400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Педагогтің аты-жөні:

Аубакирова А

Күні:

30.09.24ж

Сынып: 

4  «м»         Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

«Ақылы дария - Қариялар»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Құндылықтар

Ар-ұят  Ата ананың өсиетін тыңдау,отбасы татулығы  мен берекесін қадірлеу,перзенттік парызын өтеу

Дәйексөз

«Ел-жұртымның бақыты аталатын, 

Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!»

Сабақтың барысы

Сабақтың  кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар 

Сабақтың басы 

15 мин


Ұйымдастыру кезең

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Әдеппенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

Жұмбақ шешу

Айтары мол ғұлама,                   Аймалайды «Күнім»деп,

Көп жасаған бұл адам.               Мейірімді жүзі күлім деп.

Әкесі ол әкеңнің,                        «Тәтті-ақ» дейді немере,

Білер оны сұраған,                       Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?    (Ата)                              Ол кім?    (әже)

Олай болса,балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар ?

Сабақ мақсатымен танысады

«Бейтаныс адамға көмек көрсетуге болама?»

Қауіпсіздік сабағы әңгіме жүргізу

Оқушылар зейінін сабаққа аударады


Жұмбақты шеше отырып сабақ тақырыбын болжайды



Сабақ мақсатымен танысады


Қауіпсіздіктері туралы сұхбат 

Слайд









Сабақтың ортасы

25 мин

Жаңа сабақ

І бөлім Ата-әжем мақтанышым 

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады

Ойын: Аялы алақан

ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын

1 оқушы                                                2 оқушы:

Менің әжем,ақ әжем.                    Менің әжем,гүл әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.           Алтын әжем,нұр әжем.

Ертегі айтып бер десем,                Анам үшін,мен үшін,

Айтып береді тағы әжем.               Нағыз әжем,тіл әжем.

3 оқушы:

Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып.

Маған сақтап жүреді,

Тәттіні де жасырып.

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.

4-оқушы: 

Ата-әжем мақтанышым менің де,

Қонақ болып отыр менің төрімде.

Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,

Ән салатын кезім келді менің де.

Ән: Анашым ---------

Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып қариялар.

Дәйексөз. Дәптермен жұмыс

«Ел-жұртымның бақыты аталатын, 

Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!»

Көрініс: «Әке мен бала» көрінісін сахналау

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

- «балам анау не?» деп сұрапты.

- «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

- «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Ойын: Аялы алақан


ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.

а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу

Ойлан! Жалғастыр!

1- Шаңырақ иесі кім? 

2- Кімнің алақаны ыстық? 

3- ....бардың жағасы бар 

4-...... бардың тынысы бар 

5-.....өссе елдің көркі 

6-Әке, ана, аға, апа.....

7-…. не қылсаң,алдыңа сол келер.

8-….. Үй батасыз

9-Атасыз үй - …….

10-..... бар үйдің қазынасы бар

Оқушылар өз ата –әжелері туралы әңгімелейді.




Ортаға бір ата немесе әже шығады. Ол топ арасында балалардың алақанын ұстап, өзінің немересін табуы қажет





Оқушылар жаттауға берілген өлең жолдарын мәнерлеп айтады













Дәйексөзді дәптерлеріне жазып талқылайды






«Әке мен бала» көрінісін сахналайды


(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?) 


1. Әке баласына неге ренжіді?деген сұраққа жауап береді 


2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз? деген сұраққа жауап береді





Оқушыларға жеті атасын айтады






Нақыл сөздерді жалғастырады


Слайд









Суреттер











https://yandex.kz/images/search?img_url=https%3A%2F%2Fsun9-25.userapi.com%2Fimpf%2Fc639223%2Fv639223986%2F2e406%2F


Жұмыс дәптер






Суреттер



















Слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Бекіту 

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Үй тапсырмасы:Ата-әжелеріне ашық хат жасау   

Кері байланыс:

1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды .

2. Сұқ саусақ – мен бүгін  ..........  түсіндім. 

3. Ортаңғы саусақ – мен үшін  .......   қиын болды. 

4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені... 

5. Шынашақ  – Мен ............  білгім келеді.















Кері байланыс жасайды











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.08.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі