Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.


Мақсаты1.Білімділік:

Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем,

ұтымды сөйлеуге үйретіп, олардағы негізгі ойды білдіру
.

2.Дамытушылық:

Оқушылардың тіл байлығын арттырып,ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:Адамгершілікке,адалдыққа тәрбиелеу.Ата-бабала-

рымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік

өнер арқылы өз елінің тарихын білу,әдет-ғұрып, салт-дәстүрді 

сыйлауға баулу. 


Әдіс-тәсілдер: Сайыс түрінде.


Көрнекілік құралдар: Плакаттарға жазылған нақыл сөздер.


Барысы: 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды. 

-Сәлеметсіңдер ме? Құрметті оқушылар!

-Асыл сөз көп халықта,

Іздеп жүрер құлаққа.

Іздеген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа.


-Мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Ендеше, «
1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын ашық деп жариялаймын.

І-кезең. 

І қатар

1.
Еңбектің наны тәтті…..

(жалғасын оқушылар жалғастырады
.)

2.Білікті бірді жығады…

3.Өзге елге ұлтан болғанша…

ІІ қатар

1.Ата көрген оқ жонар…

2.Балапан ұяда не көрсе…

3.Гүл өссе-жердің көркі…

ІІІ қатар

1.Отансыз адам…

2.Ел іші…

3.Отанды сүю…


- Сайыскерлерімізді ортаға шақырып , алғашқы айналымды бастаймыз. Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Аз ұпай алған ойыншы, ойыннан шығады.

1.Туған жердей жер болмас...

2. Бірлік болмай...

3.Оқу – білім бұлағы...

4.Туған жердің күні де ыстық...

5.Еңбек етсең ерінбей...

6.Оқусыз білім жоқ...

7.Жүз теңгең болғанша...

8.Еңбек түбі береке...

9.Тіл тас жарады...

10.Оқу инемен...



  • Ойыннан шығушы сайыскерімізге шағын сыйлығымызды ұсынамыз.




ІІ- айналым.

Ортада екі мақалшы ғана қалады. «Соль» кілті салынған суреттердің астынан шыққан сөздерден мақалшыларымыз мақалдар құраулары керек. Көп құраған ойыншымыз жеңімпаз атанады. Ойыннан шығып қалған мақалшымызға шағын сыйлығымызды ұсынамыз.

-Ал,енді «
Көрермендер көрімдігі» айдарына да кезек жетті.

Көрермендерге мақалдың бірінші жолы айтылады, олар екінші жолын жалғастырады.

1.Қына тасқа бітеді...

2.Ер ел үшін туады...

3.Жаңбыр жауса жер ырысы...

4.Қоянды қамыс өлтіреді...

5.Ырыс алды қызыл тіл...

6.Әдепті бала- арлы бала...

7.Жақсыдан үйрен...

- Ортаға Абкен Ақботаның орындауында «Ана тілін сүйеміз» әнін қабыл алыңыздар.(Ән орындалады).

ІІ кезең.

-Ал, енді жұмбақшыларымызды таңдайық.

І қатар.

1.Адамға серік,

Күзетке берік.(ит )

2.Құстан аумайды,

Көкке заулайды.(ұшақ)

3.Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды.(жапырақ

ІІ қатар.

1.
Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.(күн)


2.Суда қалқиды, 

Жылуда балқиды.(мұз)

3.Біліммен мол сый-осы,

Балғындардың ұясы.(мектеп)

ІІІ қатар.

1.сырт-сырт соғады,

Уақыт озады.(сағат)

2.Орақ болып туады,

Табақ болып тынады.(ай)

3.Тілі бар өзінде,

Сөзі бар ізінде.(қалам)

-Ортаға үш жұмбақшы шығады. Аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

І-айналым.

1.Білімнің жол басшысы,шәкірттің қолбасшысы.(мұғалім)

2.Сағат сайын соғылады,тек мектептен табылады.(қоңырау)

3.Жұқа тақтай бөлшегі,ұзындықтың өлшемі (сызғыш)

4.Шәкірттің кезгені,білімнің безгені (баға)

5.Төрт қырлы, өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ(бор)

6.Доп сынды келбеті,онда бар түп-түгел,әлемнің әлпеті(глобус)

7.Білім менен тәлім,парақты ашқанда,беттерінен мәлім(күнделік) 

8.Қабы салу,ліні бояу(қарындаш) 

9.Ұшылмен қазық,тор көзді жазық,

Үстіне өттім,асыл сөз жазып.

10.Бірін-бірі қоштаған,бір үйден көрдім,

42 дос жаран. 


Ойыннан шыққан сайыскерлерімізге түрлі-түсті қағаздардан қиып жасалған сыйлықтар ұсынылады.

ІІ-айналым.

Қалған екі жұмбақшыға жұмбақ жасырылады.

1
.Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.(ерін)

2.Қорыққанда жем аяқ,

Отырғанда темірдей-ақ.(қоян)

3.Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.(сәбіз)

4.Күмбез сынды кең сарай,

Еш жерде жоқ тең сарай.(аспан)

5.Өзі ащы,дәмді етер асты.(тұз)

Ойыннан шығушы сайыскерімізге шаңын сыйлық ұсынылады.

-Ортаға Ерғалиева Сабинаның орындауында халық күйі «Секіртпені» қабыл алыңыздар.


-Кезек «
көрермендер көрімдігі»айдарына да келіп жетті.

1.Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер(қол)

2.Жүрсе ізі жоқ,сойса қаны жоқ(қайық)

3.Белі бүкір,алысқа түкір(мылтық)

4.Үй үстінде ұсақ тас(жұлдыз)

5.Жазда қыдырады,қыста тығылады(аю)

6.Оқушыға күнде еріп,жүретін не?(күнделік)

7.Аспан түстес сұйық,әркім ішер құйып(су)

ІІІ кезең.

-Ортаға жұмбақшы мен мақалшы шығады.Жасырылған жұмбақты жұмбақшы шешеді,ал мақалшы соның жауабына мақал құрайды.


1.Аспсннан домалап көп моншақ төгілді,

Бусанып жөн алып,терілді,керілді(жаңбыр)

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

2.Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды(балық)

Балық басынан шірейді.

3.Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бас қойдым(тіл мен тіс)

Өнер алды-қызыл тіл.

Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.

4.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама(кітап)

Кітап-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы...

ІV кезең.

«
Шешендік өнер» айдары.

Жеңімпазға шешендік сөз жасырылады.

- Қожанасыр бір күні сабаққа кешігіп келіпті.Мұғалімнің сұрағына:

-
Ағамның тісін жұлдыртуға бірге бардым,-дейді.

-
Тісін жұлдырған ағаң,оған сенің қатысың не? деген сұрағына

-
Оның тісі ауырғанда,көңілін аулап тұрдым,-деген екен.


-Ендеше,барлығымыз жеңімпазымызды қошеметпен ортаға шақырып марапаттайық.

Жеңімпаз арнайы дайындалған дипломмен марапатталады.

Қорытынды.

-Осымен, сайыс сабағымыз өз мәресіне де жетті.Осындай еліміздің абыройын асқақтатар ұл-қыздары көбейе берсін!

-Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12