М.Атымов атындағы №6
орта мектебі
Тәрбие
сағаты:
«Отбасы – өмір
аясы»

Сынып жетекшісі:
Г.Баскабаева
Тақырыбы: «
Отбасы өмір
аясы»
Мақсаты: -Әр балаға өз отбасынан
қадірлеуді, сыйлауды, үлкенді үлгі
тұтуды, кішіні мақтан
етуді, отбасының бірлігін сақтап, ата-анасын мақтан тұтуды
үйрету.
-балаға отбасы мүшелерін таныстыру,
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, алтын-күн?
Амансың ба, жер-ана?
Амансың ба,көк аспан?
Аман болсаң, қуанам!
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып,қанат қағар ұясы, алтын
бесігі.Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның
біріншісі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді
тәрбиелеп өсіру. Бала әрқашан ата-анадан
жүрек-жылуын,мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің
тірегі санайды.Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі –өнеге
көрсетуші ,және ақыл-кеңес айтушы болып
танылады.
І.Ендігі кезекте балаларға сұрақ
беріледі.
-Отбасы дегеніміз не?
-Отбасы кімдер құрайды?
ІІ.
Тақпақтар
Мақал-мәтелді
жалғастырып
айту,ата-анаға
1.Балалы үй базар,
…………………………………………………..
2. Ана сөзін тыңдамаған қыздан без,
……………………………………………………………
3.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,
………………………………………………………………
4. Әке көрген оқ жанар,
……………………………………………………………..
5.Ата-ананың қадірін,
…………………………………………………………………
6.Атаңа не
қылсаң,………………………………………
7.Қыз өссе,елдің
көркі.
…………………………………………………………………………
«Отбасы» деп аталатын сөзжұмбақ
беріледі.
1. Алтын ұяңызды
атаңыз? Отан
2.Әкеңіздің әкесін кім дейсіз?Ата
3.Ақ тілекті не дейміз? Бата
4.Ініге қамқор адам кім? Аға
5. Кіші қыз баланы қалай атайды? Сіңілі
6. Жақындарыңызды кім дейсіз?
Туысқан
V. Ана-аналарымызға
сұрақ беріледі,өз бетінше таңдап жауап бересіздер.
1.Балаңыз сіздің күлімдеп, тұрғаныңызды сезіну керек, ол үшін сіз
балаңызды таңертең оятқанда жайлы, баппен оятасыз ба?
2.Балаңызға мектепке барар алдында сенімділікпен, сәттілік тілейсіз
бе?
3.Балаңыз бірдене айтқысы келді, қарсы болып тыңдамаған күніңіз
болды ма?
4.Балаңыздың досын білесіз бе?
5.Балаңыздың өзіңізді қуантатындай іс-әрекетін айтыңызшы?
6.Баршы ,қолым бос емес! Сияқты шектеулерді балаңызға қаншалықты
жиі айтасыз?
7.Жаным менің!Қуанышым !
«Сенің қолыңнан бәрі келеді» деп балаңызға бауыр етіңізді елжіретіп
айтқан күніңіз болды ма?
Рахмет,сіздершге
ата-аналар.
Би
«Қамажай»
-Ал, кәнекей,балалар біз
сонымен қандай тақырыпты қамтыдық еске түсірейікші.
-отбасы
-Отбасы мүшелерін кімдер құрайды?
-ата,әже,әек,ана,аға,апа,іні.
-Бәріміз қандай отбасымыз?
-бақытты отбасымыз
-Біз қай елде тұрамыз
-Тәуелсіз Қазақстанда
Бүгінгі апталығымызда отбасының қадір-қасиеті туралы түсіндік.
Отбасы-кіші отанымыз.Осы отада тату-тәтті,өмір сүрейік, және
бауырларымызбен бақытты өмір кешіңіздер деп бүгінгі тәрбиелі
сабағымызды аяқтаймыз.Келгендеріңізге көп-көп рахмет.Сау
болыңыздар.