400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

С. тақырыбы: «Алматы».

С. мақсаты:

1. Қазақстанның мәдени орталығы – Алматы қаласы туралы мәлімет беру. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары және басқа мәдени, білім орталықтарымен таныстыру.

2. Оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, танымдық ойлау қабілеттерін, білуге деген құштарлықтарын арттыу. Топта жұмыс жасата отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үрету.

3. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

С. түрі: аралас сабақ.

С. әдісі: түсіндіру, хабарлау, сұрақ – жауап.

С. көрнекіліктері: тірек сызбалар, қима қағаздар.



Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу

- оқушыларды түгендеу

- бүгінгі сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
ең бастысы – үнсіз қалма.»

- дайындықтарын тексеру

- психологиялық даярлау: сабақ өту барысындағы ереже:

- тыныштық сақтау;

- сұрақтарға дұрыс, әрі толық жауап беру;

- топтық жұмыста бір - біріне көмектесу;

- бір-біріне кедергі жасамау;

- орынсыз сөйлеп, біреудің сөзін бөлмеу;

- сабаққа белсенді қатысып, үздік баға алу.


II. Үй тапсырмасын сұрау:

- кезекші үйге берілген тапсырмаларды айтып жеткізеді

(Астана).

- сабаққа белсенді қатысып, жұлдызшалар жинап отырамыз, өйткені сабақ соңында жұлдызша саны бойынша бағаланасыңдар

- үй тапсырмасын тексермес бұрын, біз үш топқа бөліну керекпіз. Қатар бойынша: бірінші қатар – «Қабілет» тобы, екінші қатар – «Дарын» тобы,

үшінші қатар «Білім» тобы. Енді осы әр топ өз машинасына мініп, Астана қаласына саяхатқа шығамыз.

- №9-15 слайдтар.

- бірінші топқа тапсырма: Астана қаласының мәдени орталықтарын атау;

- екінші топқа тапсырма: президент туралы қысқаша мәлімет беру;

- үшінші топқа тапсырма: Астана қаласында өздері тұрғызғысы келетін ғимарт кескінін салу.

- ал енді, шаршап қалсақ бой сергітіп алайық

- сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тотырып, бір тұрып.
Біз демалып қалайық.


III. Жаңа сабаққа кіріспе бөлімі:

- жаңа сабақ тақырыбын жұмбақ шешу арқылы табайық:

Елордамыз - Астана қаласы,

Астана - еліміздің жас қаласы.

Республикамыздың алғашқы елордасы,

... еліміздің ол - бас қаласы!

- әрине Алматы.


IV. Жаңа сабақ:

- №19-34 слайдтар

- слайдтар жүру барысында, балаларға баяндау:

- Алматы – Қазақстанның ең үлкен, әрі әдемі қаласы. Ол Іле Алатауының Баурайында орналасқан. Қала шетінде Медеу мұз айдыны бар. Кең көшелер мен даңғылдар, биік ғимараттар қаланы көріктендіріп тұр. Көшелерді бойлай ағаштар отырғызылған және гүлдер өте көп.

Алматы – Қазақстанның мәдени орталығы. Алматы қаласын бойлай Көктөбе тайы да орналасқан, оның биіктігі 1130 метр, ал Көктөбе тауының баурайында Көктөбе телемұнарасы бар, оның биіктігі – 372 метр.

Сонымен қатар, көптеген жоғары және арнай орты білім беру орындары бар. Мысалы: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, ҚБТУ және т.б..

- балалар, қараған слайдтар сіздерге ұнады ма?

- ұнаса мына тапсырмаларды орындап көрейік.


V. Қорытындылау:


- 1 топ – “Алматы” тақырыбына шағын әңгіме жазады.

- 2 топ – Алматы қаласының суретін салады.

- 3 топ – берілген сөздерді байланыстырып

өлең шығарады.


VI. Бағалау:


- “4” деген – жақсы баға

Алады оны жақсы бала,

“5” дегенің – үздік баға,

Алады оны білімді бала

Оқитын бол үздік қана! – деп, қатар отырған балалар бір –бірінің жұлдызшаларын санап, саны байынша бағасын айтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі