400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты "1001 мақал,101 жұмбақ" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып оқушыларына алдын ала тапсырмалар беріледі. Онда әрбір жеке оқушы 100 мақал, 50 жұмбақ дайындап келуі керек. Мақал да, жұмбақ та тән тану пәні бойынша, денсаулыққа, адам ағзасына, он екі мүшеге бағытталуы тиіс. Сайысқа 6 ер бала, 3 мақалшы, 3 жұмбақшы таңдалып алынып, сайысты жүргізуші, сараптаушы топтары сайланады Сайысқа барлық оқушылар қамтылды. Сайыстың шарттарымен таныстырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «1001 мақал 101 жұмбақ»

Тәнтану пәні бойынша салауатты өмір салтына байланысты 2-сынып ұлдары арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өткізілді.

Сайыстың шарты: Сынып оқушыларына алдын ала тапсырмалар беріледі. Онда әрбір жеке оқушы 100 мақал, 50 жұмбақ дайындап келуі керек. Мақал да, жұмбақ та тән тану пәні бойынша, денсаулыққа, адам ағзасына, он екі мүшеге бағытталуы тиіс.

Сайысқа 6 ер бала, 3 мақалшы, 3 жұмбақшы таңдалып алынып, сайысты жүргізуші, сараптаушы топтары сайланады.

Сайыстың барысы:

Мақалшы сайысы. Сайыста пайдаланылған мақалдармен жұмбақтар топтамасы.

«Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы» «Қазаныңа не салсақ, шөмішіңе сол ілінер», «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама», «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды», «Ауру батпаңдап кіріп, мысқапдап шығады», «Ауруын жасырған өледі», «Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый», « Ауырып тұрдың аунап тұрдың», «Сәтін салған ауруға, не болса сол, ем болар», «Тұмау аяғы құрт, тұман аяғы жұт», «Іздеп алған аурудың емі табылмас», «Тазалық – саулық негізі, саулық байық негізі», «Жан ауырса - тән азады, қайғы болса – жан азады», «Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің», «Нан - тамақтың атасы, ынтымақ - көптің атасы», «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде», «Көз - адамның айнасы, астың бар ғой пайдасы», «Емнің алды – еңбек», «Ауырып ем ізегенше, ауырмайтын жол ізде», «Тыста ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің», «Тәннің ләззаты – саулығында, жанның ләззаты біліміңде», «Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман», «Жалқаулық - жаман ауру», «Айналдырған ауру алмай қоймас», «Ауырып жазылған жан олжа, жоғалып табылған мал олжа», «Арық еттің сорпасында дәмі болмайды ақылсыздың сөзінде мәні болмайды», «Жұғын бар жерде – шыбын бар, шыбын бар жерде – шығын бар», «Бас аманда мал тәтті, бас ауырса, жан тәтті», «Сырқат – тән жарасы, қайғы жан жарасы», «Ащы еңбектен тәтті нан», «Жақсы жұмыс жанға тыныс», «Тарта жесең тай қалар, қоя жесең қой қалар, қоймай жесең, нең қалар».

Осымен «мақалшылар сайысы» аяқталып, жеңімпаз оқушы анықталады.

Жұмбақшылар сайысы.

  1. Сауле артында жүз ине,

Десек сөзді жасырдым.

Тапқыр болсаң тауып көр

Қулығымды асырдым (кірпік)


  1. Бір таудың алпыс екі саласы бар,

Он екі жанында қаласы бар.

Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,

Барлығының билеп тұрған анасы бар. (адамның 62 тамыры, 12 мүшесі)


3. Жиырма баласы бар төртеуі ана,

Бірі ұзын бірі- қысқа дара-дара

Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,

Білімпаз мамандығы болған сара.

(2 аяқ, 2 қол , саусақтар)


4. Күбір-күбір қарағым,

Қартайғанша жарадың.

Осы айтқан жұмбақты,

Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ)


5. Қызыл түлкі шықпайды

Өз інінен шықпайды. (тіл)

6. Көсеуім басы ақ күміс,

Тапшы кәне көрелік (саусақ пен тырнақ)


7. Оң қолым, сол қолым,

Бәріде өз қолым.

Тапқыр болсаң, тапшы қане?

Барлығы не болады. (10 саусақ, қол)



Жұмбақшылар сайысы аяқталып, мақал, жұмбақ сайысының жеңімпаздары ортаға шақырылып марапатталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі