400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні:

02.09.2025

Сынып: 7 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Менің Отаным-Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;


Құдылықтарға баулу

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік (еңбекті және өзінің басқалардың еңбек нәтижесін бағалау)

Музыкалық және бейне көркемдеу

Интерактивті тақта

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Мұғалім:

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.


Балалар, Отан дегеніміз не?

  • Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР.

  • Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.

  • Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін..


Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.




Сұраққа жауап береді









Ақпаратпен таныса-ды









Сұраққа жауап береді



Өз жауабын тақтамен салыстырады






































Ауызша мадақ

тау







Слайд

Сабақтың ортасы

20 минут

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күнарайқыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.


Қазақстанның «Менің Қазақстаным» атты қазіргі әнұраны 2006 жылдың қаңтарында қабылданған. Ол танымал аттас өлеңге негізделген еді. Әнұранның сөзін жазған авторы — Жұмекен Нәжімеденов және композиторы — Шәмші Қалдаяқов.


Қазақстан Республикасының Конституциясы — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған еліміздің негізгі Заңы.

Ол конституциялық құрылыс пен оның негіздерін, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын, мемлекеттік ұйымдастыру негіздерін, сондай-ақ билікті жүзеге асыруды ұйымдастырудың негіздерін бекітуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы басқа құқықтық актілерге қатысты жоғарғы заң күшіне ие: елімізде қабылданатын бір де бір құқықтық акті (конституциялық заң, ҚР Президентінің Жарлығы, өңірілк құқықтық шығармашылық актісі, сот шешімі және т.б.) Негізгі Заңға қайшы келе алмайды, ал қайшы келген жағдайда (заңды коллизия) Конституция нормалары басымдылыққа ие болады.


Видеоролик көру




Шығармашылық тапсырма


Тәрбие сағатының тақырыбына қатысты мақал мәтел жазу және жаттау

Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.

*** *** *** ***

Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
 
*** *** *** ***

Отан — оттан да ыстық.
 
*** *** *** ***

Отанды сүю — отбасынан басталады.
 
*** *** *** ***

Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.




Қазақстан респбуликасының рәміздері туралы сұрақтарға жауап береді






































30 тамыз мерекесімен байланыстыру




Видеоролик бойынша өз ойын айтады







Шығармашы-

лық тапсырманы орындайды







Жарайсың!

Тамаша!

Керемет!













































Екі жұлдыз, бір тілек
































От шашу


















Слайд



































































Слайд

Сабақтың соңы

5 минут





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.05.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі