400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Сулейменова Ж

Күні:


Сынып: 3-сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Заң және тәртіп

Құндылықты дарыту

Оқушыларға заңның қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіру.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағы

«БАССЕЙНДЕГІ НЕМЕСЕ СУДАҒЫ ЖАРАҚАТТАР МЕН КЕЗДЕЙСОҚ ОҚИҒАЛАРДЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ?»


Мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Балалар шеңберге тұрып айтады:

Біз тәртіпті боламыз,
Жақсы оқып, толамыз.
Заңды сыйлап әрқашан,
Үлгілі бала боламыз!

II. Кіріспе бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Заң дегеніміз не?

Заң мен тәртіптің қоғамда алатын орны қандай?

"Заң бәріне ортақ" деген ұғымды талдау.

Сұрақ-жауап:

Заң бұзушылық дегеніміз не?

Қоғамдағы тәртіпті сақтау үшін біз не істеуіміз керек?

Мұғалім:
— Балалар, әр елдің өз заңы болады.
Заң — адамдардың дұрыс өмір сүруі үшін қойылған ереже.
Ал тәртіп — сол ережені сақтау.

Мысалы:

мектепке кешікпеу;

үлкендерді сыйлау;

тазалық сақтау;

өтірік айтпау;

жол ережесін сақтау — бұлардың бәрі тәртіпке жатады.



Тапсырма: Құқық және міндеттерді сәйкестендіру


Тапсырма:
Оқушыларға екі бағаннан тұратын кесте беріледі. Бір бағанында құқықтар, ал екінші бағанында міндеттер жазылған. Оқушылар әр құқыққа сәйкес міндетті табуы керек.
Мысал:

Құқық: Білім алуға құқығы бар.

Міндет: Мектептің ішкі ережелерін сақтауға міндетті.


презентация

Сабақтың ортасы

Сұрақ-жауап

Заң дегеніміз не?

Тәртіпті адам қандай болады?

Мектепте қандай ережелер бар?

Үйде ата-ананы тыңдау керек пе?

Жолда қалай жүру керек?

Негізгі бөлім

«Жақсы мен жаман» ойыны

Мұғалім жақсы және жаман әрекеттерді айтады.
Балалар жақсы болса — қол шапалақтайды, жаман болса — үндемейді.

Мысалдар:

Үлкенге көмектесу

Сабақтан кешігу

Қоқысты жерге тастау

Досыңмен тату болу

Өтірік айту

Кітапты күтіп ұстау

Мақал-мәтелдер

Оқушылар мақал айтады:

«Тәртіп — тәрбие бастауы.»

«Әдепті бала — арлы бала.»

«Заңды сыйлаған — елін сыйлаған.»

«Тазалық — денсаулық кепілі.»


Құқықтық жағдайды талдау

Мақсаты: Қандай заңбұзушылық орын алғанын анықтайды.

2.Оған қатысты заң нормаларын ұсынады.

3.Жағдайды қалай шешу керек екенін жазады.


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Жағдаяттарды талдау

1-жағдаят

Сыныпта бір оқушы сабақ кезінде қатты сөйлеп отыр.
Сен не істер едің?

2-жағдаят

Көшеде бір бала қоқыс тастады.
Не айтасың?

3-жағдаят

Досың үлкен кісіге орын бермеді.
Сенің әрекетің қандай?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Сергіту сәті

Тәртіпті боп жүреміз,
Сабақты біз білеміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Жақсы бала боламыз.

Қорытынды бөлім

Мұғалім:
— Балалар, тәртіпті болу — әр адамның міндеті.
Тәртіп бар жерде тыныштық, сыйластық болады.
Заңды құрметтеген адам — елін құрметтеген адам.


Жағдаяттарды талдайды.

Жағдаяттарды талдап, ойларын айтады.









Сергіту сәтін жасайды.


презентация

Қауіпсіздік сабағы

Пайдалы сілтемелер: https://www.youtube.com/watch?v=PICFK4DlNcs Судың жанында өзін қалай дұрыс ұстау керек? https://youtu.be/jINARbG1LaM?si=d_6Zx602rzZ R-9Ag









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.06.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі