағы оқушы шығып, «Алаш ұраны» өлеңін оқиды.

Алаш туы астында

Біз-Алаштың баласы.

Қүніміз туып көгерді

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Жасасын, Алаш, жасасын!

Хормен: Жасасын, Алаш, жасасын!

1 -оқушы: Әлихан Бөкейханов бейнесі: Текті

Әлихан алдымен хан тұқымнан тараған ақсүйек. Ол атақты көкжал Барақтың ұрпағы, үлкен атасы Бөкей Барақ сұлтанның ұлы. Одан Сұлтан, одан Мырзатай, одан Нұрмұхамед туады.Әлихан Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында дүниеге келген. Әкесі - Нұрмұхамед, анасы- Бегім ханым. Олар оқу білімге жақын, парасатты адамдар болған.

2-оқушы: Білімге құмар.

Әлихан ерте есейді. Ол ең алдымен қазақ халқының атақты ақын, жырауларының, эпостарының рухты жырларымен сусындады, ұлт-азаттық қозғалысының дәстүрлері негізінде тәрбиеленеді. Өз халқының батырлығына сүйсінді, бақытсыздығына күйінді. 9 жасында өз бетімен мектеп- интернатқа оқуға түсіп, орыс генерал- губернаторы Колпаковскийдің сынамақ оймен берген есебін бәрінене бұрын шығарып, Колпаковскийдің ұсынуымен Әлихан Омбы техникалық училищесіне оқуға түседі. Кейін училище директоры Н.Добрахатов «үздік оқұығаны үшін» уезд бастығы қаражатынан 200 сом степендия алуға көндіріп, профессор И.Бородинге хат жазып, Санкт- Петербург қаласы Императорлық Орман шаруашылығы иниститутына жолдама береді.

3 -оқушы: Энциклопедист

Әлихан батыс мәдениетін жақсы білді, көптеген шығармаларда сол шыққан тілінде оқыды. Міне, осылай 20 ғасырдың басындығы энциклопедист, Еуразия шеңберіндегі білімдар жандардың бірі болып қалыптасты. Осының нәтижесінде ол ұлтшылдықтан ада болды, шығыс пен батысты табыстыру жолын іздеді, өз халқының деңгейін батыс деңгейіне көтеруді армандады.


Ә.Бөкейханов бүгінгі тәуелсіздіктің қайнар бұлағы, XX ғ. қазақ ұлтының атасы, ол ұлтымыздың ұлы арысының бірі, қазақ халқының болашағына тұғыр боларлық жарық жұлдызы. Қазақ халқының аяулы ұлы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде аталып, өтілмек. Бұл оның әлемдік тұлға ретінде мойындалғанын білдіреді.

«Алаш ұраны» әні орындалады.


Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




































Соңы (бекіту)
















Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Менің құқығым-менің міндеттерім»

Сынып сағатының

Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету.


мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері:

Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік,

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

Жарайсыңдар балалар!

Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық.
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
Конституция дегеніміз не?

Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
мұғалім: Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?

Оқушы:/30 тамыз/
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз
? /азаматтар/
- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар.
Оның аты – Конвенция деп аталады.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
.
 Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.

Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. . Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
- Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
- Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат біздің тұлға екенімізді растайды).
3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.
- Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.

Сергіту сәті:
4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға

Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ

Ата – заңым , алтын заңым – ардағым,

Аялаған азаматтың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң – дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек


Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты.


Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді.

 «Мен жұлдызбын»
- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдызды көріп тұрмыз ба? Себебі біз кімдерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдызға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


















































Соңы (бекіту)















Сыныбы:2

Уақыты:10.02.22

Сынып жетекшісі: Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қазақ ақыны әрі жазушы,аудармашы М.Мақатаевқа-90 жыл»

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.

Сынып сағатының міндеті:

Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері:

Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)












Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


















Соңы (бекіту)

«Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»:
"Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де"
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сергіту сәті."Өрмекші торы" ойыны.
Оқушылар жіпті кезекпен бір-біріне ұсына отырып,Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап береді.
1.Мұқағалидың шын есімі?
2.Мұқағали дүниеге келген ауыл?
3. Мұқағалидың анасының есімі?
4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?
5.Мұқағали өмір сүрген жылдар?
6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?
7.Мұқағалидың туған күні?
8.Мұқағалидың туған жері?
9.Мұқағалидың әкесінің есімі?
10.Мұқағалидың балаларының есімі?


Мұғалімнің кіріспе сөзі:Ой-қозғау.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. "Қарасаздан ұшқан қарлығаш"-деген өлеңінде:
"Мен өзім жайында мынаны айтам:
Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ..."- деп жазған екен.
ІІІ.Тұсаукесер.Мұқағали Мақатаевтың жанды дауысы жазылған бейнежазбаны тамашалайды.
ІҮ. Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.
- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.






Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.
Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!




















































Пән: тәрбие сағаты

3 сынып     

Тақырыбы:

Бала және вертуалды әлем

Мақсаты:






Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін

нығайту, тиянақтау;  Оқушылардың интернет туралы толық ой

қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін

қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; 
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы

әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже:


Интернетке байланысты өз ойларын ортаға салады,топта,жұпта

жұмыстанады.Көшбасшылық  танытады.Өз-өзін реттейді.

Керекті жабдықтар:

 Интерактивті тақта, стикер, маркер, магнит,плакат,ресурстар,бейнебаян

Тапсырмалар:

Постер қорғау,бес жолды өлең,

Бағалау

 Формативті,қолпаштау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім   әрекеті

Оқушы әрекеті

 

Кіріспе



 

 

 


 

Әнұран орындалады.                                                            

Психологиялық дайындық.

Күн жылуын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі  нәзік,жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым-күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз



 

 

 

Сыныпта ынтымақтас-

тық  атмосферасын қолдану


 

 

Тұсау кесу

Назарымызды бейнебаянға аударайық.

-  Не байқадыңыз? Не ұқтыңыз?

-Өздеріңіз қандай сайт

қолдаңасыз?

Ойыңызға не келді?қандай ой түйдіңіз?

Бүгінгі сабақ не туралы болады деп  ойлайсыздар?

 

Бейнебаян көреді.

Өз ойларын ортаға салады

 

 

 

Негізгі бөлім 

 

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, iPad-сыз елестесу қиын болса, бүгінгі тіршілікті ғаламторсыз елестесу тіптен де мүмкін емес. 
ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Ғаламтордың арқасына қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да ғылыми-танымдық ізденістеріңізге көмекші болатын да осылар. 
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей , ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік.


Сонымен «Ғаламтордың пайдасы» туралы алдымен сөз қозғайық. 
Бейнебаяннан көптеген мәлімет көрдіңіздер. Енді өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар. 

«Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. 
компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Білімінді жетілдіру мақсатында қаншама пайдалы сайттар бар. Өз игіліңе , қажетттілігіне дұрыс пайдалана білсек, «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.

Топпен жұмыс.

І топ: Интернеттің пайдасы.(постер қорғау)

ІІ топ: Интернеттің зияны.(постер қорғау)

 

Бейнебаян көрсетіледі.

І топ: Қауіпсіздік ережесін білеміз бе?(топ өздері ереже шығарады.)

ІІ топ: “Интернет”сөзіне бес жолды өлең.

 

 

Әр оқушыға ресурстар таратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы пікірі тыңдалады.

 

 

Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Көшбасшылық

танытады.

Интернет

Қауіпті,қауіпсіз

Табады,пайда-

ланады,іздейді

«интернет– біздің айнымас досымыз

Қорытынды

 

Бүгінгі тәрбие сабағымызда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.

Интернет әлемі
Қызығы мол әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік ау біз енді.
Интернет құралғы
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып
Жаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





























Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Біздің тату-тәтті отбасы»

Сынып сағатының мақсаты:

Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сынып сағатының міндеті:

Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.

Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:


Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

отбасы мүшелерінің суреттері,суреттер, мысық ойыншық

Жүру барысын алдын ала үйлестіру


Алғашқы сөз (кезең)




Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі



























Соңы (бекіту)

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)

Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)

Керегелер керіліп (алақандарын ашады )

Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)

Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық? - Ал, киіз үйде кімдер тұрады? (ата, әже, әке, ана, аға, әпке ) - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы - Дұрыс айтасыңдар.

Саусақ ойыны

Бармақ әке,бармақ әке қайдасың? Мындамын,осында, калың ,қалай!

Бармақ ана ,бармақ ана қайдасың? Мындамыносында, калың, қалай!

Бармақ аға ,бармақаға қайдасын ?Мындамын,осында, қалың ,қалай!

Бармақ әпке,бармақ әпке қайдасың?Мындамын ,осында ,калың, қалай

Бармақ бөбек, бармақ бөбек қайдасың? Мындамын, осында,қалың, қалай!

Ойын-жұмбақ: «Кім ол?»

Балаларға отбасы мүшелерін жұмбақ арқылы жасыру және оларды орысша атау.

1.Кітапты көп оқитын,

Жырларды жақсы білетін.

Немересін еркелетіп,

Жанында әрқашан жүретін кісіні кім дейміз? (ата)

Өлең «Жайлауда»

Ойын: «Көже, компот»

Ойын шарты: Телефон шырылдайды Сәуленің анасы бізден көмек сұрайды,

көмектесулерін сұраймын. Тақтаға банка мен кастрюлдің суреті

ілінеді.Балалар банкаға жемістерді жапсырып компот жабады ,ал кастрюлге

көкөністерді жапсырып көже пісіреді.

- Сенің өзіңнен үлкен, сені серуенге бірге алып шығарып ойнататын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз? -Аға, апке.

- Саған апкешім , ұлдарға ағатайым деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз?

- Іні, қарындас.

- Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)

Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?» Тақтаға (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.)

-Балалар, бұл суреттердегі адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?

- Отбасы .


-Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық? - Отбасы мүшелерімен. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен? - Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады. Біз қандай отбасымыз? - Біз бақытты отбасымыз. Біз қай елде тұрамыз? - Тәуелсіз Қазақстан елінде. Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.



















































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Отбасындағы әке мен ананың рөлі»

Сынып сағатының мақсаты:

Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.

Сынып сағатының міндеті:

ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

видеоролик, слайд, асық, киіз үй-сандықша т.б

Жүру барысын алдын ала үйлестіру













Алғашқы сөз (кезең)







Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі



























Соңы (бекіту)

«Ана – сая болар бағың болса,

Әке - асқар тауың» - дей отырып, сіздерге арналған: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты сынып сағатымыз ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі сынып сағатымызда отбасы туралы ой қозғалады. Сабағымызды бастамастан бұрын топқа бөлінейік. Шарды жару арқылы топқа бөлініп, орнымызға орналасайық. Топ мүшелері көріністі көңіл бөліңдер,тапсырма осы көрініске қатысты болады.

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.

Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.


1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

2. Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?

Мұғалім. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Сергіту сәті.

-Балалар, үйдің алтын қазығы кім?

-Бала.

-Үйдің алтын қазығы-ана. Ана-ақылшың, әке- қамқоршың, аға қорғаның, інің- сүйенішің, қарындасың- қанатың.

-Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

- Мейірімді әке.

- Әрине әкенің орны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін– ана.

-Өмір сүру үшін не қажет?

- Алтын, ақша, мал, дүниет.б.

- Өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл. Су тіршіліктің нәрін келтірсе, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

Өмірде не жетім?

-Ата-анасыз бала жетім.Халыққа сенімсіз болса,хан жетім. Ақылсыз ханы болса, ел жетім. Сусыз құдық жетім, досы жоқ жігіт жетім. Шәкіртсіз ұстаз жетім. Қызы жетесіз болса, ана жетім, Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.

Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

Мұғалім.«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо.

Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата- ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.















































Сыныбы:2

Уақыты:27.01.22

Сынып жетекшісі: Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

Мамандықтар. «Мәңгілік ел менің арманым»

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетіміздің одан әрі нығайту.

Сынып сағатының міндеті:

Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру. Сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

«Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа тәрбиелеу.


Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

ҚР Конституциясының кітапшасы, Ту, Елтаңба, шарлар, гүлдер, нақыл сөздер жазылған плакат.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)
















Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




















Соңы (бекіту)

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

- біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

- біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

- ол-Мәңгілік Ел идеясы

- Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

- ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

- Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

         Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді

         Берекелі кең байтақ,  жалпақ елді

         Қазастан адымдап бара берді

         Көрінер көкжиектен далам енді

         Кім танымас айтсаңшы айтыңдаршы

         Қазақстан егемен менің елімді

         Кім танымас тербелген тал бесікті

         Болашаққа айқара аштық  кең есікті

         Барша ел аузын ашып тамсанумен

         Қандай ғана егемен ел десіпті

 Ой – қозғау:

Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
«Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.



«Веер» әдісі арқылы топтық жұмыс
Мұғалім: Біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақ жері қандай?
- Қазақ жері өте бай, әрі кең.
- Отанымыздың астанасы?
- Астана қаласы
- Ал сең білесің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?
- Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған
- Астана қаласы бұл 13 - ші астанамыз екен.
- Астана қаласы күннен - күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.
- Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған


Қорытынды:

«Ия - жоқ» тұжырымдамасы
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Біз көппіз және бәріміз бір елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен келісім мен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық.

Біз бәріміз – бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар – ол, тәуелсіз Қазақстан

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Мәңгілік ел - менің арманым!»деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Ән: «Атамекен»




















Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Отбасы тәрбиесі –бала болашағының бастауы»

Сынып сағатының мақсаты:

отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, отбасының рөлінің маңыздылығы, оның париоттық көзқарасы.


Сынып сағатының міндеті:

-үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің тәжірибесін қалыптастыру;

-өз отбасының тарихын білу;

-сұранысты дамыту;

-балаларды моральдық тұрғыдан дамыту;

-патриоттық және азаматтық тәрбиені дамыту.


Бағалау критерийлері:

Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, бағалау парағы, кері байланыс, интерактивті тақта, стикер, смайлик т.б

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі





































Соңы (бекіту)

Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуалдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:
1. байлық.
2. бауырмалдық
3. татулық
4. қайырымдылық
5. әдептілік
6. инабаттылық
7. шыдамдылық
8. толеранттық
9. түсіністік
10. ізеттілік
11. ауызбірлік
12. сенімділік
13. махаббат
14. ата – ананың балаға деген махаббаты

Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)
Балаға теріс әсер етеді.
Жанұядағы жанжал
Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы
Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі
Басқалардың сыртынан өсек айту
Арақ ішу
Темекі тарту
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің…
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
…. Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Мұзафар Әлімбаев

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Ата – анаға берілетін кеңес

1 1. Балаңызды өзіне — өзі қызмет етуге дайындаңыз
2. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер
3. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз
4. Балаңыздың өз бетімен әрекет жасауға мүмкіндік беріңіз.
5. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз.
























Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Менің ата-анамның мамандығы»

Сынып сағатының мақсаты:

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұны мен мағынасы мен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Сынып сағатының міндеті:

Ата – анасының мамандығын таныстыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандықты қадірлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

 мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка,әр топ ата-аналарының мамандығы туралы суреттері

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


































Соңы (бекіту)

Жоспары:

1. Кіріспе. Сұрақ – жауап.

2. «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)

3. Жұмбақ: «Қай мамандық иесі?»

4. Ойын: «Кім жылдам?»

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін ата-анамыздың мамандығы туралы әңгімелеп қызықты мамандық иесінің еңбегімен танысамыз

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан,-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Бәлкім біреуің ертең ақын, екіншің инженер болып шығарсыңдар. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


1.Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

1 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

2 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.


Жаңа ұғым: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

-Ал енді, оқушылар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

(Карточкада: мұғалім, дәрігер,онерпаз деген сөздер жазылады)


Мен үлкейіп өсіп толамын

Сонда өзіміздің осы ауылдың

Бөбектерін оқытып үйретіп

Мұғалима боламын


Дәрігер: Мен дәрігер боламын

Үлкеннің де баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын

Өнерпаз: Ал мен әнші боламын

Сусылдаған қаламым

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын



Жұмбақ «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімдіайттымойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімдіайттымойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімдіайттымойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)


Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

«Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абырой кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген маман иелерінің еңбектері өте зор!

































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Менің ата-анамның мамандығы»

Сынып сағатының мақсаты:

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұны мен мағынасы мен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Сынып сағатының міндеті:

Ата – анасының мамандығын таныстыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандықты қадірлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

 мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка,әр топ ата-аналарының мамандығы туралы суреттері

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


































Соңы (бекіту)

Жоспары:

1. Кіріспе. Сұрақ – жауап.

2. «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)

3. Жұмбақ: «Қай мамандық иесі?»

4. Ойын: «Кім жылдам?»

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін ата-анамыздың мамандығы туралы әңгімелеп қызықты мамандық иесінің еңбегімен танысамыз

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан,-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Бәлкім біреуің ертең ақын, екіншің инженер болып шығарсыңдар. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


1.Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

1 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

2 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.


Жаңа ұғым: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

-Ал енді, оқушылар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

(Карточкада: мұғалім, дәрігер,онерпаз деген сөздер жазылады)


Мен үлкейіп өсіп толамын

Сонда өзіміздің осы ауылдың

Бөбектерін оқытып үйретіп

Мұғалима боламын


Дәрігер: Мен дәрігер боламын

Үлкеннің де баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын

Өнерпаз: Ал мен әнші боламын

Сусылдаған қаламым

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын



Жұмбақ «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімдіайттымойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімдіайттымойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімдіайттымойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)


Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

«Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абырой кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген маман иелерінің еңбектері өте зор!

































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Адам табиииғат перзенті»

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялауға, өорғауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

табиғат, адамды қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Табиғат тепе-теңдігін сақтау.Адамның табиғатқа әсері.

Бағалау критерийлері:

адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:Жылылық сезімін ояту

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

 тірі, өлі табиғат суреттері, адам жасаған заттардың суреттері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру






Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

















Соңы (бекіту)

«Табиғат адам үшін жаралыпты, барлық қызық табиғаттан таралыпты». Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғат – асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз: «Жер – қазына, су – алтын, мол-байлық» деп тегін айтпаған. Енді «Адам – табиғат перзенті» деген аталы сөзді оқушылар қалай түсінеді екен, соны тыңдайық.











Сұрақтар бойынша жұмыс:

   1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлеледе.

   2. Адам табиғаттан нені үйрене

   3. Бір күндегі істейтін іс-әрекерін әңгімеле Табиғатқа қатысы бар ма?




















































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Су тіршілік көзі»

Сынып сағатының мақсаты:

 Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

Сынып сағатының міндеті:

Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. 

Бағалау критерийлері:

 Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
























































































































Соңы (бекіту)

Ұйымдастыру. Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмып, музыка ырғағымен табиғат сұлулығын көз алдарына елестете отырып, жан тыныштығын табады.

Тыныштық сәті.

Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамда сарқырап су ағып жатыр. Суға беті - қолымды жудым. Таза суынан іштім.

- Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз?

- Күз мезгілімен.

- Дұрыс айтасыңдар!

- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы

- Ал енді қай жыл мезгілі келіп жатыр?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы

- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?

- Әке, ана, ата, әже

- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?

- Аспан, бұлт, машина, ит,

ағаш, мысық, жер т. б

- Балалар, қалай ойлайсыңдар,

күн, су, ауа керек па?

- Ия, күн, су, ауа бізге керек.

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?

- Табиғат

- Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат болып.

- Қане бәріміз қайталайық.

- Өлі табиғат және тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм, жаңбыр жатады.

- Ал тірі табиғатқа: адамдар,

құстар, өсімдіктер, гүлдер, жан - жануарлар, балықтар жатады.

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар!

Жұмбақ

Аспан түстес сұйық,

Әркім ішер құйып. (су)

(Осы сәтте магнитофон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).

- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.

(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)

Ғажайып сәт

- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.

- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.

Балалар сәлемдеседі.

Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді.

- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.

- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?

- Тамшы: Әрине білгім келеді.

- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.

Балалар экранға назар аударады.


Слайдпен жұмыс.

- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.

- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.

Сергіту жаттығуы

- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.

(Балалар "Жау, жау жаңбыр"әнінің әуенімен би билеп, сергіту жаттығуын орындайды.)

Олай болса судың қасиеттерімен танысайық, суға тәжірибе жасайық.


Тәжірибе жасау

1."Су - мөлдір"

Ортаға екі бала шығып су мен сүтке тәжірибе жасайды.

Стаканға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылайды.


2."Суда дәм жоқ"

Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді.

Суға қант және тұз қосып дәмін татады.


3."Су - түссіз"

Стакандағы суға әртүрлі субояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау.


4."Судың иісі жоқ"

Балалардың алдына екі стакан қойылады. Оның біреуінде су, екіншісінде ванилин қосылған су құйылған. Яғни:"Судың иісі жоқ"


5."Судың күйі". Мұздың қатты су екендігін бақылау үшін, тоңазытқыштағы қатқан мұзға бақылау жүргізеді.


6."Тұрақты пішіні

болмайды"Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылау.

7. Бу - бұл да су. Будың да су екендігін ұғыну үшін қайнатылған судың үстіне әйнекті ұстап, одан тамшы пайда болатынын байқау.

- Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қайталап айтайық, судың қандай қасиеттері бар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Қимылды - қозғалыс ойыны:"Жел мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге жел дегенде сендер жүгіресіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

(Балалар "Жел мен жаңбыр" ойынын ойнайды).

Шығармашылық жұмыс

"Жаңбыр" тақырыбына сурет салу.

(Балалар көк бояуға саусақтарын батыру арқылы жаңбырдың суретін салады.)

Тамшы: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!

(Балалар қонақпен қоштасады.)

- Тамшы, саған да көп рахмет!

Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың.

Келесі кездескенше қош сау бол!

Дидактикалық ойын:"Су кімдерге немесе нелерге қажет?"

Ойынның шарты: Суды қажет ететін заттарды табу. Мысалы: гүл, балық, жануар, кітап, қалам, адам т. с. с.

(Балалар ойынға белсене қатысады.)

- Ал балалар, су туралы кім қандай мақал - мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?


1. Судың да сұрауы бар.

2. Су анасы - бұлақ

Сөз анасы - құлақ

3. Сумен ойнама - батарсың

Отпен ойнама - жанарсың

4. Сулы жер - нулы жер

5. Су - табиғаттың ажары

Су - тазалықтың досы

6. Суды шашып ойнама


Қорытындылау:

- Су қандай табиғатқа жатады?

- Өлі

- Бізге қонаққа кім келді?

- Тамшы келді.

- Адамдарға су не үшін керек?

- ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз.

- Өсімдіктер, жануарлар, балық -

тар сусыз өмір сүре ала ма?

- жоқ

- Судың иісі, дәмі,, түсі бар ма?

- жоқ

- Адамдар қандай су ішеді? Тұщы су ма, ащы су ма?

- тұщы су

- Ненің суретін салдық?

- жаңбырдың

- Суды үнемдеу керек пе?

- ия

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады.

Кері байланыс:

Нені білу керек: Суды үнемдеуді, суды ластамауды;

Нені игереді: Саусақ арқылы сурет салуды, судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;

Нені білді: Сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді.










































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қазақстанның экологиялық проблемалары»

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары туралы білімдерін тереңдетіп, таным белсенділіктерін арттыру.

Сынып сағатының міндеті:

Семей, Байқоңыр, Арал тағдыры - адам тағдырымен тікелей байланысты екендігін ұғындыру. Оқушыны шығармашылық ізденіске баулу.

Бағалау критерийлері:

Қоршаған ортаны экологиялық жағынан таза бүлдірмей ұстауға тәрбиелеу. Топта жұмыс жасауға үйрету.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

 Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, Семей, Арал, Байқоңыр, Каспий суреттері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)






Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі








































Соңы (бекіту)




І кезең. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау, дәптерлерін тексеру. Тақырыбы: § 50. Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар)

Сұрақтар:

1.Адам экологиясы қай кезден бастап зерттеле бастады ?

2.Қазақстанның қай жерінде радиоактивті ластану байқалады ?

3.Экологиялық нашар аудандарға қандай шаруашылық түрі дамыған жерлер кіреді?

4.Экологиялық проблемаларды шешуге бола ма?

Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.

Оқушылардың берген жауаптарын бағалайды.

. Қазақстанның экологиялық проблемалары.

  • Экологиялық проблема дегеніміз не?

  • Экологиялық проблемалардың туындауына қандай себептер әсер етеді деп ойлайсың?

  • Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары неліктен кеш қолға алынды?

  • Медициналық география нені зерттейді? Экологиялық жағдайдың адам денсаулығына әсеріне болжам жасау.

  • Қала мен дала экологиясының айырмашылығы бар ма?

  • Радиоактивті ластанудың денсаулыққа зияны бар ма? Радиоактивті ластанған жерлер туралы не айта аласыңдар?

  • Республика жерін қанша экологиялық аудандарға топтастыруға болады? Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын айтыңдар.

Бейнебаян көру. Тақырыбы: «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ» (оқушылармен ой бөлісу).

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі.

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ.






Аралдың экологиялық проблемасы

Рисунок 6

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі (1960-2010 жж.)

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақтакүріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты

Венн диаграммасы

білемін
не білдім
білгім келеді.


































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Білім көзі кітапта»

Сынып сағатының мақсаты:

кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Сынып сағатының міндеті:

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Бағалау критерийлері:

Кітапты күтіп ұстауға, адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Балалар ақын-жазушыларының суреттері, кітап туралы нақыл сөздер жазылған плакат.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру




Алғашқы сөз (кезең)











Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі










































Соңы (бекіту)

Мұғалім: Әдеби кітаптар мен оқулықтар — білім көзі, рухани қазына. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның көп болса, көп биіктерге жетесің. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаған. Кітаптың пайдасы туралы, оның қалай жасалатыны туралы білгендеріңді ортаға салыңдар, балалар!

Әдеби монтаж

1.Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

Мұғалім:

Оқушылар ортаға кітапты шақырайық

Кітап (Әлисұлтан):

Балалар, мен білім көзі кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек етеді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз жасайды. Авторлар кітапқа әңгіме, өлең, ертегілерін жазады, суретшілер суретін салады. Баспахана кітапты басып шығарады.

Мұғалім:

Кітап сен бүгін бізге қонақ бол, біздің балалар кітаптың қалай жасалатыны туралы, кімдердің еңбек ететіні туралы айтып берсін. 1-сынып оқушыларының өнері мен білімін тамашала.

Білім көзі кітапта
1. Қазақтың үш биін ата.
2. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?
3. Абай атамыздың әжесі кім?
4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман батыр кім?
7. Жыл атауынан құр қалған жануар?
8. 22 - қыркүйек қандай мереке?
Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте – деп,
Келесі кезең «Өлең – сөздің патшасы».
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын айтып, көрініс көрсетіп,
өлең айтады.


Викториналық сұрақтар

1. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана), 2. Кітап күні қашан аталып өтіледі? (23 сәуір), 3. Қазақ даласында алғаш метеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин), 4. Шығарманың алдындағы кіріспе мақала қалай аталады.? (Алғысөз) 5. Кітаптың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация), 6. Кітап туралы, оның шығуы туралы мәлімет беретін бет қалай аталады? (Титул) 7. Қазақтың әліппесін алғаш жазған кім? (А. Байтұрсынов), 8. Ұлттық теңгеміз қашан айналымға түсті? (1993 жыл 15 қараша), 9. Қазақстан туының авторы? (Ш. Ниязбеков), 10. Өзі тамақ пісіретін қазан? (Ұр тоқпақ)


. Сөзжұмбақ

А

й

г

ө

л

е

К







М

ұ

ғ

а

л

І

М











Т

Ө

л

е

б

и







А

б

а

й







Ш

о

П

а

н

а

т

а


К

і

т

а

п

Х

а

н

а









А

қ

қ

у






Ұ

л

а

Н












А

т






Ой өрісті серігіту. Түрлі-түсті гүлдердің үстіндегі тапсырмаларды ала отырып, кітап туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтады. (Мысалы кітаппен кеңес – білімдімен теңес; Кітап – білім бұлағы, білім-өмір шырағы; Кітап оқу да – өнер. Кітап – ұлы үйретуші. Ой маржаны кітапта Білім тозбайды, білімді азбайды. Кітап оқымаған, ештеңе де ойламайды. Кітап оқу жабдығы, білім сандығы.Кітап таусылмас азық. Кітап жан айнасы. Кітап айдың талмас қанаты. т.б. ).

Кітаппен кеңес, білімдімен теңес деп бекер айтпаса керек. Кітапты көп оқысаң көп білесің баршаңызды кітаппен дос болуға шақырамын.






















Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Әлеуметтік желі мәдениеті»

Сынып сағатының мақсаты:

Мектеп оқушыларына компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны туралы саналы ұғындыру, білімдерін нығайту және компьютедің зиянымен пайдасын ажырата білуге

тәрбиелеу.

Сынып сағаттарының міндеті:

  • Компьютердің зияны мен пайдасы туралы толық ой қалыптастыру;

  • Өз ойларын тиянақты айта білуге, бір-бірін тыңдай білуге

машықтандыру.

Бағалау критерийлері:

- Компьютердің денсаулыққа зиянды жақтарын саналы ұғынып, оның пайдасы мен зяинды жақтарының ара-жігін

ажырата алады.

Сынып сағатының түрі:

Теле-көпір

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Ғаламтор, мультимедиялық құрылғы, слайдтар, микрафон

Функциональдық сауаттылық:

Компьютерлік сауаттылық

Оқушылардың білім, білік дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы

Жүру барысын алдын ала үйлестіру






Алғашқы сөз (кезең)





Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі













Соңы (бекіту)

Теле-көпірге алдын ала жоспарлы түрде байланысқа шығатын қатысушылар шақырылады (мысалы, блогерлікпен танымал болған тұлғалар, компьютер ойындарының «құрбаны» болған адамдар, компьютер арқылы өз кәсібін дамытып отырған жандар болуы мүмкін. Кейбір жағдайда оқушылардың ата-аналарын да қатыстыруға болады). Қатысушылармен экранда еркін пікірлесу үшін бөлме ішінде барлық ұйымдастыру шаралары жасалынып, керекті құралдармен жабдықталады.

Жүргізуші шара мақсатын айтып, кездесуге қатысушыларды таныстырып өтеді.

Экраннан компьютердің зиянды жақтары мен пайдалы жақтарын сипаттайтын бейнематериал көрсетіледі.

Бейнематериал сілтемесі https://youtu.be/DN1QrtoK3Jc


Бұл кезеңде екі жақ арасында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, пікірлер талқыланады.

Үлгі сұрақтар:

  • Компьютердің айқын артықшылықтарына қарамастан, оның адам денсаулығына теріс әсері туралы белгілі.Осы орайда, компьютермен жұмыс кезінде ең басты ескеретін мәселе қандай болмақ?

  • Компьютерге еркінен тыс тәуелді болып "байланудан" сақтану жолдары қандай?

  • Компьютердегі жұмысты регламенттеудің артықшықытары қандай болмақ?

  • Компьютердің «құлағында ойнайтын керекті маман болудың» жолдары қандай? Ең негізгі деген қандай программаларды білген дұрыс?

Кері байланысты «Мен саған, сен маған» әдісімен жүргізу, теле-көпірді қорытындылау. (Бұл жерде оқушылардың ата-аналары қатысқан

жағдайда «Отбасылық құндылықтар» сәйкестендіру кестесін қолдануға болады)


Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қош келдің, Әз Наурыз»

Сынып сағатының мақсаты:

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:


Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру



Алғашқы сөз (кезең)


Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі





















Соңы (бекіту)

Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын


Жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ:
6 – сұрақ: Жұмбақ . Ағаштардың көсемі Мәңгі жасыл бұтағы.

 Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік.(Әр жұп өз өнер)
 «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.

1Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,.
2
 Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.
3. Көрсетті өнерлерін жаңа ғана, Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.
4.Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Хормен: Наурыз! Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау балыңыздар!


Ниеттеріңіз ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз
Тұнық болсын суымыз. Әумин!



Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Ана өмір шуағы»

Сынып сағатының мақсаты:

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу

Сынып сағатының міндеті:

, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Бағалау критерийлері:

Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру




Алғашқы сөз (кезең)



Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
































Соңы (бекіту)

Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. 


Психологиялық сәт: Жүректен - жүрекке « Маған ең қымбат жан»
- Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де - ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез - келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан - жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана - мәңгілік тақырып.

Міне, сол себептен біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Ана-бақыт, ана-нұр» деп аталады.

(Нұрасыл, Қарақат, Санат)

«Анашым» әні хор
4. Мақал- мәтелдер

(Мақал-мәтелді құрастыру)

Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады. 

Анаңа ауыр сөз айтпа, 
Атыңа ауыр жүк артпа.

Ана көркі алдындағы баласы, 
Қала көркі үйі, орман-ағашы.

(Формативті бағалау «алтын сақа»)

Постер қорғау

Менің анам қандай? (Ассоцация)

Анамның ақ сүтін қалай өтей аламын? (Фишбоун)

Бақытты ана (сурет салу)

(Формативті бағалау «екі жұлдыз, бір тілек»)

Қорытынды.

Мұғалім: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде мәңгі тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты ол -ана.











































Сыныбы:2

Уақыты:17.02.22

Сынып жетекшісі: Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

Жаман мен жақсы. «От пен су»

Сынып сағатының мақсаты:

Өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде түсініктер беру. Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.

Бағалау критерийлері:

 оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

ауызша журнал, сюжетті суреттер, плакаттар, тірек –сызба, макет

Жүру барысын алдын ала үйлестіру
















Алғашқы сөз (кезең)









Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі















Соңы (бекіту)

Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды?
Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.
От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар?
Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу.
Мұғалім: «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас.

 « Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;

5-бет.»Ойыннан от шығады» атты бұл бетте Дидар баланың шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын тістейтіні туралы сөз етеміз.


Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?


Мұғалім:От туралы мақал –мәтелдер айтайық.
1-оқушы:1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
2-оқушы:1.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
2.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
3-оқушы:1.Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.
4-оқушы: От пен су –тілсіз жау.
5-оқушы:Өзі саққа құдай жақ.
6-оқушы:Сақ жүрсең сау жүрерсің.
7-оқушы:Сақтықты сұңқырдан үйрен.
8-оқушы: Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында.

Мін, балалар бүгін біз «От –пен су тілсіз жау» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер.


































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Жасыл шырша жанында»

Сынып сағатының мақсаты:

оқушылардың жаңа жылды көңілді, тамаша қарсы алуына

жағдай туғызу.

Сынып сағатының міндеті:

Өз өнерлерін көрсетуге, достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері:

тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

балық макеттері, жаңа жылға байланысты суреттер тағы басқа рөлдерге керек заттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру







Алғашқы сөз (кезең)





Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі






















Соңы (бекіту)

Армысыздар ардақты ағайын, ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!

О, жарандар, қараңдар

Естімеген естіңіздер,

Көрмегендер көріңіздер

Тыңдамағандар, тыңдаңыздар.

Келді, міне, сағындырып далама

Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып,

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып


Бармысыздар замандас бауырлар!

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де, көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!


Ән: « Жаңа жыл »

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Қуаныш, бүгін мереке,

Тойланып жатыр ортада.

Әдемі, әсем киінген,

Балалар гүлдей жайнайды.

2.Тыңдаңыздар, барша жан!

Жиналыңдар ортаға.

Қол ұстасып бірлесіп,

Мерекелік думанды

Ән-шашумен бастайық.

Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (балалар айқайлайды.)

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар жаңа жыл келеді).





Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын, көк туымыз желбірей берсін!

Кері байланыс: Оқушылар шырша жырын айтады.

















































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Көшеде сақ бол!»

Сынып сағатының

Оқушыларға көше қатынасы, жол белгілері ережелерін меңгерту.

Оқушылардың жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді дағдыға айналдыру.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларды көшеде жүру ережесін, жолда жүру мәдениетін есте сақтауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

- Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интерактивті тақта, карточка, жол белгілері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

(слайдтан көрсету) Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі – бағдаршам.

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Бағдаршам аты

Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанмен заты

Өзінде көп көзі бар

Тұрады ол дәйім

Бұрышында жолдың

Қиып өткен сайын

Қарайтұғын балғын

- «Жолдан өте біл» бекеті

Бұл бекеттің шарты: Үш оқушы бірдей тапсырма орындайды. Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозғалмай тұрып қалады.

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау - саламат жүреміз.

1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

3.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

1.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? (аялдамада)

2.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

(14 жастан)

3.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтат алмай, адам өміріне қауіп төнеді)





Алғашқы сөз (кезең)





Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


























Соңы (бекіту)

1.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

2.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

(ішімдік ішкен жағдайда)

3. Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

Слайдан суреттер беріледі.Оқушылар өздеріне берілген белгілерді анықтап айту керек.


1.Мына белгі нені білдіреді?

(Абайлаңдар, балалар!)



2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса

(сары-дайындал, жасыл жүруге рұқсат, қызыл-тоқта)

3.Мына белгі нені білдіреді?


(жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)


4. Мына белгі нені білдіреді?

(жылдамдықты азайту белгісі)



5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)


Міне біздің «Жол әліппесі» атты тәрбие сағатымыз да өз мәресесіне жетті.

Айналайын абайла

Жан-жағыңа қарайла

Жол әліппесін әрқашан,

Есте сақта қалайда.

-Кері байланыс:

Нені түсіндім?





















Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Денсаулық зор байлық»»

Сынып сағатының

Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері:

Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Ойталқы,сұрақ-жауап

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі
бақытты.
Денсаулық -- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.


Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

 "Дені саудың - жаны сау" қимыл-қозғалыс ойындары
Денсаулық- ол шынықан
Барлық дене мүшесі:
Ден саулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол  күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті,
Құру үшін сен сауық
Керек мықты денсаулық.


Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»



Алғашқы сөз (кезең)




Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі



























Соңы (бекіту)






































Сыныбы:2

Уақыты:17.02.22

Сынып жетекшісі: Имаканова К.К.

Сынып сағатының

тақырыбы:

Жаман мен жақсы. «Жағымсыз әдет,мінез-құлықтың алдын алу»

Сынып сағатының

оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту;

мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Бағалау критерийлері:

оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейеді;

мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата алады;

Сынып сағатының түрі:

сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, кім жылдам, автор орындығы, сын

тұрғысынан ойлауды дамыту.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 слайдтар, қанатты сөздер, бейнежазба, үнтаспа

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау:Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.

Оқушылар мен ақылды–Ақнұрмын.Ақкөңілмін,тез ашуланам.


Топтастыру

2 түсті стикерлерді бір-бірден таңдап,бірдей түстілер бір топ болады.

Оқушылар стикерлердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді.

«Ой қозғау» әдісі

«Ата ана мен бала» бейне жазбадан көрсетемін.

Жетелеуші сұрақтары:

Мына бейне жазбадан не байқадыңдар?

Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

Оқушылар бейне бойынша өз ойлаын ортаға салады.

Постер қорғау

«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығынан постер қорғау

Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша постер қорғайды

Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын»

Таратылған парақтарды толтыру
Жағымды қасиеттерім , Жағымсыз қасиеттерім
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазамыз.1.Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?
2.Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3.Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4.Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады.

Оқушылар өз бойларында бар жақсы және жаман қасиеттерін парақшаға жазады.



Алғашқы сөз (кезең)


Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі










Соңы (бекіту)


Қорытынды

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнеге тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Кері байланыс:

Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?

Қандай әсер алдың?





































Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні»

Сынып сағатының

1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.

Бағалау критерийлері:

Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру


 Сіздерді 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт - аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді




Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«
Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.
Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
























Соңы (бекіту)


Оқушы:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Оқушы: Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Оқушы: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Оқушы: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Оқушы: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.















Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

Сынып сағатының

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы, басты байлық екендігін ұғындыру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. 

Бағалау критерийлері:

Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

:өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер, брашуралар, кестелер, компьютер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру


Тренинг. Аяқталмаған сөйлем
Бақытты өмір – бұл...
Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады.
Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу.
Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ.
Е-ЕРІНБЕУ
Н- НИЕТТЕУ.
С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ.
А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ.
У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ.
Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ.

- Сонымен балалар, біз болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.
Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін валеологизациалау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
1 слайд.
«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль.
«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз...»/ В.И.Вернадский
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.
2 слайд.
Біздің елімізде 17 млн адам бар, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
3 слайд.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқымқуалаушылық.
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
6. Тазалықты сақтамау.
7. Отбасындағы кері жағдайлар.
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
4 слайд.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
8. Эмоциялардың оң болуы.



Денің сау, ғұмыр жасың ұзақ,
Ауруға 4 нәрсемен құрсақ тұзақ. Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ,- дей келе «Денсаулық- зор байлық » деген мақалдың мәні осында.
Қорыта келдгенде,біздің басымызға төніп тұрған ғасыр дерттерінен,қауіптен сақтануымыз үшін не істеу керек?
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК!!!
Ол үшін: мына баспалдақтармен көтеріліп жетістіктерге жетуден үміттіміз:
ЕРТЕҢГІЛІК ГИМНАСТИКА. КҮН ТӘРТІБІН САҚТАУ. ЖАҚСЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ТАМАҚТАНУ. ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛУ. СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗА БОЛУЫ. ТИІМДІ ДЕМАЛЫС.




Алғашқы сөз (кезең)








Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі










































Соңы (бекіту)




































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі