400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық валюта күніне тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

15-қараша теңге күні. Теңге-тәуелсіздік келбеті.

Күні

10.11.2026

Класс жетекші:

Икрамшина Г.Б

Класс: 6В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Теңге-табыс пен жақсылықтың кілті,бірақ оны құрметпен жұмсасаң ғана бақ әкеледі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы

туралы,оның шығу тарихы, негізгі қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, одан әрі дамыту, елімізді құрметтеу, жан-жақты даму, патриоттық сезімді дамыту.


Құндылықтарды дарыту

Тапсырма орындау барысында табандылық,еңбекқорлық жауапкершілікті сезінуге баулу

Рәсімдеу

Бейнежазба

Презентацияға қажетті материалдар

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Қимақағаз

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

  • Дәйексөз

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


  • Сәлемдесу: Оқушылармен амандасып, олардың көңіл-күйін білу

Амандасу

Компьютер, ноутбук


Сабақ басы (10 мин)


Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Теңге-табыс пен жақсылықтың кілті,бірақ оны құрметпен жұмсасаң ғана бақ әкеледі. Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.


 Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер


Ортасы (20 мин)



Негізгі бөлім (20 минут)

Джиксо әдісімен оқушыларға мәтін ұсынылады

1 топ-Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. XVI-XVIІІ ғасырларда

мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды.

Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан.

Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.


2-топ Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3

теңгелікте Сүйінбай, 5теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500,1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.



3- топ

Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайды. Банкноттар –Алматы,монеталар-Өскемен қалаларында шығарылды. Ұлттық бактің мұражайы 1997 жылы 13 қарашада ашылды.Ұлттық өрнектермен безендірілген. Қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Елтаңбамыз салынған.Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар.Валютамыздың топтық жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің дамукөзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.






Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа мәтін беріледі. Әр топ мәтінін келесі топқа түсіндіреді


Банкомат әдісі арқылы төмендегі сұрақтар қойылады




Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?

Қазақ теңгесі қайда басылды?

Ұлттық банктің мұражайы қашан ашылды?

Теңгенің неше қорғаныс құпиясы бар?

Теңгеге байланысты қандай мақал-мәтел білесіздер?

Банкнота мен монета ҚР қай қалаларында шығарылды?




Қызықты есептер




постер

Соңы (5 мин)



Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Қимақағаз














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.06.2026
10
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі